ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ: Еңбекші ауданы көш басында
Среда, 17 Март 2021 04:34Жергілікті өзін өзі басқару жүйесі – демократияның ең маңызды институттарының бірі. Өйткені ол тұрғындардың жергілікті маңызға ие мәселелерді шешуге атсалысуына мүмкіндік береді. Осы орайда Қазақстан құқықтық-демократиялық даму жолын таңдаған мемлекет ретінде жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамытуға ұдайы назар аударып отыр. Барлық өңірде қоғамдық кеңестердің құрылуы, әкімдерді сайлау тәжірибесінің қолға алынуы, жергілікті жерлерде төртінші деңгейлі бюджеттердің енгізілуі – сөзіміздің айғағы. Енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында тұрғындардың жергілікті мәселелерге ықпалын күшейтіп, қоғамдағы ашықтық пен жариялылықты жетілдіре түсетін тағы бір реформа іске асырылуда. Ол – халық қатысатын бюджет жобасы.
СЫНАҚҚА ТОЛЫ БІР ЖЫЛ
Пятница, 12 Март 2021 04:15Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында коронавирус пандемиясының басталғанына бір жыл толғанын еске салған жазбасын жариялады.
БАЛАҢЫЗДЫ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПКЕ БЕРГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
Среда, 10 Март 2021 04:36«Шынымен білімге құштар бала қайда оқыса да түбі бір жерді «тесіп» шығады». ХХ ғасырдан қалған осы бір пікірді қуаттайтындар біздің қоғамда әлі де жиі кездеседі. Аға буын өкілдері «Не дейсің, біздің кезімізде электр жарығы да жоқ еді, шамның сәулесімен кітап оқып-ақ адам болғанбыз» деп жатады. Бұл әңгіменің соңы «бала талантты болса, оның қандай мектепте, қандай жағдайда оқитыны маңызды емес» деген жаңсақ қорытындымен аяқталады. Іс жүзінде білім саласындағы инфрақұрылымның сапаға айтарлықтай әсер ететінін уақыттың өзі дәлелдеген. Ғимараты еңселі, материалдық-техникалық базасы мықты мектепте оқу баланың ынтасын арттырып, зейінін ашады.
ТҰРҒЫНДАР ӘКІМ ЕСЕБІНЕ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ҚАТЫСТЫ
Пятница, 26 Февраль 2021 04:24Шымкент қаласында білім саласының инфрақұрылымын шешу үшін 5 жылға жоспар жасалған. Соған сәйкес, 2025 жылға дейін Шымкентте 85 мектеп ашылады. Оның 33-і мемлекет есебінен, 12-сі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, 40 мектепті жеке инвесторлар салады. Оның ішінде биыл 32 мектептің құрылысы басталады. Алдағы үш жылда Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешіледі.
«Келісіп пішкен тон келте болмас»
Среда, 24 Февраль 2021 03:58Халқымыздың «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген даналығы ХХІ ғасырда да мәнін жойған жоқ. Қай мәселенің болсын артын дауға айналдырмай, ақылдаса, кеңесе отырып шешу — елдігіміздің іргесін бекіте түсері сөзсіз. Бабаларымыз айтқандай, «Өлетұғын тай үшін, көшетұғын сай үшін» ЕЛ БІРЛІГІ деген асыл қазынамызға сызат түсіруге әсті болмайды. Осы ақиқатты тереңнен сезінген болса керек, Шымкент қаласының бүгінгі басшылығы қоғамның қызу талқысына түскен «ипподром аймағында тұрғын үй кешенін салу» мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.
ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ЕСЕБІНЕН 19 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН БОЙ КӨТЕРЕДІ
Среда, 24 Февраль 2021 03:50Шымкентте 2025 жылға дейін 85 мектеп салынады. Оның кем дегенде 70 пайызы жеке инвесторлардың қаржысына бой көтермек. Бұл туралы әлеуметтік инвесторлармен кездесу барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді.
АТШАБАР АУМАҒЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ
Среда, 24 Февраль 2021 03:42Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен шаһар аумағындағы ескі ипподромның орнына заманауи тұрғын үй кешенін және променад салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді. Қоғамдық тыңдау Zoom платформасында бейнеконференция түрінде ұйымдастырылды. Оған сәулетшілер, экологтар, экономистер, азаматтық қоғам белсенділері мен қала тұрғындары – барлығы 280 адам қатысты.
IQANAT ауылдың қарадомалағын ұлт байлығына айналдыратын жоба
Среда, 17 Февраль 2021 03:53Бүгінде ел халқының 45 пайызға жуығы ауылдарда тұрады және ауылдан өте талантты, алғыр балалар көп шығады. Алайда, сол балаларды заман талабына сай сапалы әрі жан-жақты біліммен қамтамасыз ету жағы кемшін түсіп жатқаны шындық. Иә, Қазақстандағы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы – өте өзекті проблема. «IQanat educational fund» қоғамдық қоры 3 жылдан бері осынау кемшіліктің орнын толтыру мақсатында жұмыс істеп келеді.