Респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді респонденттер бастапқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Ерназар Сейтханұлы айтты.
Бала бақытты болу үшін жаралған. Адам өмірінің мәні мен сәні – өсіріп отырған ұрпағы. Бүгінгі ерке құлыншақтар – еліміздің ертеңі мен болашағы. Келер күннің айнасы.

ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Среда, 05 Июнь 2024 05:19 Автор
Шымкентте инклюзивті балалар марафоны биыл тамыз айында екінші рет өтпек. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған марафонның басталуына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Еліміздің үшінші мегаполисінде «Shymkent Invest» фронт-офисі ашылды. Ұйым инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын жергілікті және шетелдік инвесторларға жоба идеясы басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін қолдау шараларын жүргізіп, экспорттау, дамуды қаржыландыру бойынша қызметтер көрсетеді. Кеңсенің ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен қала прокуроры Ғабит Мұқанов қатысты.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай және Өзбекстан инвесторларымен кездесті. «Қытайдың 22-ші металлургиялық корпорациясы» АҚБ өкілдері қаламызға инвестиция салып, бірқатар әлеуметтік және спорттық нысандар салуға ниет білдірді. Сонымен қатар, «B.A.Holding» басшылығымен металлургия зауытын салу мүмкіндігі талқыланды.
Шымкент қаласындағы емханалар жанынан ашылған үздік тәжірибелік орталықтардың жұмысы республикадағы медициналық ұйымдарға үлгі ретінде таратылуда. Маңғыстау облысынан келген арнайы делегация қалалық №6 емхананың үздік тәжірибесімен танысты.
Шымкентте өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек баспасөз бринфингін өткізіп, 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

ӘЙЕЛДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ АЙҚЫН

Пятница, 31 Май 2024 05:51 Автор
Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 458 жұп бедеулікпен есепте тұр. Қазіргі медицинаның мүмкіндіктері әйелдер ағзасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бедеулікпен күресуге мүмкіндік береді. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2021 жылдан бастап 351 әйел ана атанып, 403 бала дүниеге келді. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің құрылысы мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу мәселесін қарады.

ШЫМКЕНТКЕ 20 ГРАНТ БӨЛІНДІ

Среда, 29 Май 2024 05:45 Автор
Zhas Project – жастардың бастамалары мен идеяларын қолдауға арналған мемлекеттік жоба. Жеңімпаздарға мемлекеттік грант, яғни қаржылай сыйақы беріледі. Бұл жоба 2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап Қазақстанның 20 аймағында басталған. Шымкент қаласында бұл жобаны «Қорған-М» ҚБ жүзеге асыруда.