Арамызда алаяқтар жүр...

Пятница, 07 Август 2015 05:49 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4828 раз

Адамдарды сан соқтырып, оңай олжаға кенелетіндер туралы аз айтылып жүрген жоқ. Көбінесе пәтер, жер телімін алу, жұмысқа орналастыру секілді қажеттіліктер тұрғындардың көзсіз жылдамдықпен сондай алаяқтардың арбауына түсуіне мәжбүрлейді. Алайда бұл қадамының сәтсіз шығып, соңынан сан соғатынын олар қайдан білсін? Шымкентте де дәл осындай жолмен пайдаға кенеліп, алайда құқыққорғау органдарының араласуымен сотты болып жатқандары жетерлік. 

13.03.2015-Alayaq 32Абай ауданы прокуратурасы осындай қылмыстық істі әшкере етті. Заңсыз пайда табуды көздеп, ірі мөлшерде алаяқтық әрекетке барған сотталушы Б. 2014 жылдың мамыр айында өзінің танысына  Шымкент қаласындағы Асқаров көшесі, №72 үйде орналасқан  пәтерін сататынын айтады. Сөйтіп оны  7 000 АҚШ  долларына бағалайды. Танысының сеніміне кіріп, ірі мөлшерде материалдық залал келтіреді. Мұнымен де шектелмеген тағы бір танысына Шымкент қаласы әкімдігінде қызмет атқаратынын және мемлекеттік қызметкерлер ретінде өзін жарнамалап көрсетеді. Сөйтіп,  оған  қол жетімді бағамен Шымкент қаласында екі бөлмелі пәтер алып беремін деп сеніміне кіреді. Одан алаяқтық жолмен жалпы 600 000 теңге ақшасын иемденіп кетеді.
Ал 2014 жылдың қазан айында сотталушы Б. заңсыз пайда табуды көздеп, бірнеше рет алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдап және сенімге қиянат жасау арқылы иемдену мақсатында өзінің танысы К.-ға Шымкент қалалық жер комитетінде қызмет атқаратынын айтады. Қол жетімді бағамен жер алып беремін және кейіннен өзіне тиесілі емес пәтерді сатамын деп алаяқтық жолмен жалпы 405 000 теңге ақшасын алып кетеді.

Сот тергеу барысында сотталушы Б. өзіне тағылған айыптарды толығымен мойындап, алған қаржылай ақшаны өзінің жеке бас пайдасына жаратқанын жеткізді. Шымкент қаласы Абай аудандық сотымен Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177-бабымен 3-бөлігінің «Б» тармағымен кінәлі деп танылып, осы баппен үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
    Шымкент қаласы тұрғындарына осындай алаяқтардың уысына түсіп, пәтер немесе жер учаскесін заңда белгіленген тәртіппен алуларын ескерткіміз келеді.  
 

Б. Алматов,
Абай ауданы прокурорының
көмекшісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.