Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық негізгі жетістіктерінің қатарында Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаhандық бәсекелестікке қабілетті рейтингінде 51-ші орынға шығуымыз, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу туралы тарихи шешімнің қабылдануы мен ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаhандық қозғалыстағы Қазақстанның озық ұстанымының нығаюы болды.
Сонымен қатар, Елбасы XXI-ші ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстанның жаңа саяси бағытының 7 басым бағыттарын белгілеп, мемлекеттің орта және ұзақ мерзімді сыртқы саяси басымдықтарын белгілеп берді.
Елбасының асқақ арманы – Қазақстанның әлемдік деңгейде бәсекелестікке қабілеттілігі, экономикалық және технологиялық дамуы мен халықтың өмір сапасы бойынша жетекші орындарға ие гүлденген ел болуы. Осы мақсатты жүзеге асыруға әрқайсымыздың өзіндік үлесімізді қосуымыз еліміздің алдыңдағы борышымыз болып табылады.
2014 жылдағы басты мақсаттар - қазақстандық кәсіпкерлер үшін “Doing Business” Дүниежүзілік Банк рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту мәселелері ҚР Үкіметінің ерекше назарында екендігін баса айтқан жөн. Жалпы, аталған рейтинг бизнесті жүргізуді жеңілдету тұрғысында ұлттық заңнама мен іскерлік ортаны жақсарту бойынша басқа да мемлекеттік шаралар деңгейін бағалайды. 2013 жылы “Doing Business-2013” Дүниежүзілік Банкі рейтингінде Қазақстан 2012 жылдың рейтингімен салыстырғанда 49-шы орынға ие болды.
Атап айтсақ, ҒБҚ рейтингі бойынша азаматтық дауларды реттеу бойынша құқықтық жұмыстар тиімділігі 13 тармаққа артты, жекеменшік құқығына ие болу 8 тармаққа, мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдерінің ашықтығы 1 тармаққа артты. Сондай-ақ, Doing business рейтингі бойынша меншікті тіркеу бойынша көрсеткіштер 9 тармаққа жақсарды.
Ұлттың интеллектуалдылығын жоғарылату, мемлекеттілігімізді дамыту, жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру мен саясаттың жаңғыруы секілді мәселелер Қазақстаннын дүниежузілік бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады.
Е. ҚОЖАБЕКОВ,
Шымкент қаласы Абай ауданының Әділет басқармасы
басшысының
орынбасары.