ҚАЗАҚҚА ҚЫМБАТ ЕСІМ... Избранное

Пятница, 14 Июнь 2024 06:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 110 раз

Қазақ тарихы ұлы тұлғалардан, батыр ұлдардан кенде емес. Соның бірі де бірегейі – қазақтың ұлы даласына есімі аңыз боп тараған Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов. Биыл батырдың туғанына – 100 жыл. Осыған орай Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Қан майданда от кешкендер» тақырыбында ерлік кеші өтті.

kazak10

 

Оқырмандар 20 жасында Кеңес Одағының Батыры атанған Сағадат Қожахметұлының Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерліктері жайында «Қазаққа қымбат есім» бейнабаяны арқылы толық ақпарат алды.
Бұл жеңіс С.Нұрмағамбетов сынды батырлардың от пен оқтың ортасында жүріп, сұрапыл соғыста жанқиярлық қаһармандық ерлік іс-қимылдарымен, қаншама есіл боздақтың құрбандығымен, тылдағы халықтың көз жасымен келді. Сол қаһармандар бейнесі халық жүрегінде. С.Нұрмағамбетовтің атында бүгінде Құрлық әскерлерінің әскери институты, әскери колледж, мектептер, көше аттары бар. Туған ауылында тарихи мұражай ашылған. Жуырда туған жері Ақкөл қаласында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы алаңға Қорғаныс министрлігі ескерткіш орнатты. Соңғы деміне дейін туған еліне қалтқысыз қызмет еткен қазақтың қаһарман ұлы Сағадат Нұрмағамбетовтің ерлікке толы ғұмыры бүгінгі ұрпаққа ғажап үлгі.
Кеште Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназияның оқушылары Отанды сүю, ұлттық рухтағы өлеңдер оқып, патриоттық әндер айтып, күйлерден шашу шашты. Кеш барысында Ұлы жеңіске жеткізген қазақ батырларының қан майданда жасаған ерлігі мен батырлығы туралы кең көлемде кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылым жасалды.

Анар АБИЛОВА,
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы абонемент бөлімінің
кітапханашысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.