Өзен-каналдардың бойында орналасқан құрылыстарға су тасқыны немесе нөсер жаңбыр қауіп төндіретіні мәлім. Су шайып кету секілді табиғи апаттан келген тосын оқиғалар, өкінішке қарай, кездесіп жатады. Төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде заң талаптарына жүгінген жөн.
Еліміздің «Азаматтық қорғау туралы» заңына сәйкес, төтенше жағдайлардың нәтижесінде заңсыз салынған нысандарға келтірілген залал құны мемлекет тарапынан өтелмейді. Бұл орайда, Шымкент қаласындағы өзен-каналдардың бойында орналасқан тұрғын үйлер мен қосымша жайлардың мәселесі алаңдаушылық туғызады. Өйткені, олардың басым бөлігінде құзырлы мекемелердің рұқсат құжаттары жоқ. Демек, төтенше жағдай залал келтірген жағдайда заңсыз құрылыс иелерінің мемлекеттен өтемақы алуына құқы жоқ.