Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек ері Мұхтар Шаханов биыл 80 жасқа толды. Ақынның мерейтойы ТМД елдері және еліміздің барлық аймақтарында аталып өтіп жатыр. Жуырда әлем ақыны Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға арнайы шақырылды. Тарлан ақын – ОҚМПУ-дің 1969 жылғы түлегі. Мерейтой аясында шежірелі шаңырақта Мұхтар Шаханов атындағы дәрісхана ашылып, қос той бірге тойланды.
Мұхтар аға Шымкентке осы сапарында газетімізге арнайы сұхбат берді. Тәуелсіздік тойы, елдік мүдде, өмір жолы жайында аз-кем әңгімелестік.

113

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу аудиторлық іс-шарасы қорытындыланды.

97

Елімізде көші-қон саясатын жетілдіру, адам құқықтарын қорғау өзекті мәселелердің бірі саналады. Нарықтық экономикада адами капиталды дамыту, еңбек ресурстары күшін пайдалану, мигранттар арқылы өндірісті дамыту жаңа міндеттер жүктеді. Жуырда Шымкент қаласында Көші-қон жөніндегі жаһандық шарттың жұмысын жандандыру, БҰҰ Көші-қон желісінің елімізде сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша саланың өзекті деген мәселелері зерделенді.

85

«Түркістан» сарайында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев және тағы басқа зиялы қауым өкілдері, белгілі тұлғалар қатысып, ардагер ұстаздарды, ұжымды мерейтоймен құттықтады.

83

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарын атап көрсетті. Ендігі кезекте өндіріске жаңа технологияларды енгізу, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, энергетика кешенін жаңғырту, тағы басқа бағыттарда жұмысты жүйелеу қажет. Соның ішінде электр желілері мен қуаттардың тозуын азайтуда бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Таяуда Шымкент қаласында Халықаралық ардагер энергетиктердің XI форумы өтіп, онда бірқатар мәселелер талқыға түсті. Жиын жұмысты жүйелеу үшін тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді кешенді шешуді мақсат еткен.

67

Шымкентте жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасы жақсарып келеді. Автобустар 100 пайыз электронды билет жүйесіне өтіп, қоғамдық көлік бағыттары жаңа автобустармен толығып жатыр. Ендігі реформа – кондукторсыз қызмет көрсету жүйесіне көшу. Қазіргі таңда қаламыздағы «Т-Бас» тасымалдаушы компаниясына тиесілі №18 маршрут пилоттық режимде кондукторсыз қызмет көрсетіп жүр. Саладағы өзгерістерді тарқатып айтсақ.

15

Елімізде ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы кең көлемде тойланды. Атап айтқанда, жастарды отансүйгіштікке баулу, рәміздердің қасиетін ұғындыру, санаға серпіліс беру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазір атқарылған жұмыстарды саралау, болашақты бағдарлайтын сәт. Жыл басынан бері Шымкент қаласында мерекеге орай жалпы 5 мыңнан астам ақпараттық материал жарияланған.

806

Иорданияның Амман қаласында өткен бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Шымкент қаласының спортшылары 3 жүлде жеңіп алды. Әйелдер арасындағы бәсекеде Жайна Шекербекова кезекті рет құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды. Жерлесіміз 2010 жылы елорда төріндегі чемпионатта алғашқы алтын жүлдесін қоржынға салған болатын. Енді міне, Амман шаршы алаңында да бағы жанып, Әнұранды шырқатты.

758

Страница 9 из 71