×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Өткен жылы сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар бойынша 51 адамға айыппұл салынып, нәтижесінде, мемлекет пайдасына жалпы сомасы 250 миллион теңге көлемінде қаржы өндірілген. Жергілікті БАҚ өкілдерін жиып, өткен жылды қорытындылаған облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов Ұлт Жоспарында көрсетілген негізгі міндеттерді де атап өтті. Яғни, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында 2-реформада белгіленген 11 қадам тікелей сот жүйесіне қатысты болып отыр.

g12dfd– Бүгінгі таңда облыс соты жаңа Заңнамаға сәйкес, үш сатылы жүйеде сот төрелігін жүзеге асыруға кірісті, – дейді Нұрсерік Кәрімұлы. – Осы бағытта, қылмыстық істердің аппеляциялық тәртіппен қаралу мәселесі бойынша өткен жылы 33 тұлғаға қатысты үкім бұзылған. Оның 10-ы жәбірленуші мен айыпталушының татуласуына байланысты қысқартылған.

Жыл есебінен белгілі болғандай, облыс аумағында қылмыстық істерде айтарлықтай өсім бар екені байқалады. Яғни, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға артқан. Осы орайда, облыстық соттың төрағасы сот процестерінің әділдігін қамтамасыз ету мақсатында 110 залдың 46-сына бейнебақылау құрылғылары орнатылғанын атап өтті. Ондағы жазбаны өзгертуге, тоқтатуға ешкімнің құқығы жоқ. Абай аудандық сотында пилоттық жоба ретінде бастау алған жұмыстар өз нәтижесін де беріп отыр. Облыстық соттың өткен жылда атқарған жұмыстары жоғары бағаланып, республика деңгейінде үздік үштіктің қатарынан көрініпті. Айта кетейік, ондағы жұмыс нәтижелері 8 критерий бойынша анықталған.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағының 85 пайызы сапалы ауыз суымен қамтамасыз етілген. Бұл жөнінде облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының 2015 жылғы қорытындылаған есебінде айтылды. Бұл бағытта облыс елді мекендерін сапалы ауыз су, электр қуатымен және табиғи газбен қамтамасыз етуде былтыр біршама шаруа атқарылған.

podstantsiaЖалпы, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2015 жылы облыс аумағында 13 ауыз су нысанының құрылысы пайдалануға берілген. Осыған дейін су құбыры мүлдем тартылмаған 9 елді мекен халқы ендігі жерде сапалы ауыз суын тұтынатын болды. Ал табиғи газбен қамту жұмыстары ендігі жерде екі бағытта іске асырылмақ. 2016 жылы абаттандыру және көшелерді жарықтандыру жұмыстары бойынша 5 жоба іске асырылмақ.

– 2015 жылдан бастап Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде 280 мың халықты сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы жүріп жатыр. Ендігі меже – «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамдағы» 3-ші реформаны іске асырып, ел мүддесіне қызмет ету, – дейді облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары Лесбек Серікбаев.

Мәулiт мерекесi тойланды

Вторник, 26 Январь 2016 05:11

Шымкенттегі «Түркістан» салтанат сарайында «Тәлімі мол мәуліт айы – мүбәрак болғай!» атауымен рухани кеш ұйымдастырылды. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков қатысып, барша мұсылман қауымын қасиетті мейраммен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ОҚО-дағы өкілі, облыстың бас имамы Ахметжан қажы Керімбек қасиетті мерекенің мән-мағынасына кеңінен тоқталды.

891087 1390794366– Мәуліт – араб сөзі, қазақша «туылған күн» деген мағына береді. Бұл атау Алла Тағала елшілерінің соңғысы әрі сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне берілген. Сондықтан да, әр жылы Рабиул – әууал айында Алла тағала өзінің сүйікті пайғамбары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметті етіп жаратқанына сансыз шүкірлік етіп, Оған (с.ғ.с.) салауаттар айтатын Мәулітті мерекелеу – игі дәстүрге айналып келеді, – дейді Ахметжан қажы.
Шара барысында Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір жолы мен іс-әрекеттері насихатталып, салауаттар айтылды. LED-экранда арнайы дайындалған бейнекөрсетілімнің түпкі мағынасы жастарды Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға, тағы басқа да асыл қасиеттерді бойға сіңіруге шақырды. Рухани кеште Құран оқылып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірі мен өнегесі жайлы кітап оқудың да мұсылманға берері мол екені түсіндірілді.

Тәуелсiздiк жетiстiктерi ұлықталды

Пятница, 22 Январь 2016 06:29

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толады. Осы уақыт аралығында берік бірлігі мен бекем тірлігі арқылы айтарлықтай жетістіктерге жеткен Қазақ елінің ұлағатты жолын айшықтау мақсатында Шымкент қаласының бірнеше аумағында қала әкімдігінің қолдауымен бір мезетте салтанатты жағдайда синхрон-акциясы ұйымдастырылды.

article221Атап айтқанда, Әл-Фараби алаңында, Тәуелсіздік саябағында, жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында, Шымкент әскери гарнизонында, №55, 86, 89, 107 орта мектептерінде концерттік қойылымдар қойылып, әуеге шар ұшырылды. Шараға барлығы 3 мыңға жуық қала жастары қатысты. Елдің ертеңін бағамдай білетін жастар осындай шаралар арқылы жалпыұлттық отансүйгіштік сезімді қалыптастыратынына сенім білдірді.

Шымкент қаласында қоғамдық жолаушылар көліктеріне бірыңғай жаңа үлгідегі электрондық валидаторлар орнатылатын болады. Бұл жөнінде өңірдегі БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг ұйымдастырған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев мәлім етті.

biletШымкент қаласының әкімдігі мен кореялық «Korea Smart cart» кәсіп-орнының басшылары арасында қол қойылған екіжақты меморандумның нәтижесінде, еліміздің үшінші мегаполис қаласында осындай жоба жүзеге асырылатын болды.
Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласына арнайы келген кәсіп-орын басшысы Ли Ми Хо аталмыш мәселе бойынша тілшілердің қойған сауалдарына жауап берді.
– Бұл салада корейлік мекеменің әлемдік тәжірибесі мол, – деп атап өтті Ли Ми Хо. – Алғашқыда Сеул мэрінің қолдауымен құр-ылған біздің кәсіпорын қазіргі таңда Моңғолия, Жаңа Зеландия, сол секілді Африканың бірқатар елдерінде табысты қызмет атқарып келеді. Біз Шымкентте алдағы бірнеше күнде қоғамдық жолаушылар тасымалының қызмет жүйесін саралап, зерделейтін боламыз. Қызмет сапасы көңілден шығып жатса, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап, автобустарға бірыңғай үлгідегі электрондық валидаторлар орнатылады. Барлық зерделеу жұмыстары сәтті өтсе жаңа жүйе ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жүзеге асуы мүмкін.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының айтуынша, электрондық валидаторлардың бірнеше тиімді тұсы бар. Яғни, қала тұрғындарының әрбіріне жеке төлем карталары беріледі. Осы арқылы жолаушылар өзі қалаған сомада карта есеп-шотын толтырып, қоғамдық көліктерде электрондық қызметті пайдаланатын болады.

Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ Шымкентте
тұрғындармен кездесті

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы қараша айының 30-жұлдызында жариялаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ Шымкент қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сала қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.


12541094 465842943600725 4338266597186084716 nСонымен қатар, жиында Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы және қолданысқа енген жаңа Еңбек Кодексі кеңінен талқыланды. Оған топ жетекшісі, облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков, облыстық, қалалық деңгейдегі түрлі сала басшылары, қала тұрғындары қатысты. Жиынды қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жүргізіп отырды.
Жолдаудың өзіндік мәні мен маңызын саралаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева өз кезегінде, Ұлт Жоспарының 83-қадамына сәйкес еңбек қатынастарын ырықтандыру мақсатында қабылданған жаңа Еңбек Кодексінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Бұл Заң аясында жұмыс берушінің жауапкершілігі артып, Үкімет ұйымдарға қызметкер қабылдауына немесе жұмыстан босатуына, қажеттілік бойынша кадрлық өзгерістер жасауына және еңбекақы тағайындауына еркіндік беріп отыр. Мемлекет бұлардың ашық, әділ жүруін ғана қадағалайды.
Сондай-ақ, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Серік Әуезханов Жолдауда белгіленген басым бағыттарды жүзеге асыру барысын таныстырды.
– Қазіргі таңда, өзекті мәселенің бірі – білім беру ғимараттарын заманауи талапқа сай озық үлгіде жабдықтау болып табылады. Бұл салада Шымкент қаласында үш ауысымда білім беретін тоғыз білім ұясының қызметін жүйелеп, түйткілді мәселенің шешімін табу мақсатында ағымдағы жылда қосымша алты мектеп салу жоспарлануда. Бұл бағытта, өткен жылы жаңа жеті балабақша мен бес мектеп ғимараты пайдалануға берілгенін де айта кеткен жөн, – деп атап өтті Серік Елемесұлы.
Осы орайда, аталған мәселеге арнайы тоқталған ақпараттық-насихаттық топтың жетекшісі Дархан Сатыбалды Жолдаудың өзіндік бағыт-бағдарын да қамтып көрсетті.
– Бұл жолғы Жолдаудың негізгі мәні жаһандық дағдарыстың екпініне лайықты тосқауыл қоя отырып, экономикалық тұрғыдан даму мен өсіп-өркендеуге мейлінше баса назар аударылған. Бұл тұрғыда, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап, мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын едәуір мөлшерде ұлғайтылатын болады. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, жаңа әлеуметтік нысандардың ғимараттары бой көтеретін болады. Атап айтқанда, қазіргі таңда, облыс аумағында 104 білім нысанының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Өңірде апатты жағдайдағы 42 мектептің 36-сы жаңа ғимаратқа ауыстырылды. Бұл мәселе де биыл толық шешімін тауып, ескінің орнын жаңа ғимараттар алмастыратын болады, – дейді Дархан Амангелдіұлы.
Өз кезегінде, топ жетекшісі сала қызметкерлерінің алдында жауапты жұмыстар тұрғанын айтып, маңызды міндеттерді орындауда барлығы жұмыла күш салатынына сенім білдірді.

Жыл басында еліміздің әр аймағында коммуналдық қызметтердің жаңа тарифі енгізілді. Бұл өзгеріс Шымкент тұрғындарын да айналып өткен жоқ. Қызмет көрсету сапасын жақсартуда жаңа мүмкіндіктерді қарастырған монополист кәсіпорындар су мен электр энергиясы тарифтерін біршама қымбаттатты.

zhana tarif shymkentКоммуналдық қызмет түрлерін жетілдіру, тозығы жеткен инфрақұрылымдық жүйелерін жаңарту, тұрғындарға қызмет көрсету аясын кеңейту – уақыт талабынан туындаған қажеттілік. ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау комитетi ОҚО департаментiнiң басшысы Бақтияр Аталықов су бағасы 11 пайызға көтерілгенін атап өтті. Яғни, тарифтiк бағам бойынша қосымша құн салығын (ҚҚС) қоса есептегенде, шымкенттік тұрғындар судың бір шаршы метріне 59,36 теңге төлейтін болады. Бюджет ұйымдары үшін су құны 264,72 теңгені құрады. Коммерциялық құрылымдарға тариф 205,35 теңге болып өзгерді. Электр энергиясының тарифінде де өзгерістер орын алды. Тариф құны жеке тұлғалар үшін 14,84 теңгені құрап, 6 пайызға өскен. Сондай-ақ, заңды тұлғалар үшін бекітілген тариф 24,88 теңгені құрап, бұған дейінгі бағамен салыстырғанда 14,1 пайызға артқан.
– Энергетикалық қауіпсіздік бүгінде ең өзекті мәселе десек, желілердегі эн­ер­гия шығындарын азайту үшін электр және жылу жүйелерін жаңалау едәуір шы­­ғынды құрайды. Бұл бағытта, электр энергиясы бағасының өсуi «Евразия энергетика комитетi» мен «3-Энергоорталық» акционерлiк қоғамдары, жарықты тұтынушыға жеткiзiп берушi «KEGOK» АҚ, «ОңтүстiкЖарықТранзит» ЖШС-i ұсынған бағадан шығып отыр, – дейді жауапты сала басшысы.
Өзге коммуналдық қызмет салаларында да айтарлықтай өзгерістер байқалады. Яғни, табиғи газдың әр текше метрі жеке тұлғалар мен жылу берушi кәсiпорындар үшін 29290,74 теңге (2%-ға өскен), заңды тұлғалар үшін 31615,96 (5,64%-ға өскен) теңгені құрады. Ал, есептегiш құралы жоқтар әр адам басына 289,68 (11%-ға өскен) теңгеден төлейтін болады. Сондай-ақ, кәрiз жүйесiне қолданған су үшiн әр текше метріне жеке тұлғалар мен жылу берушi кәсiпорын 23,44 теңге (10,98%-ға өскен), бюджеттiк мекемелер 134,96 теңге (11%-ға өскен) төлеуіне тура келеді.

 

Кәсiпкерлiк қарқын алған жыл

Среда, 30 Декабрь 2015 04:48

Тарих бетіне айналған 2015 жылы Шымкент қаласының кәсіпкерлік саласы жаңа бір белеске көтерілді деуге негіз бар. Бір ғана индустриаландыру картасы  шеңберінде, қала аумағында шығыс күнтізбесіне сәйкес, артта қалған қой жылында 8 ірі кәсіпорын іске қосылды. Аталмыш жобаның жалпы құны 27 миллиард 640 миллион теңгені құраса, 900 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл қатарда, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен ұйымдастырылған телекөпір барысында іске қосылған «Әлем БТ» ЖШС-гі қаланың кәсіпкерлік саласын түлетуге тың серпін әкелді деуге болады.


onerkasipДайын жіп өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорынның жалпы жобалық құны – 1 миллиард 800 миллион теңге. Бүгінгі таңда мұнда тұрақты жұмыспен қамтылған жергілікті 150 тұрғын өз ісінің білгір маманы аталады. Кәсіпорын құрылтайшысы Қайрат Балабиев кәсіпорынның жыл уақыт мерзімінде 8 миллион дана шұлық өнімдерін өндіруге толық мүмкіндігі бар екенін жеткізді.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласында биыл 20 өнеркәсіп орны отандық дайын өнімдерді шығаруға мүмкіндік алды. Осы орайда, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асқар Қаныбеков қала аумағында тіркелген 76 940 бизнес субъектісі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуге өзіндік үлес қосып келе жатқанын айрықша атап өтті. Бұл қатарда, 7213 сауда дүкені, 948 қоғамдық тамақтану орны, 1178 халыққа қызмет көрсету орындары және 33 базар жұмыс жасайды. Аталған сауда нысандарында барлығы 30 370 адам жұмыспен қамтылған. Нәтижесінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен өткен 11 айда 273 486.6 миллион теңгенің өнімі өндірілген.
Бөлім басшысының берген мәліметі бойынша, 2015 жылдың өткен 11 айында бөлшек сауда көлемі 21 миллион 960 мың теңгені құрапты. Тиісінше, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бұл көрсеткіш 27 миллион 560 мың теңгені құрағанын ескерсек, шымкенттік кәсіпкерлердің үлесі қаншалықты деңгейде екенін байқауға болады. Бұдан бөлек, көтерме сауда көлемі 44 миллион 302 мың теңгені құрады. Яғни, бұл бағыт бойынша да қала көрсеткіші облыстық жалпы жиынтықтың 90 пайызын қамтиды.
– Әлем елдерін шарпыған дағдарыс жағдайында дер уақытында жасалған ұтымды әрекеттердің нәтижесінде нақты тірліктер атқарылды. Жұмыла қызмет етіп, түрлі қиындықтарға бетпе-бет келе отырып, еңсені басқан тапшылық пен қымбатшылық жағдайының алдын алуға тырыстық. Ең алдымен, қала әкімдігінің жанынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының өсу себептеріне мониторинг және талдау жасау жөнінде штабы құрылды. Әр аптаның сенбі күндері Орталық Қажымұқан стадионы аумағында жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың, көтерме фирмалардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтардың қатысуымен тұрақты түрде жәрмеңкелер ұйымдастырылуда, – дейді Асқар Сәкенұлы.
Жаһандық дағдарыстың екпініне илікпестен, жеке инвесторлардың есебінен «Север», «Фиркан» ірі сауда орталықтары ашылып, нәтижесінде, 150 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. «Рахима-Плаза» сауда үйін іске қосудың нәтижесінде, мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Өз кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін де қолайлы жағдай жеткілікті. Осы орайда, бөлім басшысы кәсіпорын қызметі үшін сауда-логистикалық орталығынан 72 гектар, «Тассай» елді мекеніндегі индустриалды аймағынан 89 гектар және «Жұлдыз» ауыл округіндегі индустриалық аймағынан 76 гектар жер телімдері ұсынылғанын атап өтті.

onerkasip-2Қаланың бүгінгі таңдағы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерінің бірі – базарларды құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкестендіру десек, бұл бағытта биыл ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 9 базар басшысымен өзара келісім жасалып, «Бекжан» және «Шымкент-Тұлпар» базарларында қайта құрылымдау жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгінде «Көктем», «Айна» базарларында қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Және 6 базарда құрылыс жобалау жұмыстары жүргізілуде. Белгіленген жерлерден тыс сауда орындарын жою іс-шара жоспары бекітіліп, 3 жұмысшы тобы құрылды. Өткен 11 айдың көрсеткіші бойынша, ҚР ӘҚБК-нің 204 бабына сәйкес, 4471 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 9 миллион 483 мың теңге айыппұл салынған. Жергілікті бюджет есебіне 4 миллион 172 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБК-нің 505 бабына сәйкес, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша 2661 хаттама толтырылып, 2 миллион 834 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты.
Иә, шын мәнінде, кәсіпкерлік саласын дамыту – ел экономикасының ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі екені даусыз. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру осы саланың үлесіне тиеді. Нақ қазіргі таңда Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудің алғышарттарын түзіп қойған қазақ елі үшін ең алдымен, отандық өндірісті өрістету маңызды. Осы бағытта қой жылын табысты қорытындылаған қаланың кәсіпкерлік саласы алдағы мешін жылында да өрісін кеңейте түсуге мүдделі.

Страница 28 из 37