×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Өз құқығын бiлмейтiндер көп

Пятница, 12 Июнь 2015 05:46

Прокуратура қызметкерлерінің тексеру жұмыстарының нәтижесінде, өңірде еңбек заңдылықтарын сақтау мақсатында 2244 азаматтың құқығы қорғалып, жалпы көлемі 117 миллион теңгенің жалақы қарызы өндірілген.

chinovnikБұл жөнінде «Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еңбек дауларын шешу жолдары: тәжірибе мен проблемалар» тақырыбында өткен облыстық тәжірибелік конференция барысында кеңінен айтылды.
Әлеуметтанушылардың жүргізген сауалнамасы көрсеткендей, жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы еңбек дауына қатысты қайшылықтардың 50 пайызы жалақының уақытылы берілмеуінен, 38 пайызы жалақының аздығы себебінен туындайтын көрінеді. Жиын барысында баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов осынау деректерге баса тоқталып өтті.
– Бұл ретте еңбек дауының туындауына көбіне, қызметкерлердің өз құқығын толық біле бермеуі себеп. Сол себептен де, жұмысшылардың сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында ұйым-мекемелерде жүйелі түрде арнайы оқу сабақтарын ұйымдастырып тұру маңызды, - дейді Ерлан Қуанышұлы.
Сондай-ақ, жиынға қатысушылар еңбек дауына байланысты жұмыскерлер алдында қарызы бар мекемелерді мемлекеттік тендерге қатыстырмау жайын да көпшіліктің талқылауына ұсынды. Жалпы, конференция барысында айтылған ұсыныс-пікірлер Қазақстан кәсіподағының 110 жылдығы аясында өтетін ҚР
кәсіподақтар Федерациясының кезекті ХХІV съезінде талқыланатын болады.

Қалаға қосылған елдi мекендер

Пятница, 12 Июнь 2015 05:22

Шымкент қаласының аумағына жаңа бас жоспар бойынша қосылған елді мекендердің сәулеті мен кескін-келбеті заман талабына сай болуы тиіс. Бұл ретте, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен инфрақұрылымдық қызмет сапасын көтеру – өзекті мәселе. Осы мақсатта, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы мен бір топ депутаты Еңбекші ауданына қарасты елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, бір қатар мәселелермен танысты.

DSC 0561

Қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров, депутаттар Ғани Ташқараев, Нұркөз Жаңабаев, Нұрғазы Бұқарбаев, Оразбек Ешімбеков және Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов ең алдымен, «Шаңырақ» тұрғын алабында болды. Сайрам ауданынан бөлініп, «қалалықтар» мәртебесін иемденген елдімекенде бүгінде 500 отбасы тұрады. Кездесу барысында мәлім болғандай, «Шаңырақтың» тұрғындарын ең әуелі мектеп пен балабақшаға мұқтаж. Себебі, әлі күнге ата-аналар балаларын 5 шақырым қашықтықтағы №98 мектепке жіберу үшін қос бірдей автобустың қызметін жалға алып, пайдалануға мәжбүр.
– Бұл үшін ата-аналар қауымы қаржы жинап, автобус жүргізушілеріне ай сайын 25 мың теңге жалақы төлейді. Ал, автобус иелері бұл қаржының тіпті жеткіліксіз екенін айтып, қосымша ақша сұраумен келеді, – дейді ауыл биі Анармет Арзиқұлов.
Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясовтың айтуынша, бұған дейін Сайрам ауданы әкімдігі тарапынан арнайы жер бөлініп, 600 орындық мектеп пен 250 орындық балабақша ғимаратын тұрғызуға арнайы жоба қарастырылған. Жобалық-сметалық құжаттар қолдау тауып, жүзеге асырылса, тұрғындардың білім ұясына деген мұң-мұқтаждығы көп ұзамай шешімін табуы тиіс. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үшін сапалы ауызсу мен жол мәселесі де өзекті. Өз кезегінде, мәслихат хатшысы аталған мәселелер тұрақты комиссиялардың бақылауына алынатынын жеткізді.

DSC 0625

 

Базарқақпа – Сайрам ауданынан қала аумағына енген ірі елді мекендердің бірінен саналады. Арнайы келген топ мұнда әсіресе, құжаттандыру жұмыстарының кешігіп жатқанына айрықша көңіл аударды. Аяқжол мен бағдаршамның қажеттігі де осы кездесу барысында хаттамаға тіркелді. Сондай-ақ, елді мекенде барлығы 20 көпқабатты тұрғын үй бар болса, ондағы кәріз жүйесін қалпына келтіру жұмыстары да күн тәртібінің алдыңғы кезегіне сұранып-ақ тұр.
Мәслихат депутаттары арнайы келген Тұрдабад, Елтай елді мекендерінің тұрғындарын да алаңдататын жағдай нақ осы – инфрақұрылымдар қызметінің сапасын жақсарту жайы болды. Дегенмен де, Тоғыс елді мекенінде бүгінгі таңда қалыптасып отырған ахуалға топ мүшелері айрықша назар аударды. Ауыл тұрғыны Қалмырза Махамбетәлиевтің айтуынша, бірнеше елді мекендерден топталып келіп, бір арнаға тоғысқан кәріз жүйелерінің суы арнайы бақылаудың болмауы себебінен, Бадам өзеніне құйылуда. Бір кездері қалдық суды тазарту жұмыстарымен жүйелі түрде айналысып келген тазалық мекемелерінің қызметі қазіргі сәтте аса қажет болып тұр.
– Әрине, мұндағы қалыптасып отырған ахуалға бей-жай қарауға болмас. Себебі, Шымкент қаласының орталығын қақ жарып өтетін Бадам өзенінің жағалауын абаттандыру мақсатында қыруар қаржы жұмсалып жатқаны баршамызға да мәлім. Сөйте тұра, өзеннің бастауында тұрған аумақты кәріз жүйелерінің қалдығымен ластау ақылға сыймайды. Бұл мәселенің тез арада шешімін табуына күш салатын боламыз, - дейді қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров.
Жергілікті тұрғындармен кездесу барысында қалалық мәслихат хатшысы айтылған ұсыныс-пікірлер бақылауға алынатынын, алдағы уақытта бірқатар мәселелер «Даму» әлеуметтік картасы аясында шешімін табатынын жеткізді.

Мемлекеттік аппаратты реформалауөз кезегінде, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеруге ықпал ететін болады. Яғни, ендігі жерде, сала мамандарын іріктеудің тәртібі күшейеді.

Осы мақсатта іс басындағы барлық мемлекеттік қызметкерлер кешенді аттестаттаудан өтпек. Еліміздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары, Елбасы Н.Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам аясында айтылған осынау міндеттеме ауқымы өңірлік тәртіптік кеңес жиынында кеңінен сөз болды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары Берік Бекжанов жоспардың кіріспесінде айтылған «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» тетігі әрбір мемлекеттік қызметшінің жауапкершілік міндетін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, қызметке жаңа кіріскен департаменттің баспасөз хатшысы Ерлан Ермаханбетовке сәттілік тілеп, жаңа ашылған www.anticorruption-uko.kz веб-сайтын жиналған көпшілікке ресми түрде таныстырды.

Жиын соңында Берік Айдарбекұлы Шымкент қаласының №2 емханасының бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс бойынша ресми мәлімдеме жасады. Айта кетейік, аталған лауазым иесі 100 мың теңге пара алу барысында құрықталған. Қазіргі таңда, аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 366 бабы 3 бөлігінің 2 және 4-тармақшаларына сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Биыл «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында бөлінетін гранттар саны 3 есеге артып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында «Өрлеу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов мәлімдеді. Шымкентке арнайы іссапармен келген ол Оңтүстіктің жастарын еліміздің өзге өңірлерінде тегін білім алып, жұмысқа орналасуға шақырды.

Жобаға сәйкес, бастамашылар кейінгі толқынды  еліміздің оңтүстік өңірлерімен салыстырғанда халық саны аз, білікті маман тапшы солтүстік аймақтарына қарай шоғырландыруды көздейді. Жобаның мақсатыжастарды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, әлеуметтік саланың әлеуетін көтеру.

– «Серпін – 2050» бағдарламасы жастар үшін керемет мүмкіндік. ҰБТ-дан төмен балл алып қалсаңыз да, грантқа ие бола аласыз. Әр студентке үш мезгіл тамақ, киім беріліп, ай сайын шәкіртақы төленеді. Жатақхана тегін. Бүгінде бағдарлама аясында білім алып жатқан студенттердің басым көпшілігі сол өңірлерде тұрақтап қалуға қарсы емес екендігін айтады, – дейді Мұрат Абдуламитұлы.

ОҚО, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау өңірлерінде демографиялық өсім жоғары, алайда жұмыс орындары тапшы. Ал, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында керісінше. Зауыт-фабрикалар көптеп салынып жатқанымен, кадр жетіспейді. Сол себептен де, осындай олқылықтардың орнын толтыруды көздеген «Серпін – 2050» бағдарламасына ҰБТ-да төмен ұпай жинап, оқуға түсе алмай қалған талапкерлер де қатыса алады. Мұндай мүмкіндік мектепті әлдеқашан бітіріп кеткен жастарға да беріледі. Бұл ретте төраға бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытқан жастар үшін толық мәліметті «Serpin-2050.kz» сайтынан алуға болатынын атап өтті.

Жерлестерiмiз жеңiспен оралды

Пятница, 15 Май 2015 03:34

Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында өткен теннистен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы ойындарында бақ сынаған жерлестеріміз табыспен оралды.

getАтап айтқанда, Шымкент қалалық теннис спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Дастанбек Ташбулатов жекелей сында топ жарып, жеңімпаз атанса, жұптасып өнер көрсетуде де ешкімге дес берген жоқ. Қазақ елінің мерейін асырған талантты спортшының бүгінгі тырнақалды жетістіктерін мамандар аса жоғары бағалап отыр.
– Жас спортшының алдағы байрақты бәсекелерде өзін жоғары деңгейде танытарына сеніміміз зор, – дейді аталмыш спорт мектебінің директоры Серік Құлтаев. – Құрлықтық біріншілікте қарсылас шыдатпаған Дастанбектің ендігі мақсаты – әлемдік біріншіліктерде ел қоржынына жүлде салу. Сондай-ақ, мектеп басшысы мамыр айының 1-7 жұлдызы аралығында Алматы қаласында өткен ҚР халықтары спартакиадасында бадминтоннан ОҚО құрамасы командалық есепте жеңімпаз атанып оралғанын мақтанышпен жеткізді. Құрама қатарында аталмыш мектеп спортшысы, спорт шебері Эльдар Халметовтің өнер көрсеткенін де айта кеткен жөн.

DSC 0040-2Қан майданда ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына тағзым етіп, жеңіспен оралған ардақты ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында «Мерей» салтанат сарайында арнайы ақ дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, Ұлы Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан ардагерлерді мерекемен құттықтады.


DSC 0040-1– Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік өңірінен 140 мыңнан астам адам майданға аттанған болса, олардың жартысынан астамы туған жерге оралмады. Сол кездегі от пен оқтың арасынан елге аман-сау оралған майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін қадірлеп, лайықты құрмет көрсету біздің перзенттік парызымыз болып қала бермек. Майдан даласындағы жанқиярлық ерлігінің нәтижесінде, біздерге бейбіт өмірді тарту еткен ардагерлерге деген құрметіміз шексіз, ‒ деді қала әкімі.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы аумағында барлығы 183 соғыс ардагері бар.

Жеңістің 70 жылдығына арналған «Уақытқа бағынбайтын естелік» атты өңірдегі қылқалам шеберлерінің көрме-байқауы мәресіне жетті.

ukaytka bagynbaitynБейнелеу өнері мұражайының Көркемсурет галереясында өткен көрме-байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі кескіндеме, графика және фотосурет өнері бойынша анықталды. Байқауға облыс аумағынан 47 талапкер жалпы саны 130 туындысын ұсыныпты.

– Байқаудың мақсаты – бейнелеу өнері, фототуындылар арқылы өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сүйіспеншілігін арттыру және ел ішінде жүрген дарын иелерін анықтап, шығармашылығына қолдау көрсету, олардың өнер туындыларын халық арасында насихаттау болып табылады, – дейді облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы.

Байқауға ұсынылған туындыларды кәсіби білікті мамандардан құралған қазылар алқасы сарапқа салды. Нәтижесінде, графика өнері бойынша Батырхан Баймен, кескіндеме өнері бойынша Айнабек Оспанов және фотосурет өнері бойынша Мақсат Шағырбаевтың туындылары үздік деп танылды. Байқау жеңімпаздары тиісінше, 300 мың теңге жүлдеге иелік етсе, өзге де байқау жүлдегерлері мен түрлі номинация иелері қомақты қаржылай сый-сияпатпен марапатталды.

 

ukaytka bagynbaityn2   ukaytka bagynbaityn3

 

Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, Шымкент қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жеңіс жолы» эстафетасы мәресіне жетті. Орталық саябақта 3 ай уақытқа созылған эстафетаны қорытындылаған «Ұлы Жеңіс ұрпағымыз» жиынында мектеп оқушылары сап түзеп, үздік деп танылған сахналық қойылымдарын орындады.

Айта кетейік, эстафета аясында барлық қала мектептерінде «Ерлікке тағзым» қамқорлық акциясы, «Жеңіс туы желбіресін!» рәміздік топтар байқауы, «Сұңқар» патриоттық саптық ән байқауы, «Ерлік даңқы мәңгілік!» өнер фестивалі ұйымдастырылған болатын. Қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығында өз бастауын алған эстафетаның «Мәңгілік алау» ұшқыны №1 мектеп-гимназиясына тапсырылған еді. Игі үрдіс жалғасын тауып, алау ұшқыны тиісінше  реттік нөмірімен мектептен-мектепке беріліп отырды.
– Мақсат – эстафета барысында жас талант иелерінің есімін көпшілікке кеңінен таныстыру, Отанды қорғау жолында кеудесін оққа тосқан жауынгер ағаларымыздың рухына тағзым ету, соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу ұйымдастыру арқылы жасөспірімдерді ерлік рухында тәрбиелеу болып табылады. Эстафета аясында мектеп оқушылары арнайы альбом дайындап, көрме жұмыстарын да ұйымдастырды, – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиев.
Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, көк аспанға шар ұшырылды. Сондай-ақ, оқушылардың арнайы дайындаған альбомдар жинағы қалалық мұражай қызметкерлеріне табыс етілді.

Страница 32 из 37