akenin-danalygy

Халықта «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген қанатты сөз бар. Ащылау айтса да, шындық осы. Осы жағдай Еуропа елдерінде қатты білінеді. Көбіне бір баламен шектелетін елдер уақыт өте жер бетінен жойылудың алдында тұр. Әлемді дағдартып отырған демография мәселесі жері ұланғайыр, халқының саны аз Қазақстанды айналып өтпейді. Қала ғана емес, ауылдарда да бала санын шектеу алаңдайтын-ақ жағдай. Қазақтың Шер-ағасы – Шерхан Мұртаза дүниеден өткенше «Азсың қазақ, көбей қазақ» деп кетті. Бұл ретте біздің қос редакция «Шымкент келбеті» мен «Панорама Шымкента» мақтанса да болады. Әріптесіміз Тағабай Қасымов – 8 ұл-қыздың әкесі. Бүгін балдай тәтті балаларының қызығына тоймай жүрген бақытты шаңырақтың отағасы, белгілі журналист Тағабай Қасымов туралы айтсақ дейміз.

Тағабай 1988 жылы Жетісай өңірінде дүние келген. Айтуынша, кішкентай күнінен мақта теріп, әке-анасына көмектеседі. Университетке түсіп, студент атанғанша, ауылда егістік алқабында шаруамен айналысады. Отбасында 5 перзенттің екіншісі. Мектепте бұзықтау болса да, үздік оқушы болған. Ал, газет-журналға құмарлығы 6-сынып оқып жүргенде басталыпты. Аудандық, облыстық газеттерді жібермей оқып, бұл әдетке, әдеті мамандығына айналған.

– Университетте тек білім қудым. Кітапханалардан шықпай, түннің батқанын, таңның атқанын білмей қалатынбыз. Бұл әрекетімнің де пайдасы көп болды. Біріншіден, оқу орнын жақсы аяқтауға септігін тигізсе, екіншіден, қыдыруға уақыт болмады. Ал, келіншегім Перизатпен әлеуметтік желі арқылы таныстым. Алғашқы күннен отбасыммен таныстырып, сырттай айтқаным бар еді. Әжем тезірек үйленгенімді қалады. Өзімнің де ойым осы еді. Перизатқа 3 айдан кейін ұсыныс жасадым. Екі жақ келісіп, құдаласу мен сырға салу, қыз ұзату дәстүрлерін жасадық. Ол кезде мен 23 жаста, келіншегім 19 жаста болатын. Осылай шаңырақ көтеріп, біздің отбасылық өміріміз басталды, – дейді әріптесіміз.

Оның еңбек жолы 2011 жылы облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінен басталған. Кейін «Оңтүстік Рабат» газетіне жұмыс ауыстырады. 2013 жылдың тамыз айынан «Шымкент келбеті» газетіне келеді. 2014-2016 жылдар аралығында республикалық «Спорт» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметін қатар атқарған. Ал, 2021-2022 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде тілші болған.

– Журналистика саласының маған берері көп болды. Жаза білген адамның жолы ашық, еңсесі биік болары сөзсіз ғой. Мен үшін жұмыс барысында ең алдымын ұлтқа қызмет ету тұрды. Шығаршылықты дамытумен қатар, өзімді жеке бренд ретінде қалыптыстыру – менің басты мақсатым, – дейді ол.

Тағабай Қасымовтың жасы
35-те, 8 баланың әкесі. Өзі «Адамның ата-анасы таңдап берген есім оның өмірінде маңызды рөл атқарады» деген ұстанымда. Тұңғышы Нұрбақыт 11 жаста, 6-сыныпқа көшті. Үйдің үлкені болғандықтан, анасының көмекшісі, бауырларының қамқоршысы. Грек-рим күресінен қалалық спорт мектептері арасындағы турнирлерде жүлдегер боп жүр.

Інжу қызы 3 - сыныпты аяқтады. Нұрайы 1 - сыныпты тәмамдады. Зере 6 жаста. Айкөркем 2021 жылы, Айсана 2022 жылы туылған.

Осы жылы егіз қыз дүниеге келіп, Іңкәр-Сезім деп ат қойды.

– Қыздарымды шығыс жекпе-жек өнеріне: каратэ, дзюдо, таэквондоға бергім келеді. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дейді қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлы. Біздің үйдің де өзіндік ережелері бар. Ол – сыйластыққа, тәртіпке негізделген тәрбие. Үйдегі басты ереже: «Ешнәрсені ертеңге қалдырма». Үлкен отбасы болғандықтан, белгілі бір жүйе, әркімнің өзінің міндеті болуы керек. Отбасымыздың он мүшесінің әрқайсысы жеке тұлға, бір-біріне ұқсамайды. Кейде шаруа атқаратын тұста қыздарым, үлкен ұлым жәрдем береді. Кез келген жұмысты маңыздылығына байланысты бөліп, реттеп аламыз. Бір адам бірнеше міндетті қатар орындауға тырысып, әр істің басын бір шалғанша, бір адам өзінің қолынан келетін жақсы іспен айналысқаны абзал. Балаларыма осыны үйретемін. Тағы бір маңызды нәрсе, ол – спорт. Ұлым Нұрбақыт грек-рим күресіне қатысады. Үйдегі жаттықтырушысы өзім. Таңертең жүгіру, кешкі жаттығуды мүлт жібермейміз. Ойын баласы болған соң кейде доп тебуге, достарымен қыдыруға сұранады. Сондай сәттерде әке мен бала арасындағы келісіммен шешеміз, – дейді көп балалы әке.

Бұл отбасыға да Шымкенттей үлкен қалаға келіп, орнығып кету оңай болған жоқ. Бір ғана қызметпен отбасын асырау, баспана алу мүмкін емес. Бұл отбасы той жасамай, баспана алған.

– Қазір қоғамда жас отбасылардың көбі балалы болуды қалағанымен, кейін оны өсіру, асырау, оқыту, бағып-қағу туралы ойлағанда, бойларын қорқыныш билейді. Демографиялық ахуалды жақсарту үшін алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту керек. Қазақта «Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» деген аталы сөз бар ғой. Әр баланың өз несібесі болады. Ол сол несібесімен дүниеге келеді. Сондықтан, Құдай берген сыйдан бас тартпай, үлкен отбасы болуға ұмтылу керек. Үлкен отбасының ырысы да көбірек болады,-дейді әріптесіміз.

Бүлдіршіндері туралы жүзі бал-бұл жанып әңгімелейтін Тағабай Қасымов көпке үлгі. Қаламы қарымды әріптесіміз жақында ғана Мәдениет және Ақпарат министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Өзі спортшы. Кір тасын көтеруден қалалық, облыстық жарыстарда дараланып жүр. Сегіз қырлы, бір сырлы азаматты мерекемен құттықтай отырып, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.

 

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Бұл заң бұрынғы заңнан өзгерек

Понедельник, 15 Июль 2024 09:55

bul-zan-buryngydan

Халықтың көзі, құлағы һәм тілі – журналистер. Ахаң, қазақтың бас ұстазы Ахмет Байтұрсынов берген сипаттама ешқашан өзектілігін жоғалтқан жоқ. Олар сондай-ақ билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл саланың көп ізденісті, сауаттылық пен білімділікті талап ететіні тағы бар. Сондықтан болар БАҚ өткен дәуірде де, қазір де өз құндылығын жоғалтпай келе жатыр. Келешекте де сол тұғырдан түспейтініне сеніміміз кәміл.

 

СУИЦИД ТАҚЫРЫБЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Дүние жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Сондықтан БАҚ-тың жүйелі әрі сапалы жұмыс істеуі ең өзекті мәселе. Бүгінгі күні мемлекеттің сауатты ақпараттық саясатын құруда бұқаралық ақпарат құралдарының дәстүрлі түрлерін ығыстырып отырған әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарады. Бұрынғы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның сонау 1999 жылы әзірленгенін және ширек ғасыр ішінде БАҚ кеңістігінің айтарлықтай өзгергенін ескере отырып, заң шығарушылар ескі заңға өзгеріс енгізбей, жаңасын жазуды ұйғарды, яғни «Масс-медиа» туралы заң. Содан кейін депутаттар оған екі жүзден астам өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.

Бұрын БАҚ кеңістігінде баспа басылымдары, телеарналар, радиостанциялар, ақпараттық агенттіктер, оның ішінде интернетте ақпарат тарататындар, сондай-ақ интернет-басылымдар ғана тіркелген, бірақ ерікті негізде. Өйткені заңда олар үшін міндетті тіркеу қарастырылмаған. Ал, жаңа заңға «ескі» БАҚ-тан басқа интернет-басылымдар да тіркелуі міндеттеліп отыр. Интернет-басылымдар қызметі ақпарат жинау мен таратуды қамтитын интернет ресурстары болып табылады. Бұл журналистік ережелерді – «БАҚ туралы» заңды сақтау деген сөз.

Қабылданған заңда журналистердің әдеп кодексін біріктіре отырып, медиаиндустрияны дамыту мақсатында БАҚ қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша әлеуметтік-кәсіптік кеңес құру туралы нормалар қамтылған. Сонымен қатар, қабылданған заңда «Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпаратты, өзін-өзі өлтіруге бару тәсілдері мен өзін-өзі өлтіруге шақыру туралы ақпаратты таратуға және (немесе) орналастыруға тыйым салынады» деген норма бар. Бұл да жаңа норма емес, дегенмен заңда бұл тыйым неғұрлым егжей-тегжейлі және суицид тақырыбының БАҚ үшін тыйым салуына немесе суицид туралы жарияланымдар тек мемлекеттік органдардың баспасөз хабарламаларына негізделуіне әкелуі мүмкін дейді мамандар.

Дәстүрлі емес қатынастарды насихаттауға тыйым салатын депутаттардың түзетуі заңға енген жоқ. Алайда, заң жобасын Сенатта қарау деңгейінде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның моральдық дамуына залал келтіру және жалпыадамзаттық, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтарды бұзу фактілеріне мониторинг жүргізу функциясы уәкілетті органның құзыретіне енгізілді. Уәкiлеттi органның бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның моральдық дамуына зиян келтiруiне және жалпыадамзаттық, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтардың бұзылуына мониторинг жасау құзыретiн қосу. Соңғы кездері мәдени және отбасылық құндылықтарды жоюға бағытталған ақпараттық материалдардың таралуы көбейіп кетті. Көптеген статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жасөспірімдер теріс және деструктивті хабарламалар тарататын топтарға тартылуы мүмкін екен. Сол себепті заңға бұл норманың енгізілуі халық сұранысынан туындады десек болады. Норманың іс жүзінде қалай жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

 

ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛДІ

Дегенмен, барлық мәселе қаржыға келіп тірелетіні анық. Бүгінде БАҚ бюджетінің кіріс бөлігінің едәуір бөлігін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс алады. Бұқаралық ақпарат құралдарында да, мемлекеттік емес басылымдарда да мемлекет ақпараттық саясатты дәл осылай қамтамасыз етті. Ал жаңа заң бойынша мемлекеттік емес БАҚ-ты конкурстық іріктеу негізінде гранттық қаржыландыру тәртібі енгізіліп отыр. Гранттарды бөлудің басым бағыттары – балаларға арналған контент өндіру және өңірлік БАҚ-ты дамыту. Гранттық қаржыландырудың жалпы сомасының кем дегенде 2/3-ін мемлекеттік тілдегі контент өндіруге бөлу қажет, бұл қазақстандық БАҚ-қа да қолдау көрсетеді, аудиторияны көбейтуге және контентке қызығушылықты арттыруға септігін тигізеді. БАҚ-ты гранттық қаржыландыру қысқа мерзімді де (1 жылға дейін) және ұзақ мерзімді – 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге болады деп болжануда.

– Біздің елімізде цензураға тыйым салынғанымен, мемлекеттік тапсырыс цензураның жанама түрі секілді еді. Эфирдің көп уақытын, газеттің, сайттардың беттерін мемлекеттік тапсырыс аясында берілген позитивті ақпарат толықтырып отыратындықтан, басқа да сараптамалық, БАҚ-тың көзқарасын көрсететін, проблемалық дүниелер шектелініп қалатын. Ал, гранттық жүйе арқылы шығармашылық ұжымның өз бастамасымен ізденіп, жобалар, бағдарламалар, айдарлар ашып, жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болып отыр. Бұдан басқа көптеген нормалар бар. Дегенмен осы заң қазақ журналистикасын, оның ішінде өңір журналистикасының дамуына белгілі дәрежеде серпін береді деген үміт бар, – дейді белгілі журналист Айдар Құлжанов.

Гранттық қаржыландыру бағыттарының тақырыптарын құрамына барлық мүдделі тараптардың өкілдері кіретін Мемлекеттік ақпараттық саясат жөніндегі комиссия бекітеді. Гранттық қаржыландыру ашық конкурстық іріктеу негізінде бөлінетін болады. Грантқа өтінім беру процесі автоматтандырылады және бір медиа платформа арқылы іске асырылады.

Байқау жеңімпаздарын таңдауды тәуелсіз сараптама комиссиясы жүзеге асырады. Оның құрамын Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі айқындайды. БАҚ-ты гранттық қаржыландыруға қатысты барлық ережелер 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

ЖУРНАЛИСТ МӘРТЕБЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

Жобаның басты артықшылығы мұнда журналистің құқықтары мен міндеттері барынша нақтыланып, журналист мәртебесі тұңғыш рет белгіленіпті. «Журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізілді. Яғни, журналистің құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын, олардың ақпарат іздеу, сұрату, алу және тарату кезіндегі, сондай-ақ «Масс-медиа туралы» Заңда белгіленген өзге де ерекше құқықтарын журналист мәртебесі деп түсіну керек», делінген. Ол үшін журналистерді басқа жазғыштардан ажырататын «пресс карта» енгізілуі де мүмкін. Баспасөз картасы журналистік жоғары білімі бар, БАҚ-та кемінде үш жыл, дипломы жоқтарға кемінде бес жыл тәжірибесі бар азаматтарға беріледі. Бұл әрі қарай журналист мәртебесін иеленгендердің әлеуметтік жағдайларын шешуге де ықпал етсе жақсы болар еді. Сонымен қатар, заманның талабы ма, қазір блогерлердің дәурені жүріп тұрған уақыт. Тіпті жастарымыз мамандық таудауға келгенде енжарлық танытып, блогер болып та ақша таба аламыз деген қате түсінікте жүр. «Журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын» деген екен жазушы Шерхан Мұртаза. Қоғамның барлық саласының мәселесін көтеріп, жақсысын асырып, жыртығын жамап жүрген журналистердің шынында бүгінде қадірі шамалы. Журналистер — әрі саясаткер, әрі идеолог, әрі қоғам белсенділері, әрі еріктілер.

«Шын мәнінде, журналистердің тек құқықтық мәртебесі емес, олардың қоғамда алатын орны анық болуы керек. Мұндай заңы жоқ елдер де бар. Бірақ біздің елдегі жағдайға қарасақ, заң қажет. Өйткені жаңа қоғамның жаңа талаптары бар. Соны ескеруіміз керек. «Масс-медиа туралы» заңда тек журналистер емес, оларға деген қоғамның қатынасы да реттелуге тиіс. Сол үшін де ол көкейкесті. Бұл заңда тәуелсіз, тәуелді журналист деген ұғым болмауы керек. Анығын айтсақ, бұлар – социалистік қоғамнан қалған түсінік. Журналист халықтың тілегін, мұң-мұқтажын жеткізіп, шындықты объективті түрде жариялап отыруға міндетті. Шын мәнінде, билік пен халыққа ықпалы болатын БАҚ өкілдеріне мемлекет қолайлы жағдай жасауға тиіс. Заңның ең негізгі міндеті де осыдан өрбиді. Сондықтан біз аталған заң жобасын журналистерді кең ауқымда талқылауын қалар едік. Кәсіби мамандардың пікір-ұсынысын енгізу маңызды» деген пікір қалдырыпты, қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жаңа заң аясында БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саланы дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік берілді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Масс-медиа туралы» жаңа заң заман талабына сай қажет болды деп мәлімдеді.

«Заң медиа саласы өкілдерінің, көпшілік қоғамның жан-жақты әрі кең ауқымды талқысынан өтті. Ол халыққа қызмет ететін маңызды құжат болады деп сенеміз» деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Журналист – мәртебелі мамандық

Понедельник, 15 Июль 2024 06:23

jurnalist-martebeli

Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі

 

Қадірлі журналистер!

Құрметті жиынға қатысушылар!

Ең алдымен, баршаңызды Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз. Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай.

Біздің мақсат-мұратымыз – ортақ. Бұл – баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру. Мен бүгін медиа саласы мамандарының осы жолдағы қажырлы еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Әлихан Бөкейхан «Газет-журнал шығаруға зор шеберлік керек» деп талап қойған. Бұл – бүкіл ақпарат саласына ортақ тұжырым. Жалпы, журналистер мемлекеттік саясатты халыққа түсіндіру ісінде айрықша рөл атқарады.

Өздеріңізге мәлім, қазір еліміз дамудың жаңа сатысына қадам басты. Біз соңғы 5 жылдың ішінде ауқымды саяси реформаларды жүзеге асырдық. Қазақ-станның саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Парламенттің ықпалы, Үкіметтің жауапкершілігі айтарлықтай артты. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік орныға түсті. Саяси партиялардың қоғамдық рөлі күшейді. Азаматтарымыз өз ой-пікірлерін ашық айтып, қоғамда белсенді болуына мүмкіндік беретін нақты тетіктер пайда болды. Сайлау жүйесін жетілдірдік. Ауыл, аудан әкімдері тікелей сайлана бастады. Бір сөзбен, саяси және қоғамдық мәдениет үлкен өзгеріске ұшырады.

Ең маңызды бастаманың бірі – Президент жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды. Осы шешімнің саяси мән-мағынасы ерекше, бұл – мемлекет басқару ісінде жаңа стандарт қалыптастыратын маңызды қадам.

Реформалар, өзгерістер әлі де жалғаса береді. Ең бастысы, бұл өзгерістер – халықтың таңдауы. Сондықтан біз ешқашан кері қайтпаймыз, тек алға қарай жүреміз. Біз экономикалық дамудың нақты бағытын айқындадық. Бір сөзбен, озық ел болу үшін ауқымды жұмысты қолға алдық.

Сіздер тың бастамаларды жұртшылыққа жан-жақты түсіндіруге зор үлес қостыңыздар. Шын мәнінде, барлық реформаны өздеріңізбен бірге атқардық деуге болады. Бірақ өзгерістерді жүзеге асыру бір басқа, ал оны орнықтыру бір бөлек. Ол үшін қоғамдық сана түбегейлі жаңғыруға тиіс.

Ұлттық құрылтайдың Атыраудағы отырысында жалпыға ортақ құндылықтар туралы айтқанымды білесіздер. Мұның бәрі ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін айрықша маңызды. Ашығын айтсақ, осы құндылықтарды қоғам санасына орнықтыру журналистерге тікелей байланысты. Ақпарат өкілдері болмаса, оны жұртқа жария ету мүмкін емес. Сондықтан журналистер қауымы осы маңызды жұмысқа зор жауапкершілікпен қарайды деп сенемін.

Біз әрбір сөзімізді қоғамды түзеуге жұмсасақ, болашағымыз да баянды болары хақ. Мен Құрылтай отырысында елімізге қатер төндіретін бес кеселге тоқталдым. Тағы да қайталап айтқым келеді. Жұртты нашақорлық пен құмарпаздықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, вандализм мен ысырапшылдықтан қорғау – ортақ міндет. Мемлекет бұл бағытта нақты қадамдар жасап жатыр.

Жақында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл болатын арнайы заң күшіне енді. Бұл – өте қажетті құжат. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – баршаңызға айқын.

Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек. Әрине, қабылданған заң барлық қатерді бірден жойып жібермейді. Бұл – ұзақ әрі күрделі үдеріс. Заң жазалау үшін емес, ең алдымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды. Оған бүкіл қоғам болып атсалысу қажет. Осы жолда ақпарат өкілдерінің рөлі ерекше.

Ең қауіпті әлеуметтік кеселдің бірі – лудомания. Құмар ойынға тәуелділік көптеген азаматты орға жығып, қарызға белшесінен батырады, отбасының шырқын бұзады, қылмысқа, суицидке итермелейді. Статистика бойынша іс жүзінде әрбір бесінші қылмыс құмар ойындардың кесірінен жасалады.

Интернет дамыған сайын лудомания проблемасы ушыға түсті және нағыз әлеуметтік індетке айнала бастады. Бұл ұлтымыздың болашағына қатер төндіреді. Сондықтан Мемлекет басшысы ретінде мен осы қауіпті құбылыспен күресу үшін бірқатар пәрменді шаралар қабылдадым.

Былтыр күзде осы мәселе бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысы өтті.

Жуырда менің тапсырмаммен Үкімет Заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды бекітті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрама спортшыларымен кездесуде Парижде басталатын дүбірлі доданы бүкіл әлем асыға күтетінін әрі оған төрткүл дүние түгел көз тігіп отырғанын айтты. Сонымен қатар үздіктердің үздігі бақ сынайтын байрақты бәсекеге ең мықты спортшыларымыз бара жатқанын атап өтіп, ел намысын қорғау абыройлы міндет екеніне тоқталды.

1 президент0

 

Елге сырттан ірі инвесторлар келсе айғайға аттан қосып, елдің құлағын көтеріп әбігерге салатындар бар. «Жеріңді алып қояды». «Табиғатыңды талан-таражға салады». Осындай әңгіме көтерілгенде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бір метр жері шетелдіктерге сатылмайтындығын мәлімдеген болатын. Әрине, ғылыми-технологияң, адам ресурсы, қаржың жетіп жатса, алып концерндерді өзің салғанға не жетсін. Алайда, ең кереметпін дейтін мемлекеттердің өзі сырттан келетін инвестор тәуекеліне тәуелді. Бұл әбден дәлелденген аксиома.

1 инвестиция

Он екі мүшең сау болса...

Пятница, 12 Июль 2024 06:56

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері жыл басынан бері 100-ге жуық адамға МӘМС есебінен буын алмастыру отасын сәтті жасады. Қол-аяғы қимылсыз қалып, жамбас сүйегі зақымдалған науқастар жасанды буын салдырудың көмегімен қалыпты өмірге оралған. Бүгінде олар емін-еркін жүріп -тұра алады.

1 сау

Жеке балабақшалар бизнес субъектілері болғандықтан мемлекеттік органдар тарапынан тексеру, бақылау жүргізіледі. Өйткені мемлекет үшін бала қауіпсіздігі мен денсаулығы басты назарда. Оның үстіне, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийдің қолданылуы тоқтатылды. Демек, жекеменшік кәсіп иелеріне жоспардан тыс тексерулер басталады. Қазақстанда өз өкілеттігі шегінде бақылау мен тексеруді жүзеге асыратын кез келген мемлекеттік органның, егер тексеру үшін негіздер болса, балабақшаны да тексеруге құқығы бар.

2 бала

Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары Айгүл Қапбарова мен Әлішер Сатыбалдиев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында шаһардағы №1 клиникалық ауруханада болып, медицина мекемесінің жұмысымен танысты.

2 мед

Страница 10 из 864