Батырлар ұлықталды

Пятница, 08 Май 2015 05:17 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 8800 раз

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары туралы буклет жарыққа шықты.  Оны ҚР кәсіптік білім беру  үздігі, инженер-педагог Еркінбай Тыныбеков өз қаржысына Оңтүстіктен аттанған сарбаздар жайлы мәліметтер жинап, шығарды.

1414470975 kairan-erlerҰОС-ның 70 жылдығы қарсаңында облысымыздағы 61 батырдың есімдері мен олардың туған жылдары және жаумен қай жерде шайқасқаны секілді көптеген мағлұматтар жазылған. Е.Тыныбеков жерлестеріміз жайлы мағлұматтар жинау барысында облыстық өлкетану мұражайының, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері қол ұшын бергенін айтады.
Сонымен қатар, өзге де мәлімет көздерінен жинақтаған. 1000 данамен шыққан буклеттің ішінде 51 ҰОС-ның батыры, 9 «Даңқ» орденінің толық иегері және 1 Халық қаһарманы туралы толыққанды ақпарат алуға болады.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.