×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Тәуелсiздiк жетiстiктерi ұлықталды Избранное

Пятница, 22 Январь 2016 06:29 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5185 раз

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толады. Осы уақыт аралығында берік бірлігі мен бекем тірлігі арқылы айтарлықтай жетістіктерге жеткен Қазақ елінің ұлағатты жолын айшықтау мақсатында Шымкент қаласының бірнеше аумағында қала әкімдігінің қолдауымен бір мезетте салтанатты жағдайда синхрон-акциясы ұйымдастырылды.

article221Атап айтқанда, Әл-Фараби алаңында, Тәуелсіздік саябағында, жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында, Шымкент әскери гарнизонында, №55, 86, 89, 107 орта мектептерінде концерттік қойылымдар қойылып, әуеге шар ұшырылды. Шараға барлығы 3 мыңға жуық қала жастары қатысты. Елдің ертеңін бағамдай білетін жастар осындай шаралар арқылы жалпыұлттық отансүйгіштік сезімді қалыптастыратынына сенім білдірді.

Другие материалы в этой категории: « Жүлдемен оралды Жанаттың ерлігі »