Жарқын болашақ – сапалы білімде
Пятница, 05 Апрель 2024 06:47Білімді ұрпақ – ел болашағы. Сондықтан да жас ұрпаққа сапалы білім беруге білім ұялары жауапкершілікпен қарайтыны анық. Бүгінгі таңда Президент өзінің әр Жолдауында ұстаздар алдына үлкен талап қойып, салауатты да сауатты ұрпақ тәрбиелеуге зор жауапкершілікпен сенім артып отыр.
Ойыншық нарығындағы бренд
Пятница, 05 Апрель 2024 06:46Шымкенттіктер Рабиға Байтемірованы жыға тани қоймас, бірақ оның қолынан шыққан ойыншықтар әр шымкенттіктің үйінен табылатыны анық. Ол - қазақтардың қолынан да ойыншық жасау келетінін дәлелдеген кәсіпкер. Оның «Наурыз-пластик» маркалы ойыншықтарды шығара бастағанына 10 жылға жуықтапты. Бүгінде өмірлік серігі екеуі шымкенттік өнімді Қазақстан ғана емес, алыс-жақын шет елге таныту үшін барын салып жүр.
CАУДА ОРЫНДАРЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА
Пятница, 05 Апрель 2024 06:45Қала аумағындағы базарлар «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңында көрсетілген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіріліп, модернизациялаудан өтеді.
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР БАС ҚОСТЫ
Пятница, 05 Апрель 2024 06:44Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысатын компания өкілдері, жобаны үйлестірушілер кездесті. Палата жанындағы құрылыс және логистика салалық кеңесі аясында өткен жиын ұлттық жобаны Шымкент қаласында сәтті жүзеге асыру мәселелеріне арналды. Осы мақсатта мектеп құрылысының бас мердігерлері мен қажет жабдықтарды жеткізушілер ортақ диалог алаңында жиналды.
ТІЛ БІЛГЕН ТІЛЕГІНЕ ЖЕТЕДІ
Пятница, 05 Апрель 2024 06:38Қоғамда ағылшын, қытай, корей тілі сынды бірнеше тілде сөйлеу – жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, тұлға ретінде өсуге және дүниетанымның кеңейіп, мәдени түсіністікті дамытуға ықпал ететін құнды дағды. Жаһандану және технология дәуірінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие маман болу үшін тіл меңгеру үлкен маңызға ие.
ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ...
Пятница, 05 Апрель 2024 06:34Бүгінде үлкен қалаларда тіл үйрету бұрыштары көбейген. Оның ішінде, әсіресе, ағылшын тілі курстарын жиі кездестіресіз. Әр қиылыс, әр шағын ауданнан «Ағылшын тілі курсы», «3 айдағы ағылшын тілі» сынды жазбасы бар маңдайшаларды көріп жүрген боларсыз.
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫ КОЛЛЕДЖІ АШЫЛДЫ
Пятница, 05 Апрель 2024 06:32Шымкентте Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан Жүсіпбек Аймауытұлы атымен аталатын колледждің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оқу орнының ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева және білім басқармасына қарасты колледждердің басшылары қатысты.
«Театр – өнеге көзі, тәрбие ошағы»
Пятница, 05 Апрель 2024 06:31Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Театр – өнеге көзі, тәрбие ошағы» атты өнер кеші өтті. Кешке студенттер, кітапхана оқырмандары, өнерсүйер қауым қатысты.