Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп атқарған жұмыстар.
Среда, 27 Март 2024 05:50Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қоғамдық бірлестік өкілдерімен бірлесіп қаламыздағы ірі сауда орталықтырның өкілдеріне және сатушыларына «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларын және сатушыға қатысты міндеттерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы А.Нұрғали
АДАЛ БОЛУ – АБЫРОЙЛЫ ӘРІ ТИІМДІ
Среда, 27 Март 2024 05:41немесе жалпыға ортақ декларациялау салық мәдениетінің артуына ықпал етеді
Ұлттық құрылтайдың Атырау қаласында өткен үшінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндеті Әділетті Қазақстанды орнату екенін айта келіп: «Шын мәнінде, әділдік, ең алдымен, жұрттың бәріне бірдей құқық беру және жауапкершілікті баршаға тең жүктеу деген сөз. Әділдік пен жауапкершілік – тығыз байланысты ұғымдар. Басқаша айтсақ, жауапкершілік болмаса, әділдік те болмайды. Әркім өз ісіне, міндетіне жауапкершілікпен қараса, жеке азамат та, бүкіл ел де табысқа жетеді. Әділдіктің қуаты – осында» деп, тұжырымды ой айтты.
ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ҮШТІКТЕ
Среда, 27 Март 2024 05:39Франция астанасы Парижде алауы тұтанатын жазғы Олимпиада ойындарының басталуына да санаулы айлар қалды. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
ПРЕЗИДЕНТТІҢ АТЫНАН ПӘТЕР БЕРІЛДІ
Среда, 27 Март 2024 05:34Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина Гафароваға пәтер кілттерін табыс етті.
ЗЕЙНЕТКЕРГЕ БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Среда, 27 Март 2024 05:31Өткен жылдың қараша айында Еңбекші ауданында Қамысты көшесіндегі кәріз құбыры жарылған болатын. Осының салдарынан Ахмет Мәметов көшесінде орналасқан 4 тұрғын үйдің аумағы мен балабақша ауласы су астында қалды. Апаттан зейнеткер Людмила Панкратованың үйі айтарлықтай зақымданды.
РАМАЗАНДАҒЫ ИГІ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Среда, 27 Март 2024 05:30Жыл сайынғы дәстүр бойынша Рамазан айының құрметіне орай қаламызда әлеуметтік осал топтар тізімінде тұрған жандар, көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтарға азық-түлік қоржыны таратылды. 21 наурыз күні қаладағы мешіттерде жалпы саны 800-дей мұқтаж жанға көмек көрсетілді. «Ақмешіт» орталық мешітінде 100-ге жуық адамға қоржындар табысталды.
ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ҚЫЛМЫС САНЫ АЗАЙҒАН
Среда, 27 Март 2024 05:29Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша жалпы криминогендік ахуал тұрақты. Жыл басынан бері қала аумағында тіркелген қылмыстар саны 36,3 пайызға азайған. Бұл туралы толығырақ жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов баспасөз брифингінде мәлімдеді.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛУДА
Среда, 27 Март 2024 05:28Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП ЖШС) жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ хабарлады.