×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Велосипедпен рейдке шықты

Среда, 13 Апрель 2016 04:49

Қала аумағындағы ретсіз сауданы жою жұмыстары енді велосипедтің көмегімен жүзеге асады. Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері заңсыз сауда иелеріне жүйелі түрде ескертулер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін велосипедке отырып, рейдтік шара ұйымдастырды.

IMG-20160409-WA0011

Велосипедтің біріне отырған аудан әкімінің орынбасары Серік Нұрманов өзі жетекшілік етіп, Қазыбек би көшесінің бойында жарнама тақтайшаларын бей-берекет орналастырған дүңгіршек иелеріне ескерту жасады.
– Кәсіпкер азаматтардың демеушілігі есебінен әзірге 4 дана велосипед алынып отыр. Алдағы уақытта қызметкерлеріміз арнайы киімде заңсыз сауда иелеріне күнделікті тиісті ескертулер беріп отырмақ. Жасалған жұмыстар өз нәтижесін де беруде. Өткен жылы аудан аумағында заңсыз жұмыс жасап келген 87 дүңгіршек жойылған болса, биыл тағы 32 дүңгіршек анықталып отыр. Жыл басынан бері оның 16-сы жұмысын тоқтатты, – дейді С. Нұрманов.
Айта кетейік, аудан әкімдігі қызметкерлері тарапынан биыл жалпы саны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңнамасының 204-бабымен, яғни, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасау бойынша 413, 505-бабы, яғни, қаланың абаттандыру ережелерін бұзу бойынша 220 азаматқа хаттама толтырылған.

Жаңа орталықтың тұсаукесері

Среда, 13 Апрель 2016 04:30

Шымкентте «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа нысан жұмыс іздеп, орталыққа келген әрбір жанға сапалы қызмет ұсынуды мақсат етеді. Аталмыш ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, орталық мамандарының қызметіне сәттілік тіледі.

 GOPR0982 DSC 0486 1 

– Өткен жылы күзде қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізгенімізде ең алдымен, тұрақты жұмысқа орналасу мәселесі үлкен басымдыққа ие болғаны байқалған болатын. Өзекті мәселенің шешімін табу бағытында жұмыспен қамту орталығының алғашқы ғимаратын пайдалануға беріп отырмыз. Алдағы уақытта да қала аумағында мұндай бірнеше ғимарат ел игілігіне беріледі. Ең бастысы, ғимаратта азаматтардың ұзын-сонар кезегін болдырмас үшін қажеттіліктер электронды түрде жүзеге асырылады, – деді Ғ. Рахматоллаұлы.

Төлеби көшесі, 30-үйде орналасқан 3 қабатты ғимаратта орталық мамандары күніне 200-ге жуық азаматқа түрлі қызмет түрін ұсынады. Мұнда қала тұрғындары тұрақты жұмыс табумен қатар, шағын несие алып, тіпті, мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздің солтүстік облыстарына оқу жолдамасын да иелене алады. Келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін ғимаратта заманауи электронды терминал қойылып, қызмет көрсету түріне қарай әр маманға тиісті нөмірленген табло орналастырылған. Мұндағы жаңа қондырғылар жұмыс іздеушілердің себепсіз кезек күтпеуін қамтамасыз етіп, алдын ала өз таңдауына қарай анықтама алуына мүмкіндік береді. Құлағы нашар еститін және көзі нашар көретін азаматтар үшін де сурдо аударма маманы қызмет етеді. Айта кетейік, өткен жылы орталық мамандарының ықпалымен 16 мың азамат жұмысқа орналасыпты. Тек биыл 7 жарым мың қала тұрғыны жұмыссыз ретінде тіркеуге алынса, оның бүгінге дейін 6 жарым мыңы уақытша және тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған.

Бейнежетон бақылап тұр...

Пятница, 08 Апрель 2016 03:59

Шымкент қаласы аумағында қандай да бір жол ережесін бұзсаңыз, енді полиция қызметкерлерімен мәселені өзара «келісіп шешуге» мүмкіндік жоқ. Себебі, шымкенттік жол-көлік полицейлеріне бұдан былай арнайы камерасы бар бейнежетонда жүру міндеттеледі.

zhetonЖол-көлік полицейлерін кезекшілік кезінде сандық бейнетіркегіштермен қамтамасыз ету қажеттігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарында айтылған болатын. Яғни, сіздің жол-көлік полицейімен өрбіген әңгімеңіз бен әрбір әрекетіңіз оның өңіріндегі бейнежетонға жазылады. Камерасы бар бейнежетон тәртіп сақшыларына кезекшілікке шыққанда беріледі. Шешіп алса, тәртіптік жазаға тартылады. Ел аумағында аталмыш жобаны алғашқылардың бірі болып қолға алған Шымкент қаласында мұндай бейнежетондармен учаскелік инспекторлар да қамтамасыз етілетін болады.
– Бейнежетон полицейлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіне әрі қызметін таза, әділ атқаруына, полиция қызметкерлерінің имиджін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жол-көлік полициясын келісімге келуге мәжбүрлейтін, пара ұсынғысы келетін жүргізушілерге де сабақ болады әрі оларды тәрбиелейді. Мұндай әрекетке саналы түрде барып отырмыз, – дейді Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан.
Жергілікті полиция қызметкерлері бұл ретте сыйымдылығы 32 гигабайтты құрайтын жетонның бейнежазуы мен дауысы жоғары деңгейде екенін айтады. Кезекшіліктен соң бейнежетондар бөлімге тапсырылады. Ал ондағы жазба ОҚО ІІД-нің оперативтік басқару орталығының базасына жазылып алынып, бірнеше айға сақтауға қойылады. Айта кетейік, Шымкент қаласында орта есеппен күн сайын жол-көлік ережесін бұзған 150 көлік жүргізушісіне хаттама толтырылады.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Пятница, 08 Апрель 2016 03:56

Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту орталығы және Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, І. Жансүгіров көшесі бойындағы өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы және «Өрлеу» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

1214

Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы негізгі үш бағыттан тұрады: бірінші бағыт – белсенділікті арттыру (тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту, кәсіби оқуды ұйымдастыру), екінші бағыты – ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту ( өз ісін ашу), үшінші бағыт – еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру (экономикалық белсенді аймақтарға жер алмастыру арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру).
Бағдарламаға қатысушылар санатына жұмыссыздар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар және өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтар кіреді. Отбасының қиын тұрмыс жағдайын жеңілдету мақсатында және бұрын-соңды жұмыс істемеген отбасы мүшелеріне жаңа өмірге беймделуіне, оқуына не қайта оқуына, сонымен қатар, жұмысқа орналасуына ықпал ету немесе жеке кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктерін қарастыру көзделген. «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасынының мақсаты – аз қамтылған еңбекке жарамды отбасылар тек қана жәрдемақы алып қоймай, әлеуметтік бейімделген және кәсіби хабардар болып, әрекетсіз ақшалай көмектен белсенді отбасыға ауысып және асыранды көңіл-күйді барынша азайту. Осы бағдарламалар бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгіне алатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жол сапасы жақсарып келедi

Среда, 06 Апрель 2016 06:07

Шымкент қаласы аумағында биыл жалпы ұзындығы 54 шақырымды құрайтын 73 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл үшін облыстық және жергілікті бюджет есебінен 994 миллион теңге бағытталып отыр. Бас жоспарға сәйкес, аумағы кеңейіп, халық саны ұлғайған облыс орталығында көлік жолдарын қайта құру жұмыстары бүгінде өзекті мәселенің бірі. Жалпы ұзындығы 2650 шақырымға жуықтайтын қала көшелерінің тек 50 пайызы асфальтты-бетонды төселіммен қамтылған. Тиісінше, қала көшелерінің 40 пайызын шағал тас жолдары құраса, қалған 9 пайызы топырақ жол деңгейінде. Дегенмен, сала мамандары аталған олқылықтардың орнын толтыру үшін кезең-кезеңімен атқарылар жоспарлы міндеттердің белгіленгенін айтады.

Тұрғындардың мұң-мұқтажы –
әкiмдiк назарында

Бүгінде «Қайтпас» шағынауданы, Төлеметов көшесінің бойындағы кіші айналма жолда қайта құру жұмыстары қызу қарқын алды. Бұған дейін еріген қар, жауған жауынның салдарынан шұрқ тесікке айналған асфальт жолдың тауқыметін тартқан жергілікті тұрғындар тіпті, қала әкіміне де өтініш-сауал жолдаған. Мәселенің өзектілігі ескеріліп, өткен жылы қайта құру жұмыстарының алғашқы кезеңі жүргізіліпті. Биылғы жылға өтпелі нысанды аяқтау үшін облыстық бюджеттен 200 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Жұмысты мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС атқаруда. 

– Қалалық қоқыс полигонынан бастап Жібек жолы көшесіне дейінгі аралықта белгіленген міндетті сапалы әрі дер уақытында орындау үшін жұмысшыларымыз белсенді еңбек етіп келеді, – дейді мердігер мекеменің учаске жетекшісі Бақтияр Нарметов. – Жұмыстың қалған екінші бөлігі алдағы желтоқсан айына дейін толығымен аяқталып, тапсырылуы тиіс. Осы аралықта жоспарды толық орындау үшін мекеменің 12 техникасы мен 100-ге таяу жұмысшысы жұмылдырылуда.
Сапалы асфальт жолдарын төсеуде аса тәжірибелі мекеме жұмысшылары тек мұнымен шектелмек емес. Дәл қазір «Отау Строй» ЖШС аталмыш жұмыстармен бір мезгілде қоқыс полигонынан Бәйдібек би көшесіне дейінгі аралықта кіші айналма жолды қайта құру жұмыстарының алғашқы кезеңін де жүргізуде. Ол үшін облыстық бюджет есебінен 1 миллиард 436 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініпті.

DSC 0325


Аяқ жолдарда мәселе туындамайды

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, облыс орталығының көшелерін аяқ жолдармен қамту жұмыстары жыл өткен сайын жоғары қарқын алып келеді. Биыл бюджет есебінен 225 миллион теңге көлемінде қаржы қаралып, 20 көшеде аяқ жол төселмек. Атқарылған жұмыстардың ауқымдылығы мен нәтижесі де көңіл қуантады. Жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес, бүгінде Темірлан тас жолы – Мангелдин көшелерінің қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінде қызу жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол апаттарын болдырмау және алдын алу мақсатында Рысқұлов көшесі «Евразия» базары аумағында жер үсті, Республика даңғылы «Эмиль» сауда орталығы аумағында жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, тиісті сала мамандарының тарапынан Рысқұлов көшесінің бойындағы «Самал» базарының жанынан жаяу жүргіншілер өткелін салу үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленген. Аталмыш жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің жалпы құны 116 миллион теңгені құрайды. Ал Тәуке хан-Қонаев даңғылдары қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірленуде.
2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Тұжырымдамасын айқын белгілеп алған Шымкент қаласы үшін республикалық, облыстық маңызы бар күре жолдармен қатар, қала көшелерінің жолдарын да заман талабына сай қайта құру – негізгі міндет. Тиісінше, қызмет сапасына жауапты мердігер мекемелерге қойылар талап та жоғары. Бұл ретте, бірер жылда қала жолдары қармен бірге «еріп кетпес» үшін мердігер мекемелер де сапалы қызметіне ұзақ мерзімді кепілдік беруге әзір.

Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұралары жөнінде қала тұрғындары арасында қоғамдық пікір қалыптастыру, ежелгі қаланың мәдени мұралары мен олардың жағдайына мониторинг жүргізу, мәдени және тарихи мұраларын жинақтау және өңдеу қызметі енді белсенді түрде жүзеге аспақ.

DSC 0242

«Мәдени мұра» азаматтық жобасы аясында белгіленген ауқымды міндеттің негізгі мәні мен мақсаты облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар тренингте көпшіліктің талқылауына ұсынылды. Жиынға Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, облыстық мәдениет басқармасының және «Үміт» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері қатысты. Семинар барысында сарапшылар Шымкент қаласының туристік ахуалын айқындайтын ақпараттық-насихаттық бағыттағы таралым материалдарын дайындау және ақпараттық-имидждік, кәде сыйлық өнімдердің жобасын дайындау мәселесіне де айрықша назар аударды.
– Наурыз-желтоқсан айларының аралығын қамтитын «Мәдени мұра» азаматтық жобасы аясында мониторинг жүргізудің құрылымын дайындау, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану, қаладағы тарихи-мәдени мұра нысандарын талдау міндеті атқарылады. Нәтижесінде, мәдени мұраға жататын 25 нысан бойынша арнайы карта дайындалып, нақты бағытта жұмыстар атқарылады, – дейді «Үміт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қарлығаш Есқара.
«Мәдени мұра» азаматтық жобасы өз кезегінде, қаланың туристік әлеуетін арттыруға, көне сәулеттік және мәдени ескерткіштерін қорғауға алуға, осы арқылы тарихи жәдігерлерді көпшілік арасында кеңінен насихаттап, танымдық ақпарат беруге өзіндік ықпалын тигізбек. Бұл үшін жергілікті бюджет есебінен 2,8 миллион теңге қаржы бөлініпті.

Заң үстемдігі қамтамасыз етіледі

Понедельник, 04 Апрель 2016 05:07

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында қаралған сот істері өткен жылдардың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге ұлғайған. Әрі ондағы сот материалдарының 60 пайызы қанағаттандыруға жатады. Бұл статистикалық мәліметтер ОҚО сотында «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» жиынында кеңінен талқыланды.

Жиынға ОҚО прокуратурасы, ОҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, облыстық сотының, Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандары мен Шымкент қаласына қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары сотының төрағалары мен судьялары қатысты.

- Өткен жылы қолданысқа енгізілген ҚР Қылмыстық кодексінің, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің және Қылмыстық атқару кодексінің жаңа редакциялары бойынша бүгінде жазаны жеңілдету, тағайындалған жаза мерзімін қысқарту практикасы жүзеге асырылуда. Осының себебінен де, қаралған сот материалдары көлемінің арта түсуі заңдылық. Сондай-ақ, жазасын өтеп шыққан азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша бірқатар сала мамандарымен кеңес құрғанды жөн көріп отырмыз, - дейді ОҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Зиядитхан Пірнияз.

Бекзаттың ерлiгi ұмытылмайды

Пятница, 01 Апрель 2016 04:40

Түркістан қаласында 2000 жылы Сиднейде өткен XXVII жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы XIV халықаралық турнир басталды.

-2013-5Дәстүрлі бәсекеге еліміздің барлық өңірлерінен, сонымен қатар, Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Өзбекстаннан келген 200-ге жуық жас спортшылар қатысуда.
– Бекзатты еске алуға арналған сайыстың маңыздылығы жас спортшыларымыздың әлеуетін байқауға үлкен септігін тигізеді. Себебі, былғары қолғап киген өрендеріміз тек ел іші емес, халықаралық деңгейде бақтарын сынайды, – дейді Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков.
Халықаралық турнир Бекзаттың туған күні, 4 сәуірде мәресіне жетеді.

Страница 24 из 37