Журналистер спортта да жүйрік

Среда, 26 Июнь 2024 06:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 175 раз

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Шымкент қаласында бірқатар іс-шара қолға алынған. Солардың ішінде БАҚ өкілдері арасындағы спартакиаданың жөні бөлек. Биыл да аталған дәстүрлі спорт бәсекесіне спорттың 4 түрінен 10 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.

JuRnalist

 

Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты. Ол өз сөзінде БАҚ-тың қоғамдағы рөлі, сала мамандарының атқарып жүрген жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтап, билік пен бұқара арасында алтын көпір болып отырған журналистер қауымына жарыс жолында сәттілік тіледі.
Екі күнге созылған спартакиаданың бірінші күнінде әйелдер және ерлер арасында үстел теннисінен және волейболдан жарыс өтті. Үстел теннисінен «Қызмет» командасының намысын қорғаған Айнұр Өміржанға тең келетін қарсылас табылмады. Жүлделі екінші орынға «Оңтүстік TV» командасының өкілі Фариза Құрманбек ие болса, үздік үштікті «Шымкент келбетінің» ойыншысы Гүлжауһар Бажақай түйіндеді.
Ал, ерлер арасында үстел теннисінен 1-орынға «Q контент» порталының қызметкері Асылбек Түйетаев шықса, «Оңтүстік TV» командасының қатысушысы Күнту Арынбек
2-орынға табан тіреді. «Ернұр-Press» командасының ойыншысы Қаныш Уәлиханов 3-орынға ие болды.
Волейболдан «Оңтүстік TV» командасы қарсыластарын басып озды. 2-орынды «Күнгей.kz» командасы жеңіп алса,
3-орын «Айғақ» телеарнасына бұйырды.
Жарыстың екінші күнінде БАҚ өкілдері арқан тартыс пен шағын футболдан бақ сынады.
Арқан тартыстан жүлделі
1-орынды «Оңтүстік TV» командасы, 2-орынды «Ернұр-Press» ұжымы иеленді. Үздік үштікті «Айғақ» телеарнасының ұжымы қорытындылады.
Жасыл алаңда бақ сынаған журналистердің бәсекесі өте тартысты өтті. Ойынға бес команда қатысты:
Үшінші орынға таласта «Үштаған» командасы «Отырар» телеарнасы командасымен ойнады. Ойын қорытындысы бойынша «Отырар» командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Үздік үштікті «Отырар» телеарнасының қатысушылары түйіндеді.
Финалда «Түркістан БАҚ» пен «Ернұр Press» кездесті. Қорытындысында «Ернұр Press» жігіттері 4:2 есебімен жеңді.
Жасыл алаңдағы есеп бойынша «Ернұр Press» 1-орынға, «Түркістан TV» ұжымы 2-орынға, «Отырар» теларнасы командасы 3-орынға ие болды.
Жеңімпаз командаларды қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Әйгерім Жұмағұлова марапаттап, Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыстады.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.