Жекешелендірудің екінші толқынындағы әрбір нысанның сатылуы ашық, транспарентті түрде жүзеге асуы керек. Конкурстың қалай өткенін, кімнің нені иеленгенін, кім не жасаймын деп уәде еткенін халық білуге тиіс.
«Қателіктерге бой алдырмаңдар! Жекешелендірудің бірінші кезеңі қалай өткені белгілі, кімде билік болса, сол өзі таратып, өзі иеленіп кете берген. Қазір соның салдарынан заңсыз берілген жерді де, мүлікті де қайтарып алуға дейін барып жатырмыз. Бұл жағдай енді қайталанбауы керек. Бұл ретте біріншіден, мемлекет бизнестен кетеді, екіншіден, бұл нысандардың барлығы нарықтық ортаға өтіп, іскерлік ортаның белсенділігін арттырады. Жекешелендіру тиімді жүргізіліп, нысандар жақсы қолға өтсе, экономика да жеңілдеп, бюджетке де қаражат құйылады. Бұл – аса маңызды шара», - деді Н. Назарбаев.