BAL TEKSTIL кілемдеріне сұраныс жоғары
Среда, 05 Июнь 2024 05:32Bal Tekstil кілем фабрикасы өнімдерінің нарыққа шығып жатқанына биыл – 11 жыл. Еліміздегі бірегей кілем өндіруші кәсіпорынның өнімдері экспортқа BAL CARPET брендімен танымал. Қазіргі таңда нарыққа премиум сападағы кілемдерді ұсынуда. Осы жылдар ішінде кәсіпорын 4 кезең бойынша дамыды. Бүгінде компания 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылдан-жылға өндірісті кеңейтіп, жаңа бағыттарды іске қосып келеді.
БҰҚАРАНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Среда, 05 Июнь 2024 05:20Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Дендросаябақта Aulet Run жүгіру сайысы өтті. 5 шақырымдық бұқаралық жүгіру жарысына 18 жастан асқан азаматтар, жалпы 100-ге жуық қала тұрғыны қатысты.
ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Среда, 05 Июнь 2024 05:19Шымкентте инклюзивті балалар марафоны биыл тамыз айында екінші рет өтпек. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған марафонның басталуына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
ЕСКЕК ЕСУ СПОРТЫ ЕКПІН АЛЫП КЕЛЕДІ
Среда, 05 Июнь 2024 05:17Л.Тәжиева атындағы №4 спорт мектебі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашық біріншілік ұйымдастырды. Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер 150, 200 метр қашықтық бойынша бақ сынады. Жалпы 70 бала қатысуға өтініш берген.
КЕЛІСІМ БҰЗЫЛДЫ: инфрақұрылым жүргізілмей, тарифті көтерген
Пятница, 31 Май 2024 05:44Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында индустриалды аймақтардағы электр энергиясы бағасының қымбаттау мәселесі, табиғи монополияларды реттеу департаменті, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаларының есебі тыңдалды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.
ЕРІКТІЛЕРДІ ЕРЕКШЕЛЕНДІРЕТІН ФОРМА ҚАЖЕТ
Пятница, 31 Май 2024 05:33Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек «Қазақстан-Түркия достығы» саябағында қаладағы волонтерлік ұйымдардың жетекшілерімен, ерікті жастармен кездесті. Еркін форматта өткен іс-шарада қаладағы волонтерлік қозғалысты дамытудағы бірқатар мәселелер талқыға түсіп, ерікті жастардың ұсыныстары мен бірқатар мәселелерін тыңдады.
БІР МЕЗЕТТЕ 12 МЫҢ АДАМ МІНӘЖАТ ЕТЕ АЛАДЫ
Среда, 29 Май 2024 05:42Шымкентте бір мезетте 12 мыңға жуық адам мінәжат ете алатын мешіт ашылды. Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіттің ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабит
Сыздықбеков, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, теолог-ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, зәулім мешіттің ашылу рәсіміне Меккеден шейх Осман Тоhа да арнайы келген.
«Тарихтан сабақ алуымыз қажет»
Среда, 29 Май 2024 05:36Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия үш жылдың ішінде ақталмаған 200 молда-ишанның есімін анықтаған. Оның ішінде 73 адамды ақтау жөнінде Президент Әкімшілігінің жанынан құрылған комиссияға ұсынып отыр. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева «Тағылым. Тағдыр. Тұлға» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай деп мәлімдеді. Қалада мазмұнды, жастарға берер тәрбиелік мәні зор конференция соңғы он жылдың бедерінде алғаш рет ұйымдастырылды.