МАЛАЙЗИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Среда, 09 Октябрь 2024 05:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 248 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаламызға арнайы жұмыс сапарымен келген Малайзияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мохд Адли Бин Абдулламен кездесті.Бұл жөнінде шаһар басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

kazdazUU

 

Қала әкімі мен елшінің кездесуі барысында Шымкент пен Малайзия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Ғабит Сыздықбеков кездесуде Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті туралы жан-жақты айтып берді. Шаһар басшысы малайзиялық бизнес өкілдері үшін инвестициялық жобаларды сәтті іске асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған серіктестікті одан әрі дамыту мақсатында тығыз байланыста болу туралы келісімге келді.

А.Сайлауұлы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.