×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

«Мәңгiлiк Ел» пойызы – Шымкентте Избранное

Среда, 16 Март 2016 04:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3682 раз

Шымкент қаласының тұрғындары теміржол вокзалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық шара аясында жолға шыққан «Мәңгілік Ел» пойызын қонақжайлықпен қарсы алды. Делегацияны салтанатты жағдайда күтіп алған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, облыс, қала әкімдігінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен студент жастар жалпы республикалық акцияның мән-маңызын саралады.

DSC 0846– Бүгінгі күн қала өмірінде аса маңызды шара ретінде аталып өтуде, – деді Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов. – «Мәңгілік Ел» идеясы аясында қала тұрғындары патриоттық іс-шараларға белсене қатысып, білікті мамандардан тегін кеңестер алу мүмкіндігін иеленіп отыр. Өз кезегінде, мұндай шаралар ортақ мақсат-мүддеге ұйысқан ел азаматтарының отансүйгіштік қасиеті мен ынтымақ-бірлігін нығайта түсері даусыз.
«Мәңгілік Ел» пойызы штабының жетекшісі Ә. Әлпейісов риясыз көңілімен қарсы алғаны үшін жергілікті тұрғындарға алғыс сезімін білдірді.

– «Бірлік бар жерде ғана тірлік бар» деген халық мәтелін жандандырған акцияның негізгі мәні Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің бірлігі, олардың достығы, мәдениетінің дамуын көздейді. Осы мақсатта «дөңгелек үстелдер», түрлі деңгейдегі кездесулер ұйымдастырылуда. Күні бүгінге дейін 12 облысты аралап шықтық. Онда тұрғындар аса қонақжайлылық пейілін танытты. Біз Оңтүстік өңіріне ерекше сезіммен келіп отырмыз. Өйткені, бұл өңір ұлттық дәстүрді сақтай білгендігімен айрықша бағаға ие. Бүгінде Шымкент – инновациялық орталыққа айналуда. «Мәңгілік Ел» пойызының мақсаты – қазақ елінің тұрғындарын жарқын болашаққа жетелеу, бір мақсат жолында қызмет етуге ынталандыру, – деді Әміржан Қайырұлы.

DSC 0837   DSC 1520

Делегация құрамында мәдениет және спорт қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және өнер адамдары бар. Бұл қатарда, медицина, заң және әлеуметтік сала мамандары жергілікті тұрғындарға тегін кеңес бермек. Акция аясында күні бүгінге дейін мамандар 40 мыңға таяу қазақстандық азаматтарға түрлі мұқтаждықтары бойынша кеңес түрінде жәрдем беріпті.
Қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамытуды көздеген «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында 15 ақпан күні Астана қаласынан жолға шыққан делегация 34 күнде республиканың 33 аудан-қалаларында түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысқан. Шымкентте өткен сапар барысында делегация мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесі мүшелерімен кездесу ұйымдастырды. Зиялы қауым өкілдері қатысқан алқалы жиында штаб жетекшісі
Әміржан Әлпейісов бүгінде ел аумағында жұмыс жасап отырған 1700-ден аса қоғамдық мәдени кеңес ұйымдары елдің қоғамдық өмірінде үлкен белсенділікке ие болып отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ, мемлекеттік этносаясат, қоғамдық келісімді қалыптастыру, толеранттылық және этносаралық қатынастар мәдениеті мәселелері бойынша «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында семинар тренинг өткізіп, одан әрі Бейнелеу өнері мұражайында «Қазақстан – Ұлы дала елі» атты фото көрме және облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында «Теңдессіз сый» акциясына қатысты.
Айта кетейік, «Мәңгілік Ел» пойызы акциясы наурыз айының 18-жұлдызында Алматы қаласында мәресіне жететін болады.