Туды қорлағандарға сот үкiмi шықты

Пятница, 07 Август 2015 05:52 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3757 раз

Шымкентте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қоқыс салып тасыған екі азаматқа сот үкімі шықты. Бұл туралы  Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

c8cbf30bc82b29a8d1ef7a7932ebf273Сотталушылар Т.Биболат пен Г.Қалдыбаева 11 маусым күні сағат 16.00 шамасында «Бек-Асыл Сервис» ЖШС-іне тиесілі М.Сайлаубаевтің басқаруындағы «Dong Feng» маркалы, қоқыс жинайтын автокөлігімен Шымкент қаласы Ғ. Иляев көшесінде орналасқан қоқыс контейнерінің жанына келеді. Олар автомашинадан түсіп, қоқыс контейнеріндегі қоқыстарды салып жатқанында, ақ түсті пакетке салынған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын тауып алады. Содан олар туды жерге төсеп, оған қоқыс салып, көлікке арта бастаған.
«Cонымен, Т.Биболат пен Г.Қалдыбаева Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 372-бабымен көзделген қылмыс жасаған, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын қорлаған. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 08.07.2015 жылғы үкімімен Т.Биболат пен Г. Қалдыбаева ҚР ҚК 372-бабымен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына осы бап бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 198 200 теңге мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалған» делінген хабарламада.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.