Қолжетiмдi тұрғын үй кiмдерге берiледi?

Среда, 13 Август 2014 04:14 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4784 раз

Биыл Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі АҚ-ның  құрылғанына – 11 жыл. Осыған орай, Шымкенттің   банк  филиалында ашық есік күні өтті. Оған банк қызметкерлері мен салымшылары қатысты.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы «Жас отбасы» санаты бойынша 84 отбасы пәтер иесі атанды. Сондай-ақ «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үй алып, баспаналы болып жатқан отбасылар саны артып келеді. Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің ОҚО филиалының директоры Қасымбек Мәліковтың айтуынша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 2 мыңға жуық адам баспанамен қамтылған. Бүгінгі күні орта есеппен банктің 20 мың салымшысы бар. Жаңа бағдарлама арқылы банк жеке компаниялармен келісім-шарт түзісті. Нәтижесінде тұрғын үйді мұғалім, дәрігерлер де иелене алады. 1 сәуірден бастап салымшыға өз  атында үйі болса да, нарықтағы пәтерді алуына мүмкіндік берілді. Ал банкке салымшы болудың қиындығы жоқ. Тұрақты жұмысы мен табыс көзі болса жеткілікті. Ашық есік күні банк қызметкерлері салымшылар мен қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңес беріп, концерттік бағдарламасын ұсынды. Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев,  қала әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов  филиал басшылығын мерекелерімен құттықтап, банк қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.

Последнее изменение Среда, 13 Август 2014 04:20
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.