«Баку оттарын» сөндiрдiк

Пятница, 27 Март 2015 07:39 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4980 раз

«Астана арландары» Шымкент төрінде керілген шаршы алаңда әзірбайжандықтарды да есеңгіретті. Жеңілатлетикалық манежде өткен қарымта жекпе-жек 4:1 есебімен біздің еншімізге жазылды. «Арландар» В тобының даусыз көшбасшысы.

21-03-2015-Astana-Arlans-Kazakhstan-vs-Azerbaijan-Baku-FIresЕкі команда да B тобындағы ең әлеуетті ұжым. «Баку оттары» топтағы рейтингте соңымыздан екшеп келеді.
Сонымен, бәрі жекпе-жек барысында айқын аңғарылды. Марат Жақиев 52 келі салмақта Олжас Сәттібаевқа үміт артты. Бұл маусымда жамбылдық өрен бапкерлердің сенімінен шығып жүр. Рабаданов та қазақ боксшысына қайрат көрсете алған жоқ.  
Сәттібаев қарсыласынан бір бас жоғары тұрды тіпті. Жанкүйерлер әсіресе, Зәкір Сафиуллин мен Альберт Селимовтың айқасын көруге ынтық еді. Ол заңдылықтай. Сафиуллин бұл жолы ерлік көрсетпесе, рейтингтегі жағдайы құлдырай беретінін түсінген.  Селимов әлем чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы оңай қарсылас емес. Кескілескен шайқаста жерлесіміз де біршама соққысын дарытқандай көрінген. Ал, төрешілер жеңісті қонаққа бергенін түсінбей күйеміз біз.
Қанағат Маралов дебютін өткізіп, жеңіске жетті. Парвиз Багиров та өршелене алға ұмтылады. Маралов қуатты соққысымен түйдектете өтеді. Бес раунд бойы дамыл таппай, жеңіс тойын тойлады. 81 және +91 келі салмақтағы қарсыластар бұған дейін жұдырықтасқан. Бір-бірінің қарымын біледі. Хрвое Сеп беларасуь жігітін бұған дейін діңкелеткені бар. Хорват қыраны Довгалевецтің салмақ өлшеу рәсімінде-ақ  мысын басып тастағысы келетінін аңғартты. Залда отырғандарды бір күлдірген.
Көпшіліктің ойлағанындай болды. Хрвое Сеп  те, ауыр салмақтағы алып  Филипп Хргович те айызды қандырып, қарсыластарын ойсырата жеңді.
Осылайша қос хорватиялық  қыран бәсекеге жеңіспен нүкте қойды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.