Сенат депутаттарының кезектi сайлауы өтедi

Среда, 13 Август 2014 04:09 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3378 раз

Сенаторлардың депутаттық өкілеттік мерзімі  алты жыл болса,  олардың жартысы әрбір үш жыл сай­ын қайта сайланып отырады. Депутаттардың жартысы соңғы рет 2008 жылғы 4 қазанда сайланған болатын.

Осы себепті ҚР Президентінің «2014 жылғы 1 қазанға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Жарлығы шықты. Осыдан алты жыл бұрын, яғни 2008 жылғы 4 қазанда сайланған сенаторлар өкілеттігінің конституциялық мерзімі ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда аяқталады. Соған орай, 1 қазанда республиканың 16 өңірінде Сенат депутаттығына бір-бір депутаттан сайлау қарастырылған.
Кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 31 тамызға дейін жүреді. Тіркеу 2014 жылғы 11 қыркүйекке дейін, ал сайлау алдындағы үгіт 12 қыркүйекте басталып, 29 қыркүйектің 24.00 сағатқа дейін жүргізіледі. Дауыс беруді, дауыстарды санауды және қорытындыларды жариялауды облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары бір күн ішінде - 1 қазанда жүргізеді. Сайлаудың соңғы қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 7 қазаннан кешіктірмей анықтайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.