Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Guyi Holding Company» құрамына кіретін компания өкілдері үш меморандумға қол қойды. Маңызды келісімдер мегаполис басшысының Сиань қаласына сапарының нәтижесінде жүзеге асып отыр.

elek

Қазақстан қашанда өзін әлеуметтік бағдарлы мемлекет ретінде танытып келе жатқаны белгілі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді түрде араласып, білім алып, өнер және кәсіппен айналысуына қолайлы жағдай жасалуы – соның айғағы. Бір жағынан, бұл – қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін маңызды қадам.

KaxaKKIL

Елімізде 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық дәрілік заттарды цифрлық таңбалау басталды. Осыған орай,  Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ляззат Қашқымбаева, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева және отандық тауар өндіруші, дистрибьютор компаниялардың өкілдері қатысқан баспасөз мәжілісі өтті.

Tanbalau

Тазалық – адамның рухани-мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші. Өркениетті ел боламыз, заман ағымына ілесіп, орнықты дамуға бет түзейміз десек, жеке гигиенамыз бен өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан елді мекеніміздің, қаламыздың, туған жеріміздің тазалығын сақтауға да дағдылануымыз керек. Жас ұрпаққа жақсы үлгі көрсетіп, оларды тазалыққа жаны құмар азамат етіп тәрбиелеуіміз шарт.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімдердің қызметі елді мекендер мен қоғамдық кеңістіктердің сыртқы келбеті бойынша да бағаланатын болады» деген еді. Осы орайда, аталған міндетке Шымкент қаласының әкімдігі де, шаһар тұрғындары да баса назар аударып отырғаны қуантады.

subboT

Хан Кене рухы мәңгі тірі

Среда, 17 Июль 2024 05:56

немесе
«Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогиясы – әдебиетіміздің елеулі табысы

Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің көсемі Кеңесары ханның он жылға созылған жорығын кең көлемде бейнелеген белгілі жазушы Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогиясының әдебиетіміздегі орны бөлек. Оның бұл жауапкершілігі үлкен, қасиетті де құдіретті тақырыпқа табандылықпен тайсалмай барған дүниесі Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылуы әбден орынды. Автор көп ізденген, көп еңбектенген. Онсыз оның үш ғасыр көлеміндегі қанды қырғын оқиғаларды жинақтай суреттеуі мүмкін еместей. Әсіресе, тарихи тұлғаларымыздың бейнесін даралап, өздеріне тән қасиеттерімен сомдаудағы жетістігі сүйінтті. Жазу мәнері – ешкімді қайталамайды, өзіндік сыршылдығымен, шыншылдығымен тартымды.
Бірінші «Арланның азуы» кітабы қазақ халқының соңғы ханы Кенесарыны тұтқындап, өлтірген Орманбет манаптың албан-суанның аға сұлтаны Тезек төрені анасының асына шақыруынан өрбиді. Ә дегенде автордың «мұнысы қалай, Кенесары хан жорығын бейнелеудің орнына, оны өлтірген қырғыз манабы мерейінің үстемдігін марапаттаудан бастағаны несі?» деген әрі-сәрі күй кешкеніміз, көп ұзамай автордың суреткерлік шешімінің дұрыстығына көз жеткізіп, сабамызға түскеніміз бар.

kitaP

90 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ТЕАТР

Среда, 17 Июль 2024 05:53

кезекті маусымын жемісті аяқтады

Әдетте, асыға күтетін туған күнімізді атап өткенде жыл бойғы қол жеткізген жетістіктерімізге міндетті түрде тоқталамыз. Қуанамыз. Сәтсіз жеріне қынжыламыз. Театр да әр маусымын біз секілді атап өтіп, бары мен нарына тоқталып, таразылайды. Айырмасы, театр – көрермен алдында саралайды. Сұрыптайды. Қандай жетістікке жеткеніне есеп береді. Келеңсіз жерін жөндейді. Сыннан – нәтижеге ұмтылады.

teatr

3320 жобаға қолдау көрсетілді

Понедельник, 15 Июль 2024 12:22

Қалада шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 2024 жылға 21,7 млрд, оның ішінде республикалық бюджеттен – 18,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2024 жылдың 5 айда атқарылған жұмыстары туралы есебінде айтылды. Брифинг барысында басқарма басшысының орынбасары бекітілген индикаторлар бойынша жүзеге асырылған жұмыстарды баяндап, 2024-2028 жылдарда іске асырылатын жобаларды атап өтті.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2024 жылға жалпы 7 нысаналы индикатор бекітілген.

Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған. 20 ірі, 45 орта және 837 шағын өндірістердің өнімі 2024 жылғы қаңтар- мамыр айларында 424,7 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, алдыңғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнім көлемі 3,8 пайызға төмендеген. Өндірілген өнімнің төмендеу себебін басқарма басшысының орынбасары Ермек Тұрманов Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылуымен түсіндірді.

Өнеркәсіп саласында үлесі 85,4%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 628,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі 94,5%-ды құрап отыр.

Соңғы бес айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 203,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,4 пайызды құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі – 29,5 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар – 174,2 млрд теңге.

Жалпы, 2024 жылы 928,7 млрд, теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 28,2 %-ға артық.

Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекетіміздің тұрақты стратегиясы болып табылады. Президент тапсырмасы аясында атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде қала аумағында бүгінде 130,9 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында 2024 жылға 21,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 18,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 3,4 млрд теңге. Қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында 3320 шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына қолдау көрсетілді.

 

Салтанат  ЖАМАЛДИНОВА

Ең дұрыс шешім – екпе

Понедельник, 15 Июль 2024 12:18

Обыр дерті жер бетіндегі кісі өлімінің басты себебіне айналды. Ал, дүниежүзіндегі әйелдердің әзірейіліне айналған жатыр мойны обыры – вакцина егу арқылы алдын алуға болатын ісіктің жалғыз түрі. Себебі ауруды қандай инфекция қоздыратыны анықталған. Ол – адамның папиллома вирусы.

Жатыр мойны обыры 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездесетін онкопатологиялар арасында 2-орында тұр. АПВ инфекциясының жатыр мойны обырына алып келетіні ғылыми дәлелденген. Вирус қауіпті, өйткені ол тез таралады, жасушалардың обырын туындату қоздырғышына айналады және нәтижесінде қатерлі ісіктің дамуына әкеледі.

Осы орайда отандық дәрігерлер бұл вирустың ағзада қайдан пайда болатынын және вакцина салдырудың қаншалықты тиімді екенін түсіндіріп әлек. Олай дейтініміз, Қазақстан папиллома вирусына қарсы екпе салуды Орталық Азияда бірінші болып қолға алған. Бірақ бұл науқан нәтижелі аяқталған жоқ. 2013-2015 жылдары Алматы, Астана, Павлодар және Атырау облыстарында қыздарға папиллома вирусына қарсы екпе салынды. 17 мың адам вакцинаның бір не үш дозасын (сол кездегі толық екпе курсы) алды. Көп ұзамай ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде теріс пікір көбейіп, бағдарламаны тоқтатуға тура келді. Бұған Павлодар облысында екі қыздың екпе салдырғаннан кейін есінен танып құлауы себеп болды. Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы комиссия бұл оқиғаға қатысты зерттеу жүргізіп, қыздардың талып қалуы препараттан емес, вакцинация жүргізу тәртібінен деген қорытындыға келді. Бірақ вакцинация науқаны қайта жүргізілмеді.

Жатыр мойны обыры Қазақстанда өлім көрсеткіші бойынша 4-ші орында тұр. Әлемде бұл дерттен жылына 340 мың әйел, әр екі минут сайын 1 нәзік жанды қайтыс болады. Ауруға басты себеп – жыныстық жолмен берілетін папиллома вирусы. Оның алдын алудың жалғыз жолы – екпе.

– ДДСҰ мәліметіне сәйкес, жасөспірім деп 14-19 жастағы адамдарды айтады. Осы жасөспірім шақта денсаулыққа төнген қауіп-қатер ересек шақта қауіпті ауруларға алып келуі мүмкін. Әсіресе репродуктивті денсаулықты назарда ұстау маңызды. Көбінесе 25 жасқа дейінгі адамдар жұқтырады. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80 пайызы өмірінде АПВ жұқтырады. Вирус жыныстық жолмен және тері бір-бірімен үйкелген кезде жұғады. Адамдардың 70 пайызы вирусты жұқтырған соң бір жыл ішінде өз бетінше емделеді. 90 пайызы екі жыл ішінде емдеп жазады. Бұл үшін иммунитет мықты болуы қажет. Жасөспірімдік шақ жыныстық жетілу кезеңі болғандықтан, түрлі ауруларды жұқтырып алу қаупі жоғары. Сондықтан мамандар 11 жасты екпе алуға таңдап алды. Ең дұрысы, әйел жыныстық белсенділікке кіріспес бұрын вакцинаны алуы керек. Олардың денсаулығына медицина қызметкерлері, отбасы, мектеп және қоғам әсер ете алады, – деді Шымкент қаласы онкологиялық диспансерлік орталығының бас дәрігері Жақсылық Мәуленов.

Мұнымен қатар дәрігерлер ұлттық вакциналау бағдарламасының сәтті жүзеге асуы қандай нәтиже беретініне тоқталды.

– 100-ден астам мемлекет АПВ вакцинасын иммунизациялау күнтізбесіне енгізген. Әлем бойынша мақсатты топтың 15 пайызы қамтылған. ТМД елдерінде АПВ вакцинасы Армения, Грузия, Молдова, Түркіменістан, Қырғызстан және Өзбекстанда енгізілген. Вакцина тиімділігіне келетін болсақ, Австралияда вакциналау бағдарламасын енгізген соң араға 9 жыл салып 18-35 жас арасындағы әйелдер ішінде АПВ төрт типі 90 пайыз аз анықталған. Ал АҚШ-та 2015-2018 жылдары АПВ төрт типі 88 пайыз аз тіркелген. АПВ-ның вакцина арқылы алдын алу Қазақстанда ЖМО-ның таралуын 74,2 пайызға дейін төмендетеді деп күтілуде. Жатыр мойны ісігінен Қазақстанда күн сайын 2-3 әйел қайтыс болады. Иммундау – халық денсаулығын сақтау саласы мен ұлттық саясаттың құрамдас бөлігі. Дәл қазір жатыр мойны обырының алдын алудың тиімді құралы – АПВ вакцинасы. АПВ-ға қарсы вакцинациялау адам папилломасы вирусымен зақымдану деңгейін және онкологиялық аурулардың, әсіресе жатыр мойны қатерлі ісігінің дамуын төмендетеді. Қазақстанда күн сайын жатыр мойны обырының 5-6 жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан күн сайын 2-3 әйел қайтыс болады. Вакцинаны 2006-2007 жылдары енгізген елдердің тәжірибесі 10 жылдан кейін АПВ-ның онкогендік типтері айналымының 80 пайыздан астам төмендегенін көрсетеді, – дейді онколог маман Докторкүл Тасболтаева.

Сонымен осы жылдың үшінші тоқсанынан бастап ұлттық вакцинациялау күнтізбесіне сәйкес ДДҰ ұстанымын және елдегі халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың ұлттық техникалық консультациялық тобының ұсынымдарын ескере отырып, 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізу жоспарланып отыр. Әлемде АПВ вакцинасын фармацевтикалық компаниялардың шектеулі саны шығарады. Қазақстанда вирустың аса онкогенді түрлерінен қорғанысы бар АПВ-ға қарсы вакциналардың 4 түрі тіркелген. Merck Sharp & Dohme компаниясы шығарған Gardasil вакцинасы 2006 жылы қолдануға лицензия алды. Ол Голландияда шығарылады және 70-тен астам елде қолданылады. Олардың арасында АҚШ, Канада, Австралия, Израиль, Ресей, Грузия, Молдова, Оңтүстік Африка және басқалары бар.

Осы ретте «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейтін халық нақылы еске түседі. Даурықпай, болашақ ұрпағымыздың денсаулығын әзірден ойлағанымыз қазіргі атқарып жүрген ісіміздің ең абзалы.

 

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Страница 8 из 864