Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі министрдің орынбасары мен бірнеше министрліктің жауапты хатшыларын тағайындады. Мемлекет басшысының шешімімен қорғаныс министрінің орынбасары болып Нұрлан Сауранбаев, ал, ішкі істер министрінің орынбасары болып Владимир Божко тағайындалып отыр.
Президент бұған қоса ұлттық экономика министрлігінің, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, инвестициялар және даму министрлігінің, мәдениет және спорт министрлігінің, энергетика министрлігінің жауапты хатшылары да тағайындаған еді. 6 тамыз күні өткен үкіметтің кеңейтілген жиынында Назарбаев үкіметтің бұрынғы 17 министрлік, 9 агенттік, 54 комитет және 272 департаментінің орнына 12 министрлік, 30 шақты комитеттен тұратын жаңа құрылымы түзілгенін жариялаған еді.
Жаңа құрам бекiтiлдi
Пятница, 15 Август 2014 05:34 Автор Редакция Опубликовано в Саясат Прочитано 4204 разРедакция
Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.