«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласының аудан аумақтарында тазалық акциялары өтуде. Атап айтқанда, Абай ауданы аумағындағы Тұрлан шағынауданы Шмидта көшесінің бойында тұрғындар тазалыққа үлес қосты.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 15 ГЕКТАР ЖЕР ТАЗАЛАНДЫ
Четверг, 25 Июль 2024 06:46 Автор Редакция
ҚР Президентінің бастамасымен қолға алвнған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы Шымкент қаласын кең ауқымда жалғасын тауып жатыр. Бұл акция жаңа экологиялық мәдениетті және азаматтардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте жылу маусымына дайындық, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралып, мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылаудың қорытындысы талқыланды.
Шымкент қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары С.Мүксімовтің төрағалығымен жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында қатысушылар бюрократиядан арылту бағытында жүргізілген талдау нәтижелерін қарастырды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһардағы бірқатар нысындарды аралады. Қаратау ауданы Тассай және Таскен шағынаудандарындағы көшелердің орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аудан әкімдігі мен құрылысқа жауапты мамандарға жол жөндеу жұмыстарын сапалы әрі кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын заңды әзірлеу мен қабылдауды тапсырған еді. Жүктелген міндет шеңберінде еліміздің барлық елді-мекендері мен қалаларында «Қоғамдық қабылдаулар» мен «Ашық есік» күні жиі…
Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. Нұржан Нұрханұлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары, балаларды суда жүзуге тегін үйрету, заң талаптарын бұзушыларды жауапқа тарту сынды жұмыстардың нәтижелерін баяндады.
Қаратау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан ардагерлері мен аудан әкімдігі аппараты қызметкерлері ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қаппаровамен кездесу өткізді.
ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР НЕЙРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫМЕН БАС МИ ІСІГІНЕ ЕРЕКШЕ ОТА ЖАСАДЫ
Среда, 24 Июль 2024 05:47 Автор Редакция
Шымкент қалалық №2 ауруханасында алғаш рет нейронавигациялық құрылғы көмегімен бас ми ісігіне ота жасалды. Дәрігерлер жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету арқылы 72 жастағы қарияны аман алып қалды.
Жол қауіпсіздігі – көп мемлекет үшін әлеуметтік және экономикалық дамуға әсері бар басты мәселелердің бірі. Жол ережесін сақтау - қауіпсіздік кепілі, ережені сақтау - баршаның міндеті.