Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Жауапты сынға қатысатын еліміздің спортшылары анықталып қойды. ҚР делегациясы жылдың басты бәсекесіне 700-ден астам спортшыны үкілеп қоспақ. Еліміздің көк туын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшы Надежда Дубовицкая ұстап шығады. Дүбірлі сайысқа аттанатын Шымкент қаласы спортшылары да нақтыланды.

281

zhastar 2

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Конституция күніне арналған «IQ ZHASTAR» қалалық интеллектуалдық сайысы өтті. Аталған жобаға қаланың белсенді жастары, блогерлер, жас журналистер, жайдарманшылар, жас ғалымдар, оқу орнының үздіктері, мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар, кәсіпкерлерден құралған жалпы 16 команда қатысты.

Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов дарындылар сайысына қатысушыларға сәттілік тілеп, көпшілікті мемлекеттік мереке ҚР Конституциясы күнімен құттықтады.

– 16 тамыз күні қала әкімінің төрағалығымен жастар кеңесі өткен еді. Сол жиында жастар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Қала әкімі жастардың ұсынысын қолдау бойынша басқармаға тапсырма берді. Осыған орай жастардың зияткерлік әлеуетін арттыра отырып, жаңа орта табуға көмектесу мақсатында интеллектуалды сайыс жүзеге асып отыр. Бұл сайыс білімді, ізденімпаз, коммуникативті және тапқыр тұлғаларды дайындайтын, жастарды бір арнаға тоғыстыратын бірегей жоба. Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен құттықтай отырып, жоба қатысушыларына сәттілік тілеймін, – деді басқарма басшысы.

Интеллектуалды ойынға қатысушылар негізінен, Шымкент қаласының 14 пен 35 жас аралығындағы жастары. Атап айтқанда, жобада «Тұран», А.Асқаров командасы, «Ордабасы», Әуезов құрамасы, «Жалын», «Ақиқат», «Абадан» сынды командалар бақ сынады.

Зияткерлік ойында Шымкент қаласының жайдарманшыларынан құралған «Жайдарман» командасы жеңімпаз атанды. ОҚУ-дың Әуезов құрамасы екінші, А.Асқаров командасы үшінші орынды иеленді.Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілхайыров жеңімпаздарды құттықтап, арнайы жүлделерді табыс етті.

Шаһардағы «3-Энергоорталық» АҚ-ның станция жабдықтарын жөндеу мақсатында бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы және қысқа дайындық жұмыстары бойынша арнайы баспасөз туры өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дархан Қайыңбердиев, қала мәслихатының депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты. Шымкент қаласының табиғи монополияларды реттеу департаменті қала әкімдігімен бірлесіп, 2022-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны бекіткен-тін.

181

Сот саласында 30 жылдай судья лауазымын абыроймен атқарған шымкенттік ардагер Ақмарал Қалдарова қыркүйек айында жетпіс жасқа толады. 2010 жылы жергілікті судьялардың қатарында ең алғашқылардың бірі болып «Үш би» құрмет белгісінің иегері атанған. Бүгінде Шымкент қалалық сотының Құрметті тақтасында мәртебелі атақты иемденушілердің арасында бірінші болып тұр.
«Ұрпақтар сабақтастығы» деген осы болар. Ақмарал Бейсенқызы қалалық соттағы әріптестерімен тонның ішкі бауындай байланыста. Өзінің ізін басқан шәкірттеріне қолдау көрсетіп, жас мамандармен өмірлік тәжірибесін бөлісіп келеді. Жиырмаға жуық шәкірті – облыстың, қаланың, одан бөлек елімізге белгілі судьялар. Ардагер судья - шәкірттерімен мақтанады.
Сот жүйесінің майталманы қазіргі жас мамандар, судьялар әрдайым білімін жетілдіріп отыру керектігін айтады. Ата заңымызға 28 жыл толуына орай «Құрметті судьямен» әңгімелесіп, қазіргі сот жүйесінің дамуы, мәселелері жөнінде ойларын білдік.

179

Білімі күшті мыңды жығады

Среда, 23 Август 2023 07:12

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге 1 қыркүйектен өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан баспасөз брифингінде мәлімдеді.

148

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарына санаулы уақыт қалды. Төрт жылда бір өтетін жауапты сын 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығына жоспарланған. Ел спортшылары қызу дайындық үстінде. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары да бақ сынайды. Жерлестеріміздің дайындығы қалай? Кімдерге үміт артамыз?

108

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Базар жастар лигасы» турнирінің қыздар арасында волейбол сайысы басталды. Бәсекеге қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітілген төрешілер алқасы, спорт түрлері бойынша 5 төреші тартылған.

100

vodakanal

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і басшылығы және қызметкерлерімен кездесті.

Компанияда тәуелсіз кәсіподақ кәсіпорын құрылғалы бері жұмыс істейді. Қызметкерлердің еңбек шарттарын, персоналға әлеуметтік қолдау көрсету, жастарға, көпбалалы отбасыларға, өндіріс ардагерлеріне әлеуметтік кепілдік ұсыну бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Алдымен төраға мекеменің мұражайын, орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты. Мекемеде 1000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Онда орташа айлық жалақы – 150 000 теңге. 927 қызметкер кәсіподақ мүшесі.

– Іссапарымыздың негізгі мақсаты – өңірде қалыптасқан әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу мәселесі. Яғни, жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайы, жалақыны көтеру мәселесі, еңбек қауіпсіздігі, мекеменің кәсіподақтармен бірлесіп, әлеуметтік әріптестікті арттыру, лайықты еңбек жағдайын қарастырудағы жұмыстарымен танысу. Қазіргі таңда кәсіподақтар ретінде ең төменгі жалақыны көтеру мәселесімен айналысып жатырмыз. Экономикалық жағдайларды ескере отырып, ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру мәселесі назарымызда тұр. Бұл мекеме басшылығы ендігі ретте жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдауы керек. Талаптар-ұсыныстар хаттамасын зерделеп, бұл мәселені Үкіметтің алдында көтереміз, – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Серіктестіктің бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиевтың айтуынша, компания басшылығы жасалған ұжымдық келісімшарт аясында таңдалған әлеуметтік басымдықтарды ұстанып келеді. 2023 жылдың басында қызметкерлердің денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында спорт кешені ашылған. Мекеме заманауи корпоративтік саясатты жүргізуде әріптестік байланыстарды жақсарту, кадр жүйесінің кәсіптік деңгейін арттыру бойынша тренингтер және шеберлік сабақтарын ұйымдастыруда.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің мәлімдеуінше, 2023 жылдың 6 айында қалада 12 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, оған 2043 адам тартылған. Ол мекемелердің жұмыс берушілері мен кәсіподақ ұйымдары арасында ұжымдық шарттар жасалып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өтті.

Страница 2 из 71