×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Шымкент – интеллектуалды қала болуға лайық Избранное

Пятница, 11 Март 2016 05:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4158 раз

Шымкент алдағы бесжылдықта инновация, заманауи старт-аптар мен интеллектуалдар қаласына айналады. Бұл орайда, ел аумағында 4 агломерацияның бірі ретінде белгіленген Шымкентті өнеркәсіп, ғылым, инфрақұрылым тұрғысынан дамыту – «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Тұжырымдамасында» басым бағыт ретінде көрсетілген. Тұжырымдамада айқындалған міндеттерді жүзеге асыру үшін 29 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылып, нақты жоспарлар белгіленіп отыр. Бұл жөнінде облыс әкімдігі жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының» және қаланың даму концепциясының жүзеге асырылуы бойынша БАҚ өкілдеріне арнап өткізген баспасөз мәслихатында кеңінен баяндады.

IMG 4646Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы аясында қала аумағына қосылған елді мекендерді ауыз су, электр жарығымен және табиғи газбен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Тек өткен жылы 8 елді мекенге ауыз су, 5 елді мекенге кәріз жүйесі, 5 елді мекенге электр жарығы, 2 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылған. Нәтижесінде, қала тұрғындарының коммуналдық қызмет түрлеріне мұқтаждық көрсеткіші айтарлықтай төмендеген.
Әлеуметтік саланың да сапа көрсеткіші едәуір жақсарғаны байқалады. Құрылыс жұмыстары жоғары қарқын алып, нәтижесінде биыл 1 260 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Білім саласында жаңа пилоттық жоба ретінде қала мектептерінде оқушылар үшін электронды бақылау жүйесі орнатылуда. Өнеркәсіп саласында 29 жоба іске асып, жыл соңына дейін 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Одан бөлек, инвесторларды ынталандыру мақсатында Тассай және Жұлдыз елді мекендерінен 2 индустриалды аймақ құрылады.
Ел аумағындағы ірі мегаполис қалаға айналу үшін қаладағы ең тартымды салаларға инвестициялар тарту жайы да басты назарда. Бұл бағытта отандық және шетел инвесторларын тарту үшін жыл сайын 20 жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ, биыл «Shymkent PLAZA» сауда кешені пайдалануға беріледі және қаладағы ең ірі «Shymkent mall» сауда-ойын сауық орталығының құрылысы жүзеге асырылады.
Шымкент – жылыжайлар отаны. Табиғаттың берген мүмкіндігін пайдалана отырып, ендігі жерде тамақ өнеркәсібін ұйымдастыруға қала аумағынан арнайы 136 гектар жер телімі бөлінген. Одан бөлек, жалпы аумағы 1100 гектар алқапқа көкөніс және бақша, жылыжай, өсіру секциясы ұйымдастырылмақ. Бұл жерлерге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер болса, жергілікті әкімдік тарапынан лайықты қолдау көрсетіледі.

Баспасөз мәслихаты аясында қала әкімі БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына да жауап берді. Бұл қатарда, қала аумағына жаңа қосылған елді мекендерде жоспарланған инженерлік-инфрақұрылымдық өзгерістер жайы да тілшілер қауымының басты сауалына айналды.

– Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өткен жылы 5 елді мекенге кәріз жүйесі тартылған болса, биыл тағы 5 елді мекенде бұл мәселе толық шешімін табатын болады. Ал «Құрсай» шағынауданындағы қалыптасқан электр жарығының жеткіліксіздігі де басты назарда. Бастапқы жоба бойынша мұнда 700 үйді қамтуға лайықталған подстанция қою жоспарланған. Ал бүгінде ондағы шаңырақтың саны 2300-ден асып жығылады. Сол себептен де, бұл мәселеге назар аударып, алдағы уақытта жобаға қажетті өзгерістер енгізілетін болады, – деді Ғ.Рахматоллаұлы.
Сондай-ақ, тілшілер қауымы асфальт жолдарын бұзып, қайта салып жататын құзырлы мекемелердің жұмысына алаңдаушылық білдірді. Бұл ретте қала әкімі құбырларды жаңарту бағытында ауқымды жұмыстарды қолға алған «ҚазТрансГазАймақ» АҚ басшылығымен арнайы кездесіп, құзырлы кәсіпорынға көлік жолдарын сапалы әрі белгіленген уақытында қайта қалпына келтіруді тапсырғанын жеткізді.
Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын ұстану мүмкіндігін жақсарту бағытында қойған тілші сауалына да тиянақты жауап берілді. Яғни, қазіргі таңда жеке меншік иелігіндегі Металлургтер стадионы, Фосфоршылар және Металлургтер сарайы мемлекет меншігіне алынбақ. Сонымен қатар, заманауи талапқа сай, көлік жолдарында арнайы велосипедшілер жолағы сызылып, велосипед мінген жолаушылардың қала ішінде еркін жүруіне қолайлы мүмкіндік жасалмақ. Бұл үшін тіпті, қала аумағында 40 велостанция салынатын болады.
Шымкент бизнеске қолайлы, тұрғындар үшін жайлы таза әрі қауіпсіз қалаға айналады. Тілшілердің қойған өзге де сауалдарына жауап берген қала әкімінің жауабы осылай қорытындыланды.