Халықты ауыз сумен қамту - негiзгi бағыт

Понедельник, 25 Август 2014 02:56 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4710 раз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов хат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. А. Мырзахметов өз хатында облыстың елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманың орындалу барысы туралы айтқан.

Өңір басшысы облыста 2,7 миллион адам тұратын 929 елді мекенді сумен қамтамасыз ету жөнінде жүйелі әрі тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы баяндаған. Атап айтқанда, соңғы 5 жылда 253 елді мекенде тұратын 873 мың тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етілген. Нәтижесінде су құбырымен қамтылған елді мекендер саны 412-ден (44,3%) 665-ке (71,6%) дейін, ал суға қолы жеткен тұрғындар саны 1,4 миллионнан (56%) 2,3 миллионға (85,1%) дейін өскен.
Сонымен қатар, Асар-Қайнарбұлақ суаққысы бүгінгі таңда сусорғы қондырғыларымен толық жабдықталды және 16 шақырым су құбыры мен 10,5 шақырым коллектордың құрылысы аяқталып, елді мекеннің ішкі тораптарына қосу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды биылғы 15 қазанда пайдалануға беру жоспарлануда. Оның мерзімін кешіктірген кінәлі тұлғалар жұмыстан босатылған. Өз міндеттемелерін бұзған мердігерге тиісті шара қолданылған.
Сондай-ақ Сарыағаш ауданының Ынтымақ ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қыркүйек айында шешілетіні айтылған.
Соңында өңір басшысы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету әлеуметтік маңызды бағыт екенін және онымен байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін қажетті жұмыстардың бәрі жалғастырылатынын атап өткен.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.