Көшеңіздің қалай аталатынын, әрине жақсы білесіз. Қонақ шақырғанда ескертіп, қажетті құжат толтырғанда жазасыз немесе атайсыз. Яғни, жиі қолданасыз. Көшеңіздің атауы қандай мағына беретінін, қандай тұлғаның есімімен аталатынын, тарихын білетін боларсыз. Ал, қала шеңберіндегі көше атаулары бойынша танымыңыз терең бе? Бұл мәселеге үстірт қарап, мән бермейтіндер, өкінішке қарай, баршылық. Қалалықтардың жадын жаңғыртып, дүниетанымын кеңейту, қала қонақтарының үшінші мегаполис туралы танымын толықтыруына мүмкіндік жасау мақсатында жаңа айдар ашып отырмыз. Менің қалам, менің көшем... айдарымен шаһар шежіресінен сыр тартып, атаулардың мән-мағынасы мен тарихынан деректер жарияламақпыз. Әрине, оқырман қауым сіздермен бірге. Яғни, сіздерден қаламыздың тарихына қатысты мәліметтерді, көше атауларына қатысты ой-пікірлеріңізді күтеміз.
Атаудың да айтары бар
Четверг, 07 Август 2014 04:14 Автор Редакция Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2605 разРедакция
Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.