Ы. А. Мадиев туралы
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14 бабы 7 тармағына және 15 бабы 1 тармағына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің 2014 жылдың 4 тамызындағы №237-ө өкімімен Ынтымак Адилханович Мадиев Шымкент қаласының білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалсын. Д. Сатыбалды.
Негізі: жеке өзінің өтініші, конкурстық комиссия мәжілісінің 2014 жылғы 4 тамыздағы №3 хаттамасы.
Өмірбаяны
Ынтымақ Әділханұлы Мадиев 1973 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша, ал 2007 жылы «Болашақ» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы қаласында «Интертич-Кезнар» ЖК-да менеджер болып бастап, 1997-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында жұмысшы, тарих пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. Ал, 2006-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету бөлімі консультаты, 2008-2012 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша басқармасы-Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі болды. Аталмыш басқарма департамент болып қайта құрылғаннан соң, яғни 2003 жылдың мамыр айынан күні кешеге дейін Ынтымақ Әділханұлы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі – департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.