Үздік жобалар анықталды

Пятница, 07 Июнь 2024 06:41 Автор
Шымкентте бұрынғы балалар темір жолының бойы жаңа серуен алаңына айналады. Осыған орай қала әкімдігі балалар темір жолының 2-станциясы болған аумақтан кофехана ашылатынын айтып, кәсіпкерлер арасында байқау жариялаған еді. Байқауға 17 үміткер кофехана қатысты. Арнайы құрылған 9 мүшеден тұратын комиссияның отырысында ұсынылған концепциялар егжей-тегжейлі қаралып, дауысқа…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қабылдауға алдын-ала жазылған азаматтармен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды. Тұрғындар баспана алу, жұмысқа орналасу, жер телімдерін беру және заңдастыру, инфрақұрылым мен жолдардың сапасын жақсартуға қатысты мәселелерді көтерді. Жауаптылар барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірді. Әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу шаралары мен өзге де мәселелер қаралды.
Шымкентте «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Іс-шара ана мен бала ескерткішіне тағзым етуден басталды.
Шымкент тұрғындары «Арбат» алаңында өткен «Халық заңгері» акциясына белсенді қатысты. Акцияға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те келді.

Хабарландыру

Среда, 05 Июнь 2024 05:38 Автор
Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев 2024 жылдың 12 және 26 маусым күндері сағат 15-00-ден 16-00-ге дейін мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды жеке қабылдау өткізеді (Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 10).
3-4 маусымда еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. 3 маусым күні жергілікті уақытпен 16:00-де қала әкімдігінде жер сілкінісіне дайындық мәселелері бойынша оқу-жаттығу іс-шарасы өтті.

39 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Среда, 05 Июнь 2024 05:35 Автор
Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5%-ы сапалы ауыз сумен қамтылған. 2026 жылы 100 % сапалы ауыз сумен қамтылу жоспарлануда. Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы баспасөз брифингінде баяндады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардың тәртіптік комиссия төрағаларының қатысуымен жиналыс өткізді.
«Асар» шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасынан «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару» ресурстық орталығы ашылды. Үшінші мегаполисте алғаш рет қолға алынған оқыту-әдістемелік орталығының ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова қатысты.