АЛАЯҚТЫҢ АДЫМЫ ҚЫСҚА

Пятница, 17 Март 2023 05:45

немесе Пилоттық жобадан не күтеміз?

Шымкентте «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» атты пилоттық жоба басталды. Жоба аясында қалалық прокуратура, жергілікті құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесе әрекет етіп, алаяқтықтың алдын алу шараларын қолға алды. Биыл жаңа жылдан басталған пилоттық жобаға қала әкімдігі де қолдау көрсетіп отыр. Себебі, сала өкілдері қоғамға жаңа технологиялар дендеген сайын, елімізде алаяқтық қылмыстар да түрленіп, күрделене түсті деп дабыл қағуда. Алаяқтарға алданбаудың жолы қандай? Жаңа жоба қандай нәтиже береді? Жауапты мамандардың пікірін сараласақ.

502

Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол, инфрақұрылым, абаттандыру жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Өткен жылы бесінші ауданның құрылуына байланысты Еңбекші ауданында біршама өзгерістер орын алды. Мәселен, Еңбекшіге Қаратау ауданынан Исфиджап, Орманшы, Достық тұрғын алаптары мен Азат шағынауданы қосылды. Өткен жылы атқарылған негізгі жұмыстар және алдағы жоспарымен аудан әкімі Досбол ЕСІЛБЕК бөлісті.

315

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Шымкент қаласына іссапармен келді. Министр алдымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында қала тұрғындары және бизнес қауымдастықпен кездесті. Серік Мақашұлы бұған дейінгі кездесулерде көтерілген өзекті мәселелердің шешімін тапқанына жан-жақты тоқталып, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді.

97

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Пятница, 03 Март 2023 04:23

Шымкент қаласы прокуратурасы жергілікті құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда. Шымкент қаласы Прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының басшысы Жандос Досанов баспасөз брифингінде жаңа пилоттық жобаның іске асырылу барысынан хабардар етті.

85

Мейіржан – университет мақтанышы

Пятница, 24 Февраль 2023 05:59

bitimi-bolek-baluan

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 4-ші курс студенті Мейіржан Әбдімәліков өткен жылы қазақ күресінен әлем чемпионатында үшінші орынға иелік етті. Жастар арасында, аса ауыр салмақта белдескен жас дарын әлемдік сайысқа алғаш қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. М.Әбдімәліковтің бүгінде салмағы 145 келі тартады. Болашақта «Қазақстан барысы» турнирінде Шымкент қаласының намысын жыртар талапты жастың бірі. ОҚУ-дің Аграрлық факультетінде оқитын жас қайрат оқу орнының 7-ші корпусындағы күрес залында шеберлігін шыңдауда.

Аталған күрес залының жеңісті дәстүрі бар. Білікті маман, Шымкент қаласының дзюдодан ересектер құрамасының аға бапкері Еркебай Тілешбековтің дарынды шәкірттері бір шоғыр. Өткен жылы осы осы залда тер төккен шәкірттер әлемдік және халықаралық турнирлер, ел чемпионаттарында үздік шықты.

Атап айтқанда, Ұлдана Үсейінова дзюдодан жастар арасында ҚР чемпионатында 3-ші орын, Мейіржан Әбдімәліков дзюдодан жастар арасында ҚР чемпионатында және қазақ күресінен жастар арасында ҚР чемпионатында 3-ші орын жеңіп алды. Санжар Нұрсейіт самбодан жастар арасында ҚР чемпионы және әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, грепплингтен бойжеткендер арасында Аружан Елікбаева, Бақдәулет Абызов ересектер арасында әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды.

Іргелі оқу ордасының студенттері дәстүрлі Универсиада ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді. Тарихтан сыр тартсақ, Базарбек Дөңбай, Александра Подрядова сынды Олимпиада ойындарына қатысқан дзюдошылар да осы күрес залында шеберліктерін шыңдаған.

Сондай-ақ, ОҚУ түлегі Нұрсат Темірхан былтыр XI «Қазақстан барысы» турнирінде 4-ші орын алды. 2018 жылы «Оңтүстік барысы» Ерсұлтан Мұзаппаров осы межеден көрінген. Араға төрт жыл салып, 1999 жылғы жас өрен Нұрсат Темірхан жартылай финалға шықты. «Тілеу» лақап атты, салмағы 120 келі тартатын жерлесіміз ширек финалда «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевтен (Ақтөбе облысы) басым түсті. Әттеген-айы, жартылай финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповпен белдесуде қолын жарақаттап, үшінші орын үшін белдесуге шыға алмады.

Иә, шаһарда қазақ күресінен ауыр салмақтағы дарынды жастардың қатары артып келеді. Нұрсат Темірхан, Марат Байқамұров, Нұрсұлтан Қожагелді... Міне, енді олардың қатарына Мейіржан Әбдімәліков те қосылды. Ендігі үміт – жастарда.

Бітімі бөлек балуан

Пятница, 24 Февраль 2023 05:50

bitimi-bolek-baluan-2

Өткен жылдың соңында қазақ күресінен Астанада өткен әлем чемпионатында шымкенттік балуандардың жеңісі көпшілікті таңдандырды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында әлемнің 40-қа жуық елінен келген 350 спортшы әлем чемпионы атағын сарапқа салды. Ұлттық спорттың төресі – қазақ күресінің небір сайыпқырандарының өнерін тамашаладық. Осылайша Елорда төрінде кезекті рет ұлттық спортымыздан әлемдік сайыс дүркіреп өтті.

Әлемдік сайыста Шымкент қаласының балуандары 3 алтын, 1 қола жүлдемен мерейімізді асырды. Ересектер арасында Жұмажан Қожамбеков (74 келі), Марат Байқамұров (100 келі) жеңімпаз атанса, жастар арасында Жұмажан Қожамбеков (74 келі), Мейіржан Әбдімәліков (+100 келі) қола жүлде иеленді. Жеңімпаздарды Шымкент әуежайынан жерлестері зор қошеметпен қарсы алған.

Бітімі бөлек, дарынды жас Жұмажан Қожамбеков осы сында қарсылас шыдатпады. Бозкілемде еркін ойқастайды. Қарсыластың осал тұсын лезде таба білетін білекті балуанның өрелі өнеріне сүйсіндік. Рас, бойында бұла күші тасыған жастың өткен жылы жауырыны жер иіскеген жоқ. 2022 жылы өзі қатысқан барлық жарыста, жалпы 6 бәсекеде топ жарды. Әуелі 2021 жылы жастар арасында ҚР чемпионатында үшінші орыннан көрінген. Осы орайда жерлесіміздің 2022 жылғы жеңісті сәттерін тізбектеп көрсек.

Дарынды жас алдымен Талдықорғанда өткен жастар арасында ҚР чемпионатында үздік шықты. Әрі қарай ересектер арасында Қазақстан кубогы (Қостанай), ересектер арасында ҚР чемпионатында (Атырау) 1-ші орын алды. Одан кейін Түркістан қаласындағы «Тұран барысы» Азия кубогы және Астанада ұйымдастырылған «Дала қырандары» сайысында да топ жарды. Жылдың ең соңғы сайысы – әлем чемпонаты. Жерлесіміз Астана төрінде жастар арасында да, ересектер арасында да әлем чемпионатының жеңімпазы атанып қайтты.

Әлем чемпионатында ересектер арасындағы бәсекеде Албания, Әзірбайжан, Моңғолия, Грузия спортшыларын таза жеңді. Жарыстың келесі күні жастар арасында белдесіп, Қазақстан, Өзбекстан, Грузия және Қырғызстан өкілдерін де қоғадай жапырып өтті.

– Былтыр мамыр айынан бастап, жарыстарға қатыстық. Шәкіртім жастар арасында ҚР чемпионатын, ересектер арасында ҚР кубогын жеңіп, бабында екенін байқатты. Одан кейін белбеу күресінен әлемдік Гран-при додасына қостық. Одан әрі қарай да жарыстар жалғасып кетті. Азия кубогы, «Дала қырандары» және Әлем чемпионаты. Жылдан жылға тәжірибесі шыңдалып, өзіне сенімділігі артып келеді. Алда әлі талай жарыстар бар. Бұл жігіт кілемде өзінің тактикасын, әдіс-айлаларын еркін қолдана алады. Әлем чемпонатында жанында болып, намысын жаныдым. Шәкіртім сенімімді ақтады, – дейді жеке бапкері Олжас Кенеханов. О.Кенеханов бүгінде Шымкент қаласының қазақ күресінен жастар құрамасының аға бапкері қызметінде.

Жұмажан Әзімжанұлы 2002 жылы Түркістан облысы Отырар ауданы Қостерек ауылында дүниеге келген. 2012 жылы ауылда Ұлықбек Уайсов қазақша күрес үйірмесін ашып, жас балаларды ұлттық спортқа баули бастады. Жұмажан да алғашқыда осы бапкерден тәлім алды. 10 жасынан бастап күреске қатысып, 2018 жылы Шымкент қаласындағы Болашақ колледжіне оқуға түседі. Қазіргі жеке бапкері Олжас Кенехановтың қоластында 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап жаттығып келеді.

3 сыныпта күрес әліппесін үйренген Жұмажан аудандық және облыстық, республикалық түрлі жарыстарда жүлдегер және жеңімпаз атанды. Уақыт сәтімен шеберлігі толысты.

Жұмажан негізінен жамбас, арқаға салып лақтыру, тобықтан қағу әдістерін сәтті орындайды. Әлем чемпионатында да осы әдістері жеңіс биігіне алып шықты.

– Әрбір шәкірттің өзіндік ерекшеліктері болады. Жұмажан әдістерге қорықпай кіріп, еркін істейтін қабілеті бар. Оны өзгелерден ерекшелейтін қасиеті де осы. Қиындыққа төзе біледі. Қателіктерімен көп жұмыс істейді, – дейді О.Кенеханов.

Жұмажан Қожамбеков 2022 жылдың қорытындысы бойынша шаһарда ұлттық спорт түрлерінен үздік спортшы болып танылды. Шымкент қалалық қазақ күресі федерациясы демеушілер тарапынан темір тұлпар мінгізген-тін. Жас дарын қазіргі таңда қалалық ұлттық және ат спорты түрлері бойынша кешенді клубының шәкірті.

bitimi-bolek-baluan-3

Иә, Шымкент қаласында қазақ күресінен жеңісті дәстүр бар. Шаһарда қазақ күресін дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ұлттық спорт түрлері – ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл мұрамыз. Біз оны көздің қарашығындай сақтап, дамытуымыз керек. Қазақ күресінен әлемдік деңгейде олжа салған әлем чемпионы, «Әлем барысының» күміс жүлдегері, «Еуразия барысының» жеңімпазы Ерсұлтан Мұзаппаров, Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Әділжан Ыстыбаев сынды әйгілі балуандарымыз бар. Енді олардың қатарына Жұмажан Қожамбеков, Марат Байқамұров сынды сақа балуандар қосылды. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 4 спорт мектепте қазақ күресінен 500-ге жуық спортшы кәсіби түрде шұғылдануда. Білікті жаттықтырушылар да жетілікті.

2018 жылы жасөспірім сапында тер төккен балуандар қазір жастар, ересектер сапында белдесіп жүр. Уақыт сәтімен буын алмасады. Қазір дарынды жастардың шоғыры қалың.

Шымкент қалалық қазақ күресі федерациясы спортшыларға жағдай жасау, жарысты жоғары деңгейде өткізуге күш салуда. Былтыр Қажымұқан атындағы Орталық стадион аумағындағы Жеңіл атлетикалық манежде «Шымкент барысы» турнирі бұрынғыдан өзгеше ұйымдастырылды. Балуандар кілемге беттейтін арнайы киіз үй тігілген. Қазақ батырлары тазы ертіп, саятшылық өнерін, ұлттық салт-дәстүрімізді паш етті.

Осындай қолдаудың арқасында дарынды шәкірттер шоғыры қалыптасып келеді. Ұлттық спортты дамытуға жағдай жасалып жатыр. Қазақ күресінен ересектер арасында Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы Руслан Үсембеков те шәкірттерді жарысқа тыңғылықты даярлап, еселі еңбек етіп жүр. Алда Жұмажандай жас өрендер көптеп шыға берер. 2023 жылға да жас талап алдына зор мақсат қойып отыр. Биыл Өзбекстан Республикасында өтетін Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, әлем кубогында жеңімпаз атануды көздеп отыр. Сонымен қатар, дзюдо күресінен де бақ сынамақ ниетте.

Бірқатар бапкерлер оның дзюдо күресіне де икемі келетінін, олимпиадалық күрес өнерінде де топ жаратынын айтады. Ол – уақыт-сәттің еншісінде. Біз балуанның алдағы жаңа мақсаттарына жетуіне сәттілік тілейміз.

БІ3 БІРГЕМІЗ!

Среда, 15 Февраль 2023 04:34

Орталық «Ақмешітте» бауырлас түрік елінде зілзала апатынан қайтыс болғандардың рухына Құран бағышталып, құрбандық шалынды. Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері және ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі тағылымды іс-шараны бірлесе ұйымдастырып, қиын сәтте бауырлас елмен бірге екенін білдірді.

1032

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ 85 ПАЙЫЗЫ ӨРТТЕН

Пятница, 10 Февраль 2023 04:19

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ақпарттық коммуникациялық орталықта өткізген брифингте 2022 жылы атқарған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы және 2023 жылға арналған жұмыс жоспарларын баяндады.

1016

Страница 7 из 71