Сот жүйесінің жаңа бастамалары талқыланды

Пятница, 31 Июль 2015 05:45 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4243 раз

Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Сот төрағасы  Ұлт жоспары негізіндегі сот-құқықтық реформаларға тоқталды. Нақтырақ, сот жүйесі сатыларын оңтайландыру, судья лауазымына үміткерлерді іріктеу механизмі мен  біліктілік талаптарын күшейту, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, судьялардың жаңа этикалық кодексін әзірлеу мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, аудандық сот төрағасы сот процестеріне алқабилер соты қолданатын салаларды кеңейту туралы  бастамаларды айтты.
 Сот төрағасы ағымдағы жылдың 6 айындағы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша статистикалық мәліметтерді мәлімдеді. Есепті мерзім ішінде аудандық сотқа 797 тұлғадан талап-арыз түсіп, 106 тұлғаға қылмыстық іс қозғалған. Оның аяқталғаны – 564. 37 іс қысқартылып, 17 іс бітімгершілікпен аяқталған. 2 адамға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Оның ішінде 7-уі медиатордың қатысумен өткен.  Баяндама жасаған Қаратау аудандық сотының судьясы Абдулла Сапашев алдағы уақытта  дауларды  бітімгершілік жолмен шешуге баса назар аударылатынын жеткізді. Қазіргі таңда аудандық сот құрамында 7 судья қызмет атқарады.

Құттыбике НҰРҒАБЫЛ

Последнее изменение Пятница, 31 Июль 2015 09:32
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.