«Қаратаудың» шекарасы белгiлендi

Пятница, 10 Октябрь 2014 08:29 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4865 раз

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары  сессия барысында  жаңадан құрылған төртінші ауданның шекарасын бекітті.  Ауданның жер көлемі 32 мың 256 гектар, ал халық саны 210  мыңға жуықтайды.  Өзге аудандарға қарағанда халқы саны жағынан да көп болмақ. Көпшілік тыңдауда ұсынылған «Қаратау» атауы  республикалық ономастикалық комиссиясының қарауына   жолданып, осы  атау ресми түрде бекітілген.

Жаңа аудан қаланың  солтүстік-шығысында орналасқан. Онда жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы, театр, облыстық кітапхана, көрме орталығы сияқты әлеуметтік нысандар бар. Жаңа ауданда қазір қарқынды құрылыс жүріп жатыр. Көпқабатты үйлер, қоғамдық демалыс орындары, саябақтар, емхана, аурухана сияқты нысандар біртіндеп халық игілігіне берілуде. Қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Исмаилов жаңа ауданға Абай ауданынан - «Асар», «Достық», «Ақжайық», «Тассай», «Асар-2» шағынаудандары мен «Қайнарбұлақ саяжайы», «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы қосылса, Әл-Фараби  ауданынан «Бозарық» шағына ауданы мен «Бозарық саяжайы», «Қайтпас», «Нұрсәт»,  «Тассай», «Мәртөбе», «Таскен», «Қызылсай», «Достық»  шағынаудандары мен тұрғын алаптары қосылатынын,   «Азат», «Мирас», «Нұртас»,  «Нұрсәт», «Қайтпас»,  «Тассай» шағынаудандары мен «Орманшы», «Өтеміс», «Шапырашты» және «Сайрам» тұрғын алаптары – Еңбекші ауданынан  жаңа  төртінші ауданның құрамына кіретінін атап өтті.
Сессия барысында депутаттар қала бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату  тарифтерін бірыңғай етіп, 102 теңгеге бекітті. Қазіргі уақытта  қалада  7 мекеме  қоқыс шығарумен айналысады. Олардың  тарифтері әртүрлі болатын. Енді  олардың бағасы теңесіп, көпқабатты үйлер үшін 102 теңге, ал жеке сектор тұрғындары үшін 120 теңге болмақ. Ал, заңды тұлғалар үшін қызмет көрсету құны бір текше метріне 920 теңге. Сондай-ақ, сессияда қалалық мәслихаттың депутаты Дулат Қожамжаровтың басқа қалаға көшуіне орай депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды.
Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл толуына орай, қалалық мәслихаттың хатшысы
Н.Бекназаров мерекеге арнап шығарылған төсбелгіні ең алдымен қала әкіміне тапсырды. Мұнан соң, барлық халық қалаулыларына, сонымен қатар, ардагер депутаттарға да төс белгі табыс етілді.

Э. МАҚСАТ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.