Өрендер топ жарды Избранное

Среда, 12 Июнь 2024 06:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 305 раз

Өзбекстан Республикасы астанасында 1-3 маусым аралығында 1-5 сынып оқушыларына арналған халықаралық математикалық FEMO INTERNATIONAL VI олимпиадасы өтті.

Matem

 

Халықаралық олимпиададан жеке сайыс нәтижесі бойынша Шымкент қаласынан үш оқушы жүлделі орындарға ие болады. Олардың үшеуі де – Zerdeli International School-дың оқушылары.
4-сынып оқушысы Тұрапбай Мұхаммедали 1-орын, 5-сынып оқушысы Әшірбай Бекарыс мен 3-сынып оқушысы Жарылқап Аңсар 3-орын алды.
Ал, топтық сайыс бойынша Тұрапбай Мұхаммедали мен Әшірбай Бекарыс бас жүлде иегері атанды.
Олимпиадаға Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Беларусь, Франция, Чехия, Швеция, Польша, Ресей және Индонезия мемлекеттері қатысты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.