Қаланың дамуы қарқынды Избранное

Среда, 06 Август 2014 08:27 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4855 раз

Осы аптада Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы өтті. Онда қала  әкімі Дархан Сатыбалды мәслихат депутаттары алдында қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есепті баяндама жасады. Тындырылған тірлік жетерлік.

Алдымен көпшілік назарына 15 минуттық бейнеролик ұсынылды. Қаладағы қыз-қыз қайнаған тіршіліктің барысы, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерге куә болдық.  Одан кейін қала әкімі атқарылған және қолға алынған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Әрине, бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстар қаланың Бас жоспарынан  бастау алды.
Д.Амангелдіұлы әуелі  мәслихат депутаттарымен бірлесе, қаланың жаңа шекарасы бекітіліп, 3 жылдық бюджеттің және тағы басқа да маңызды құжаттар қабылданғанын айтып өтті.

Былтыр қала экономикасына жан-жақты талдау жасалып, қаланың әлеуметтік-экономикалық картасы әзірленді. Бұл құжатта  қаладағы өзекті мәселелер және шеттегі 41 елді мекенді инженерлік жүйелермен қамту жұмыстары жоспарланған. Осылайша, қаладағы бірінші кезектегі өзекті мәселелер анықталып, қаланың 2014-2016 жылғы бюджетіне жаңадан  99 жоба енгізілді (35,0 млрд.теңге жоспарланған).  Жаңа бас жоспар бекітіліп, қала шекарасы    2,9 есеге ұлғайғаны мәлім. 3 ауданнан 146 мыңнан астам халық қалаға қосылды.  Бұл жергілікті атқарушы органдар тарапынан негізгі күш халықпен жұмыс жасауға бағытталғанын аңғартады. Сол себепті бірінші кезекте, жергілікті атқарушы органдардың штаттық құрылымы 131 бірлікке ұлғайтылып,  3 аудан әкімдігінің функциясы күшейтілген. Қалалық коммуналдық меншікке баланстық құны   7,9 млрд. теңені құрайтын 81 әлеуметтік нысан қабылданды    (44 мектеп,  5 балабақша, 1 саз, 1 спорт мектебі, 22 мәдениет, 8 ауыл әкімдігі ғимараты). Мұнан  бөлек,146,0 мыңнан астам адамның құжаттарын ауыстыру және қайта тіркеу үшін арнайы мобильдік топ құрылған.

 

(Басы 1-бетте)

Әлеуметтік-

экономикалық

дамудың әлеуеті 

Бюджеттің көлемі ұлғайған. Сол себепті өнеркәсіп өнімінің көлемі артып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Мәселен, 2014 жылғы бюджеттің кіріс көзі 81,0 млрд.теңге болса, 2013 жылмен салыстырғанда 21,0 млрд.теңгеге көбейді. Оның ішінде өзіндік кірістер 38,7 млрд.теңге.  Бюджеттің шығыс бөлігі – 81,0 млрд.теңге болып, ағымдағы жылдың 6 айында 34,7 млрд.теңгесі немесе есепті кезеңдегі жоспар 95,1 пайызға орындалды.   

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде өткен жылы 16 кәсіпорын іске қосылып, 1544 жұмыс орындары ашылды.  Биыл бағдарлама аясында  құны 55,2 млрд. теңге 24 жобаны іске асыру жоспарланған. Биыл 16 жоба іске қосылуы тиіс. Нәтижесінде 1514 жаңа жұмыс орыны  ашылады. 

Биыл  бағдарлама шеңберінде құны 55,2 млрд. теңге 24 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, 16 жоба осы жылы іске қосылуы керек.  Нәтижесінде 1514 жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланған.

Бағдарламадан тыс жеке инвестициялар есебінен құны 2,8 млрд.теңге 9 кәсіпорынды іске қосу да межеленген. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау үшін қалада  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жұмыс жасайды.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2014 жылдың 6 айында 107,2 млрд.теңге, 100,1 пайызға жетті. Ауылшаруашылық өнім көлемі 3,1 пайызға, негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 55,5 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 83,2 пайызға, іске қосылған тұрғын үй көлемі 4,2 есе, орташа айлық жалақы 6,2 пайызға өсті.

    Баспана

мәселесіндегі оң бетбұрыстар 

Баспана мәселесі де уақытымен шешіліп келеді. 2013 жыл облыста «тұрғын үй жылы» деп жарияланып, қалада  көлемі 182,3 мың шаршы метр тұрғын пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға ұлғайды. Биылғы жылдың  6 айында көлемі 83,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 есе өсті.

«Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасының шеңберінде 2013 жылы 4,7 млрд.теңгеге  4 350 пәтерлі    64 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Оның ішінде, өткен жылы  986 пәтерлі 18 тұрғын үй пайдалануға берілсе (69,4 мың шаршы метр құрайтын), биылғы жылы     692 пәтерлі 12 тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген.

 

Инфрақұрылымдағы игіліктер істер 

Инженерлік жүйелерді дамыту мақсатында   2013 жылы қала бойынша 7,0 млрд.теңгеге 34 нысанның құрылысы жүргізілді. Биыл  2,7 млрд.теңгеге 7 елді мекенде ауыз су құбырларының құрылысы жүргізілуде және солтүстік су құбырының құрылысын аяқтау жоспарланған.   Электрмен қамтамасыз ету бағытында өткен жылы  1,4 млрд.теңгеге 5 шағынауданда ішкі орамдық және     2 магистралдық желілердің, 1 подстанция құрылысы аяқталды.

Қаланы газбен қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды. Өткен жылы 3,0 млрд.теңгеге 13 шағын ауданға газ құбырлары тартылып, 66,0 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынмен қауышқан. Биыл 11 елді мекенді газдандыруға бюджеттен    3,0 млрд.теңге қаржы бөлінді.   

2013 жылы қаладағы 33 көше қиылысында 51 оң жақ өткел салынды.  «Ордабасы» алаңындағы көпір қайта құрылып, 154 көше орташа жөндеуден өткен. Биылғы жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 2,7  млрд.теңге қаржы бөлініп отыр.

«Ауыл абаттанса, азаматы қанаттанады» деген жақсы сөз бар. Қалада абаттандыру, көгалдандыру  жұмыстары үзілмек емес. Өткен жылы Бәйдібек би ескерткіші маңында, Ташкент тас жолындағы туннельді, 3 көпірді көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Жауын-шашын күндері су алу қаупі  бар 17 жердегі тұйық ирригацияларды жою және Қошқар-ата өзенінің соңғы бөлігіндегі 1,9 км арнасын бетонмен қаптау жұмыстары халықтың көңілінен шыққан тірліктер.

Қаладағы 1-ші, 2-ші категориялы 365 көшенің бүгінде 118-і жарықтандырылған. Оның ішінде өткен жылы  348,0 млн.теңгеге 40 көшеге жарық шамдары орнатылды. Биылғы жылы жаңадан 40 көшені жарықтандыру үшін ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастырылып отыр. 

Білім саласында серпіліс бар 

Білім, мәдениет салаларына ойысайық. Қазіргі уақытта қала мектептері интернет желісіне 100 пайыз қосылған. Білім саласындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесін Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысынан-ақ байқаймыз. Биыл қалада орташа балл 80,1-ге жетіп, өткен жылға қарағанда 2,0 баллға жоғарылады.

2014 жылғы бюджет есебінен   23 мектеп, 5 балабақша, 2 білім нысанын күрделі жөндеуге 2,3 млрд.теңге қаржы бөлінсе, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы» шеңберінде 6 мектеп, 4 балабақшаны күрделі жөндеуге – 1,3 млрд. теңге жоспарланды.

Нәтижесінде ағымдағы жылы 29 мектеп, 9 балабақша,  2 басқа да білім нысандары күрделі жөндеуден өтетін болады. 

 

Мәдениетті

дамыту маңызды 

Мәдениет саласында өткен жылы жергілікті бюджеттің есебінен 15 кітапханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы облыстық бюджеттен №3-ші балалар эстетикалық саз мектебіне акт залының құрылысына 67,0 млн.теңге және жергілікті бюджет есебінен зообақты қайта құру жұмыстарының 2-кезегіне 200,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар атқарылып жатыр.     

Спорт саласында да серпіліс бар. Былтыр шығыс жекпе-жек ойын түрлерінен №11-ші спорт мектебі ашылды. Сонымен қатар, жаңадан 32 спорт алаңша салынды. Ал, биыл жаңадан 74 спорт алаңша салу, №2-ші спорт мектебіне ғимарат құрылысы және №1-ші спорт мектебін күрделі жөндеуге 648,0 млн.теңге қаржы бөлінген.

Қала әкімінің есебін мәслихат депутаттары  оң бағалады.  Депутат Ермек Дәрменов қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын жеткізді. Өз кезегінде қала басшысы да  маңызды мәселелерге атсалысып, қолдау көрсеткен депутаттарға алғысын білдірді.

 Ә.АЙТӨРЕ.

Последнее изменение Четверг, 07 Август 2014 05:33
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: Атаудың да айтары бар »