БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ БЕКІТІЛІП ЖАТЫР Избранное

Среда, 09 Октябрь 2024 05:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 265 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданы, Маятас тұрғын алабында Бадам өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты. Жалпы, жағалаудың екі жағынан бекітілетін аумақтың ұзындығы 18 шақырым. Бұл аудандағы жұмыс толық аяқталған. Ал, Абай ауданындағы бөлігі ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

badaM

 

–Алдыңғы аралау кезінде осы тұрғын алаптың тұрғындары ескі аспалы көпірдің жағдайына шағымданып, өзен арқылы жаңа жаяу жүргінші көпірін салу туралы өтініш білдірген еді. Менің тапсырмам бойынша, мердігер ұйым әлеуметтік жауапкершілік аясында жаңа көпір, жаяу жүргінші жолдары мен балалар алаңын салып берді. Компания өкілдеріне қаланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, қалған жұмыстың сапалы әрі уақытында аяқталуының маңыздылығын атап өттім, - деп жазды қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұдан бөлек Ғ.Сыздықбеков Тұран ауданындағы «Металлург» саябағының ағымдағы жағдайын тексерді. Йога алаңының құрылысы барысымен танысты және жергілікті тұрғындармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Азаматтар жаз мезгілінде орындықтар санын көбейту және жаттығу құралдарын жаңарту қажеттігін айтты. Шаһар басшысы жауапты мамандарға тұрғындардың пікірін ескеріп, тиісті жұмыс жүргізуді және саябақтағы сыртқы жарықтандыру кестесін түзетуді тапсырды.
Сонымен қатар Ғабит
Әбдімәжитұлы Абай ауданында Темірлан тас жолы бойындағы бұған дейін қараусыз қалған гүлзарды қалпына келтіру жұмыстарын да тексерді. Жаңартылған қоғамдық орында газон мен ағаштар отырғызылып, суару жүйесі, орындықтар және жарық шамдары орнатылған.
Сондай-ақ, қала әкімі Жиделі тұрғын алабында, Диваев және Бекет батыр көшелерінде орналасқан жаңа сквердің құрылысымен танысып, Тәуке хан даңғылы, «Көл» аумағы, Тәшенов және Түркістан көшелері, Орталық саябақ және Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақтың жағдайы мен тазалығын тексерді. Аудан әкімдіктері мен жауапты басқармаларға көше мен аулалардың тазалығын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.