×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

«Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы». «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жаңа технологиялар колледжінің мәжіліс залында өткен «дөңгелек үстел» жиыны осы тақырыпқа негізделді. Қазақ хандығының 550 жылдығы арқау болған шараға аталмыш жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттері қатысты.

jastar dausy1Жиында баяндама жасаған азаматтар мұндай басқосулар шын мәнінде, жастардың саяси тұрғыдан таным-түсінігін ұлғайтып, ұлтжандылық сезімін нығайтуға, қоғамдық шаралар барысында белсенділігін арттыруға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.
– Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібектен бастап, мемлекеттің нығайып, қалыптасуына өзіндік үлес қосқан Әз Тәуке, Абылай, Тәуекел секілді хандардың әрқайсысының тарихта ойып тұрып алатын орындары бар. Бүгінгі ұрпақ өз тарихын құрметтеп, осындай ұлы бабаларымыздың ерен еңбегін лайықты бағалай білсе біз сол тұлғаларымызбен мақтана алатын дәрежеге жететін едік. Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өту – ұлт мерейі үшін үлкен мәртебе болмақ, – дейді тарих ғылымдарының кандидаты, Жаңа технологиялар колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Сапарбек Сахов.
«Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Абзалбек Убелтаев осы орайда, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелейтін мұндай жиындар қаладағы өзге де жоғары оқу орындарында жалғасын табатынын атап өтті.

jastar dausy

Халықаралық, республикалық және облыстық білім сайыстарында толайым табыстарға жеткен шымкенттік оқушылардың қатары жыл өткен сайын артып келеді. Оқушылардың бойына адамгершілік және патриоттық сезімді ұялату, білімге деген ынтасын арттыру мақсатында Оқушылар сарайының акт залында «Білімнің бүгіні мен ертеңі» аталған қалалық акция ұйымдастырылды.

feaf7bad7409abc7Акцияға қатысқан қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының және ардагерлер кеңесінің өкілдері алдымен «Жас ұлан» ұйымының белсенділері мен үйірмешілері ұсынған ғылыми жобалардың көрмесін тамашалады. Жоғары жетістіктерге қол жеткізген ауқымды жұмыстардың қатарында мемлекеттік қолдауға ие болған инновациялық жобалар да жеткілікті. Нақты деректерге тоқталып өткен қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиев жас жеткіншектерді жоғары жетістіктерімен құттықтады.
- 2014-2015 оқу жылында шымкенттік 35 оқушы түрлі деңгейдегі білім додаларында жүлдегер атанды. Нәтижесінде, жоғары жетістіктерімен ерекшеленген №65 мектеп-гимназиясы өткен оқу жылында ел аумағында «Үздік мектеп» дәрежесіне ие болды. Білімде де саналы ұрпақтың өсіп келе жатқанын сезіне отырып, біздер еліміздің келешегі кемел екеніне сене аламыз, - дейді Ынтымақ Әділханұлы.
Акция аясында бас қосқан білім саласының үздіктері арнайы дайындалған бейнефильмді тамашалады. Осы кеште халықаралық дәрежеде дара шапқан шәкірт пен ұстаздар қауымы лайықты марапатқа ие болды.

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай «Ерлік» мұражайында Кеңес Одағының Батыры, қазақтан шыққан тұңғыш генерал-майор Сабыр Рақымовқа арналған «Ерлікке толы ғұмыр» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.

obsh260111a1bКешке батырдың өнегелі өмірін зерделеп, кітап жазған белгілі шежіреші-ғалым Елік Дүйсебеков, Ауған соғысының ардагері, батырдың ұрпағы Қайрат Диханов қатысты. Жоғары оқу орнының студент-жастары бұл кеште слайд арқылы батырдың өмір жолын сипаттайтын «Отты жылдар шежіресі» атты киномонтажды тамашалап, тұңғыш генерал – Сабыр Рақымовтың қайсарлыққа толы ғибратты ғұмырынан сыр шертілген естеліктерге қанықты. Кешті Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сабырбек Олжабай жүргізді.
– Сабыр Рақымовтың көпшілік біле бермейтін қырларын ашып көрсету мақсатында, ұзақ жылдар еңбектеніп, оның өмір жолын сипаттайтын «Ерлікке толы ғұмыр» атты деректі повестін жаздым, - дейді Елік Дүйсебеков. – Осы шығарма арқылы оқырмандар оның шыншылдық пен өрлікке толы бейнесін танып біле алады.
Жастардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатып, азаматтық жауапкершілігін арттыруды көздеген ғибратты кездесу кеші сұрақ-жауап түрінде өрбіді.

Ата Заңның мәртебесi биік

Пятница, 27 Март 2015 06:10

Бүгінде Қазақстан құқықтық мемлекет құру бағытын ұстанып отырған тұста қоғамның конституциялық-құқықтық сауаттылығын көтеру басты алғышарт ретінде қарастырылады.  Осы бағытта Конституцияның тарихи орны, маңызы мен мәні, мазмұны жайында бүгінгі жас буынның хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Иманов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен кездесті.

– Бұл кездесуді ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойы аясында өткізудің мән-маңызы бар. Ең бастысы, мұндай кездесулер студенттердің конституциялық сауаттылығын көтеруге ықпал етеді. Қоғамның негізгі бір буыны, болашағы ретінде студентердің конституциялық тұрғыдан сауатты болуы – құқықтық мемлекет құруды ұстанған мемлекет үшін қажетті деп есептейміз, – дейді Ибраһим Әлжанұлы.
Кездесу барысында облыс прокуроры еліміздегі басты құжаттың мәнін түсіндіре отырып, студенттер қауымын Конституция талаптарын сыйлап, құрметтеуге шақырды.

Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Ақ тұлпар» шахмат клубында ардагерлер арасында қалалық «Наурыз – 2015» шахмат турнирі ұйымдастырылды.

shkh matСпорттық шараға барлығы 70-ке таяу ардагер қатысты. Біліктілік деңгейі саралана отырып, жеңімпаздар өзара 3 топ бойынша анықталды. Яғни, кәсіби ойыншылар бір топты құраса, әуесқой шахматшылар өзара екі топқа бөлінді.
– Мереке қарсаңында зейнеткерлер қауымының басын қосып, түрлі спорттық іс-шаралардың бастауын осы қариялардың батасымен, лайықты деңгейде құрмет көрсете отырып бастағанды жөн көріп отырмыз, – дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Намазбай Әбдіқұлов.
Шаршы тақта үстіндегі тартысқа толы ойындар екі күнге созылды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қала әкімдігінің тағайындаған арнайы грамотасы мен бағалы сый-лықтарына ие болды.

Наурыз айының 26 жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер азаматтардың үгіт-насихат жүргізу науқаны басталды. Бұл үлкен саяси кезең 24 сәуірге дейін жалғасады. Кеше ҚР кезектен тыс президенттік сайлауын бақылау жөніндегі облыстық қоғамдық комиссия төрағасы Д. Шерімқұлов БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг ұйымдастырды.

1024x814x1425887849b6pc9-620x400.jpg.pagespeed.ic– Еліміздің сайлау туралы заңнамасына сәйкес, үгіт жұмысын жүргізуге мемлекеттік органдарға тыйым салынады. Лауазымды қызметте отырған азаматтар да өз қызметін  пайдаланып, үгіт жүргізбеуі тиіс. Сонымен қатар, әскери қызметшілерге, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сот, прокуратура, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне, сайлау комиссиясы мүшелеріне үгіт жұмыстарын жүргізуге болмайды, – деп атап өтті облыстық қоғамдық бақылау комиссиясы төрағасы Досыбай Шерімқұлов.
Бүгінде өңірдің барлық ауыл-аймақтарында 1029 сайлау учаскесі жасақталды.
– Еліміз үшін осындай маңызды да, шешуші сәтте тыс қалмауымыз қажет деген пайымға келдік. Біз үміткерлердің сайлауалды  штабтарының, сайлау комиссиялардың және БАҚ тарапынан үгіт-насихат шарасы барысында еліміздің сайлау заңнамаларының сақталуына бақылау жасаймыз. Халқымыз үшін, жалпы қоғамдық әкімшілік институттар мен БАҚ үшін жауапты кезең. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдарындағы әріптестерімізді осы жауапты кезеңнен абыроймен өтуге шақырамыз, – дейді комиссия мүшелері.

Ынтымақ-бiрлiкке ұйысқан күн

Пятница, 27 Март 2015 05:08

Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Шымкентте «Тағзым күні» атап өтілді. Бұл күні қала жұртшылығы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан батырларды еске алып, Даңқ монументіне гүл шоқтарын қойды.

DSC 0023Жиылған көпшіліктің ортасында болған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Уәли атаулы күннің мән-маңызына айрықша тоқталып, жүрекжарды лебізін білдірді.
– Наурыз мейрамын тоғыз күн атап өту – Оңтүстік өңірінде қалыптасқан дәстүрге айналды. Бабаларымыздан аманат болып жеткен ұлық күнді өз деңгейінде атап өту – бізге борыш. Ендеше, елдің ертеңі үшін жанын құрбан еткен асыл ерлердің рухына тағзым етуді осындай шаралар арқылы бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру басты міндет, – дейді Берік Уәли. Қаланың белсенді жастары да бабалар руxына құрмет көрсетіп, мәңгілік алаудың алдын гүлмен көмкерді.
Бұл күні сондай-ақ, қаланың барлық мешіттерінде қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтары насихатталды. Жиылған жамағатты арнайы Наурыз мерекесімен құттықтаған Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаев «Шәкірбай қажы» мешітінде, Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов «Әл-Біләл» мешітінде, Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов «Қаттани» мешітінде, ал, Қаратау ауданының әкімі Ғалым Исмайлов «Байғұт баба» мешітінде жұма намазына қатысты.

IMG-20150317-WA0161Қадыржан Мамметов,
Шымкент қалалық «Исамуддин баба» мешітінің бас имамы:

«Бүгінгі жаһандану заманында имандылық құндылықтарын жоғалтып алмаймыз ба?» деген сауал қай-қайсымызды да бей-жай қалдырмайтыны анық. Иманды Алланың үйінен табатынымызды да жоққа шығара алмасақ керек. Ал, мешіттегі имам  – Алланың уахи сөздерін насихаттайтын діни тұлға ғана емес, барша жамағатты жақсылыққа үндейтіні де көпшілікке аян. Осы орайда, біз Шымкент қалалық «Исамуддин баба» мешітінің бас имамы Қадыржан Мамметовпен әңгімелескен едік.

– Қадыржан Ергешұлы, Қазақ-стан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан өткен жыл – Дін мен дәстүр жылы ретінде аталғаны баршаға мәлім. Жалпы, асыл дінімізді ұлықтауда ұлттық салт-дәстүріміз қаншалықты үйлесімге келеді?
– Иә, Елордамыздың төрінде өткен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты тұңғыш имамдар форумы еліміздегі барша дін қызметкерлерінің алдына негізгі мақсат-міндеттерді белгілеп, үлкен жауапкершілік жүктегені анық. Нақ осы форумда «қазақ қоғамында асыл дінімізді қалай өркендетеміз?» деген сауал төтесінен қойылды. Онда Хақ дінін ұлттық дәстүрмен байланыстыра отырып уағыздау мәселесіне мейлінше назар аударылды. Ұлтты сақтап қалатын нәрсе осы – дін мен дәстүр. Онсыз өркениет те, өрлеу де жоқ. Біз өзімізді әлімсақтан мұсылман санайтын халықпыз. Намаз оқу, ораза ұстау, айт намаздарын өтеу – бұрыннан келе жатқан, дәстүрге айналған діни рәсімдеріміз. Діннің астарында дәстүр, ал дәстүрдің негізі – дінде жатыр. Жамағаттың жадына осы қос ұғымды сіңіру үшін дін мен дәстүрді жаңғырту жолы таңдалды. Дәстүрді бойына дарытпаған адам дінді де дұрыс ұстанып кетеді деп айта алмаймын. Сол себептен де, дін – дәстүріміздің берік қорғаны болып қала бермек.
– Бүгінгі дін адамы қандай болуы керек?
– Жоғарыда атап өткен форумның барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «дінді уағыздаушы имамдар ең әуелі иманжүзді болуы керек. Салиқалылық, білімпаздық әрбір дін қызметкерінен талап етіледі» деген еді.  Хадис әңгімеде айтылғандай, бір адамдар Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан: «Дін деген не?», – деп сұрағанда, ол: «Дін – көркем мінез», – деп жауап беріпті. Демек, Ислам адамдарды сыртқы киімі мен түр-пішінін өзгерту үшін емес, Жаратқан Аллаға ғана табыну және мінез-құлықты ізгілік жолына қарай түзеуге түсірілген. Ислам дінінің негізгі өкілдері және үйретушісі имамдар болғандықтан, бұл мәселенің жауапкершілігі алдымен дін қызметкерлеріне жүктелетіні бар. Имамның бойында барлық жақсы мінез-құлықтар болуы тиіс. Ол өзі кішіпейіл, мейірімді, жомарт және өте қарапайым болғаны абзал. Сондай-ақ, дін қызметкерлері халыққа дұрыс жолды үйретуші міндетін атқаруы үшін өздерінің білімді болуы да басты назарда ұсталады. Қазір қарапайым жамағаттың да діни білімі мен танымы біршама көп биіктеді. Олай болса, халықтың ортасында жүретін имамдар білімді басты орынға қоюы тиіс.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары дінге қауіп төндірген мәселелердің бірі – кейбір діни секталардың мұсылмандар арасына іріткі салып, жікке бөлуі баршамызды алаңдатты. Бұл өзекті мәселеде әсіресе, қаракөз жастарымыз үлкен жапа шеккенін де жасыра алмаймыз.
– Егемендігімізді алып, еңсені тіктеген Тәуелсіздік жылдары Кеңес кезінде құлауға шақ қалған рухани құндылықтарымызбен қайта қауыштық. Тәуелсіздік туы желбіреген 1991 жылы елімізде санаулы мешіттер болса, бүгінде оның қатары көбейді. Алайда, руханиятқа, иманға, дінге шөліркіген халқымыз, жастарымыз діни білім алуға бет алғанымен, кейбір бауырларымыз өзге ағымның арбауында кетті.
Өзге діни ағымның жетегінде кеткендер ағын судан нәр алатындар секілді. Бұлақтың бастауында тұрған асыл дінімізден адасып, дінді біліммен тани білмеу нағыз қасірет. Білімсіздік – бүлікке, бүлік – бөлінуге әкеп соғады. Ұлтқа, тілге, дінге бөлінуді дініміз құптамайды. Адам баласы дінге жүрек қалауымен келеді. Сол себептен де, дін – нәзік мәселе.
– Демек, діни ағамдардың ықпалында жүрген жастарға көркем насихат айту арқылы оларды райынан қайтаруға болады ғой?
– Ниет етіп кіріскен іс жемісті болады деп ойлаймын. Бір-бірімізді болмашы дүниелік мақсаттар үшін күндемей, ел игілігі үшін бірігіп тірлік етудің күні туды. Іштен ірісек ісіміз алға баспайды. Осындай алмағайып заманда бүлікке емес, бірлікке ұмтылғанымыз абзал. Осы бағытта біздің мешіт қызметкерлері ұдайы жазасын өтеу мекемелерінде болып, ондағы өзге діннің ықпалында кеткен бауырларымызды ізгілікке, кішіпейілділікке шақыратын уағыздарын жүргізіп келеді.
– Жат ағымдардың шылауында кетпес үшін не істеу керек?
– Әрине, білім алу керек. Біздің көздегеніміз – көркем насихат арқылы бұрыс түсінікте жүргендердің жүрегін жібіту, қатесін кешіріп, даналық жолмен қазақ жерінде дәстүрге айналған Ханафи мәзһабын ұстануға шақыру. Себебі, Алла Тағала Қасиетті Құранда дінді көркем түрде даналықпен жеткізуді бұйырған. Аятқа амал еткен дін ғұламалары көркем түрде пікір таластырған. Міне, дініміз даналық жолын ұстануға үндейді.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ

Страница 34 из 37