×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Қазақстан халқы Ассамблеясының Президент сайлауын өткізу туралы үндеуін мақта-мата шикізатын өндіретін шымкенттік «South Textiline KZ» ЖШС қызметкерлері де бірауыздан қолдайды. Бұл шешімді кәсіпорын жұмысшылары елдегі тұрақтылықты сақтап қалуға жасалған оң қадам ретінде бағалайды.

1146785– Президент сайлауын биыл өткізу жөніндегі ұсыныс дер кезінде көтерілген бастама болды, – дейді мекеменің автокөлік бөлімінің меңгерушісі Бақберген Абдуманапов. - Ел экономикасының тұрақты өсуіне біз де өз деңгейінде үлес қосып жатырмыз. Осы тұрақтылықты ұстап қалу үшін Қазақстан Президентін сайлап алуымыз керек деп есептеймін.
«South Textiline KZ» ЖШС-гі 2004 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен лентасы қиылып, алғашқы өнімдерін нарыққа ұсына бастаған еді. Бүгінде аталмыш мекемеде 500-ге таяу жергілікті тұрғын еңбек етуде. Қызметке қажетті станоктар Белгиядан, ал шикізат өңірдің бірқатар аудандарынан жеткізіледі. Яғни, нарыққа жол тартқан өндіріс материалдары толықтай отандық өнім ретінде ұсынылады. Мұнда дайын болған өнімдер бүгінде ел аумағынан өзге, Балтық жағалауы және Беларусь елдерінен үлкен сұранысқа ие болуда. 

«Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам. Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек». ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған осы бір қағида ел азаматтарына үлкен міндет пен жауапкершілікті жүктегені анық. Осы орайда, ел азаматтарын тазалық пен тәртіпке, мәдениет пен ұқыптылыққа шақыратын «Нөлдік төзімділік» қағидатының тиімділігі мен өзіндік нәтижесін білу мақсатында біз Шымкент қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ақылбек Ертаевпен сұхбаттасқан едік.

DSC 0304– Ақылбек Қайыпұлы, Елбасының ұзақмерзімді стратегиясында меже етілген «Нөлдік төзімділік» қағидатының маңыздылығы неде? ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген жаңа ереженің негізгі басымдықтары қайсы?
– Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев осыдан екі жыл уақыт бұрын құқық қорғау органдарының басшыларымен өткен жиында елеусіз құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтіп, «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыру бойынша нақты міндеттерді тапсырған болатын. Осы тапсырманың аясында, Ішкі істер министрлігі азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей  әсер ететін жаңа Әкімшілік Кодексін дайындады. Үстіміздегі жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа ережелер негізінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қалыптастыруға басымдық берілді. Яғни, жаңа Кодекстің 434-бабына сәйкес, ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап, тиісу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін басқа да іс-әрекеттер қарастырылады. Ондағы құқық бұзушылық әрекеттер сот құзырында қаралады. Және оның жауапкершілігі 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
– Сот қарауына жолданған ұсақ құқықбұзушылық әрекеттерге талдау жасай кетсек, айыпты болған азаматтардың денін кімдер құрайды?
– Сот қарауына жіберілген істерге назар аударатын болсақ, өткен жылы Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына ҚР Әкімшілік Кодексінің 330-бабы бойынша барлығы 2777 іс жолданыпты. Соттың шешімімен ондағы 794 азамат белгіленген мерзімде әкімшілік қамауға алынған. 1868 азамат кесімді айыппұлды төлеуге міндеттелді. Нәтижесінде, 10 миллион 521 мың теңгеден астам қаржы мемлекет қазынасына түсті. Өкінішке қарай, мұнда кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қатары да жиі бой көрсетіп қалуда. Атап айтқанда, 11 жас-өспірім жеке басының ұқыпсыздығы салдарынан айыпты болды. Ал, ағымдағы жылдың екі айында 287 іс сот қарауына жіберіліпті. Күні бүгінге дейін айып иелерінен 2 миллион 364 мың теңге қаржы өндірілген.
– Ал, бірнеше мәрте қайталанып жасалған ұсақ құқық бұзушылық әрекеттер үшін қаншалықты жаза қарастырылған?
– Бір жыл уақыт мерзімінде қайталанған құқық бұзушылық іс-әрекеттер үшін әрине, заң талаптары қатаңдау болмақ. Мәселен, жоғарыда атап өткен ҚР Әкімшілік Кодексінің 434-бабы, яғни, ұсақ бұзақылық әрекеттер бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үшін он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға соттың құзіреті бар. Ал, Кодекстің 50-бабында көрсетілгендей, әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдар жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Айта кетелік, аталған 50-бап бойынша, жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, сондай-ақ, 58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан ер адамдарға әкімшілік қамаққа алуды қолдануға болмайды.
– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде айыпталушы азаматтардың әлеуметтік, құқықтық әлеуеті ескеріле ме?
– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 819-бабына сай, сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған не жасалмағанын, тұлғаның кінәлі не кінәсіздігін, жауаптылықты жеңілдететін не болмаса ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғын, мүліктік залал келтіргенін не келтірмегенін және өзге де маңызды дүниелерді анықтауға міндетті. Егер де жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, нақты айтқанда, айыппұлдың жалпы сомасын отыз пайыздан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы.
Нақты мысал ретінде келтіре кетсек, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, Республика даңғылының бойында темекі қалдығын қоғамдық орында жерге тастаған 1985 жылы туылған азамат Ханалы Мұсаев айыпты деп танылып, оған он айлық есептік көрсеткіш бойынша, яғни, 19820 теңге айыппұл салынған. Тек, айыптының өз кінәсін толық мойындап, оған өкініш білдіруін, өзінің жұмыссыз екендігін, айыппұл көлемі азайтылған жағдайда өз еркімен төлеп құтылатындығын айтып, берген уәдесі үшін оған салынған айыппұл мөлшері отыз пайызға қысқартылған. Яғни, 13874 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
– Айыпты болу абыройлы іс емес. Ендеше, ел арасында ұсақ құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында қандай шараларды қолға алған маңызды?
– Рас, өркениеттің көшіне ілесіп, сәулеті мен мәдениеті келіскен еңселі ел болуымыз үшін ең алдымен, әрбіріміз бойымызға отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, ұқыптылыққа, тазалық пен жинақылыққа бейілді болуымыз керек. Сол себептен де, тазалық мәселесі қай кезде де баршамызға бірдей жүктелген міндет, бәрімізге бірдей сын болып қала бермек. Елбасы айтқандай, «дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады.» Менің қала тұрғындарына айтарым, азаматтық тұлғамызды, жауапкершілігіміз бен абыройлы міндеттерімізді жадымыздан шығармағанымыз жөн.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ

Қала жастары «Даңқ» саябағында «Тәртіпсіздік пен ұсақ құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеу» акциясын ұйымдастырып, тұрғындарды қоғамдық тыныштық пен тазалық мәселесінде мұқият болуға шақырды.

DSC 0839Акцияның мақсаты – халық арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысып, сөз сөйледі.
– «Біз тіпті ұсақ-түйек құқықбұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке төзбеуге тиіспіз. Себебі, бұл қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді» деген ҚР Президенті Н.Назарбаевтың барша қазақстандықтарға арнаған қағидалы үндеуі қай-қайсымыздың да қоғам алдындағы жауапкершілігімізді еселей түсуге міндеттейді. Осы орайда, бүгінгі акцияның қала тұрғындарына ой сала отырып, жас буынды мәдениеттілікке, жан тазалығына ерекше мән беруге ықпал етері анық, – деп атап өтті Қайрат Ырзақұлұлы.
Сонымен қатар, сөз кезегін алған Әл-Фараби ауданының прокуроры Х.Маматаев, Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің басшысы Н.Жалғасов қала аумағында жүргізіліп жатқан ұсақ бұзақылыққа қарсы күрестің нәтижелеріне де тоқталды. Соңы концерттік бағдарламамен өрілген шара барысында жастар қала тұрғындарының экологиялық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтарға бармауға шақырды.

DSC 0814  DSC 0826 

Екпе жасатудан неге қорқамыз?

Пятница, 27 Февраль 2015 06:23

Соңғы жылдары балаларда кездесетін түрлі жұқпалардың алдын алу үшін егілетін вакциналарға ата-аналардың қарсылығы бой көрсетіп қалатыны жасырын емес. Бұл әсіресе, денсаулық сақтау қызметкерлерінің алаңдаушылығын тудыруда.

003Өкініштісі, балаларына екпе жасауға қарсылық танытқандардың дені дін жолындағы ата-аналар көрінеді. Ғаламтордағы түрлі арандатушы ақпараттарға сеніп, ұл-қыздарына вакцина салдырудан бас тартқан замандастарымыздың қатары жетерлік. Сонымен қатар, ата-аналар қауымын соңғы кездері нәрестелер арасындағы түрлі патологиялық аурулардың жиілеп бара жатқаны алаңдатады. Сол себептен де, көбіне ата-аналар оның негізгі себебі салынатын екпелердің әсерінен болып жатыр деп күдіктенеді. Бұл ретте, емхана дәрігерлері мұндай болжаммен келіспейтінін айтады.
– Бұған дейін елімізде Сербияда шығарылған вакцинаны қолдану кезінде бірқатар сәбилердің арасында қолтық асты безінің қабынуы деректері тіркелген еді. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен, бүгінде денсаулыққа кері әсерін байқатқан осы бір вакцинаны қолдануға қатаң тыйым салынған. Бүгінде қызылша дертіне қарсы салып жатқан вакцинамыз Үндістан елінен жеткізілуде. Күні бүгінге дейін аталмыш вакцинаның үлкен көлемді реакциясы байқала қойған жоқ, – дейді «Нұрсәт» шағынауданындағы №3 емханасының балалар бөлімінің меңгерушісі Маржан Қаңлыбекова.
Балаларға екпе жасау – адамзаттың үздік жетістіктерінің бірі. Екпе арқылы жер шарында миллиондаған бала өлімнен, мүгедектіктен аман қалды. Екпе жасатуды Ислам діні құптамайды деген түсінікте жүрген жандар үшін теолог-дінтанушы мамандардың айтар өзіндік уәжі де жеткілікті.
– Ислам шариғаты балаға екпе алуға қарсы деп айту қате пікір деп ойлаймын. Мәселен, қажылар Меккеге қажылыққа барардың алдында түрлі ауруларға қарсы екпелерді қабылдайды. Олар екпе алмаған жағдайда, қажылық сапарын орындауға рұқсат берілмей жатады. Сондай-ақ, Әл-Азхар университеті ғұламалар кеңесі және көптеген мұсылман елдерінің пәтуа бөлімдері түрлі жұқпалы ауруларға қарсы екпе алудың шариғатқа қайшы келмейтіндігі жөнінде өз пәтуаларын берген. Себебі, екпе алу шариғат үкімі бойынша қандайда бір аурудан емделу үшін дәрі қабылдаумен тең. Сонымен қатар, имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабының қағидаты бойынша, «біз алда келетін апатқа, келмей тұрып дайын болып, оның алдын алуымыз керек». Бұл жайында кешегі өткен бабаларымыз да «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген емес пе, – дейді облыстық Ішкі саясат басқармасы, «Әлеуметтік бастамалар орталығы» директорының орынбасары Мәди Беспаев.
Қазіргі уақытта ел аумағында қызылша мен қызамық ауруларына қарсы екпелер егілуде. Жұқпалы аурулардың арнайы алдын алу шараларының бірі және бірегейі - иммундау жұмыстарының маңыздылығын әрбір азамат білуі тиіс. Ата-аналардың егуден бас тартуы негізсіз деген дәрігерлер біздің елімізде де вакциналанған балалар арасында қатерлі дерттердің жыл санап азайып келе жатқанын алға тартып отыр. Екпеден бас тарту соңы өкіндірер жағдайға әкелуі әбден мүмкін.

Тәртіп пен қауіпсіздік үшін

Пятница, 27 Февраль 2015 04:45

баршамыз жауаптымыз

 

«Біз тіпті ұсақ-түйек құқықбұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке төзбеуге тиіспіз. Себебі, бұл қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді».

Н.Назарбаев,
ҚР Президенті.

8f03da5005a9a11e07754323e5d05b85Демек, «нөлдік төзімділік» – адамдардың ұқыптылығы мен ішкі мәдениетін қалыптастыруға үндейді. Яғни, еліміздің әр азаматы кез келген құқықбұзушылыққа жайбарақат қарамауы керек. Бар мәселені тек құқық қорғаушы органдарға жүктеп қоюға болмайды. Елдегі тәртіп пен қауіпсіздік үшін баршамыз жауаптымыз. Кез келген тәртіпсіздіктің алдын алу – борыш екендігі ел азаматтарының санасына сіңірілуі тиіс.  
«Нөлдік төзімділік» қағидасы бойынша Шымкент қаласы аумағында бірқатар шаралар атқарылып келеді. Ұсақ құқықбұзушылық әрекеттерге мүлдем төзбеу саясаты бойынша, қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлері нәтижелі жұмыстар жүргізуде.
– Жуырда еліміздің Қылмыстық кодексі бірқатар баптармен толықтырылып, кей заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылады. Ауыр заңбұзушылық болмаған соң, басым бөлігі тек айыппұлдармен ғана құтыла салатын кездер де аз емес. Әйтсе де, кішігірім тәртіпсіздік төтенше жағдайдың орын алуына алып келуі әбден ықтимал, – дейді Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Мұсабек Зұлпыхаров. – Ұсақ құқықбұзушылық жасағаны үшін өткен жылы Шымкент қаласы бойынша 2491 азамат жауапқа тартылып, 4 миллион 232 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Нәтижесінде, оның 1 миллион 762 мың теңгесі өндіріліп алынды. Ал, 2015 жылдың 2 айында 2570 ұсақ құқықбұзушылық дерегі тіркеліпті. Айыппұлдың жалпы сомасы 4 миллион 375 мың теңгені құрайды. Күні бүгінге дейін оның 2 миллион 28 мың теңге қаржысы өндірілді.
Айыпты болған азаматтар қатарында әсіресе, белгіленбеген орындарда темекі тарту, қоқыс тастау сынды іс-әрекеттерге жол бергендер көп. Атап айтқанда, тек, жыл басынан бергі 2 айда түнгі тыныштықты бұзып, айыпты болған 84 азамат, абаттандырылған аумақтарда ережелерді бұзу дерегі бойынша 287 азамат жауапқа тартылған болса, заңсыз сауда бойынша 539 құқықбұзушылық дерегі тіркелген.

Сіз не дейсіз?

Ұсақ бұзақылыққа көз жұма қарамау керек

photo askarАсқар ЕРКІНБЕКОВ,
«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ-ның
заңгер-кеңесшісі:

– «Нөлдік төзімділік» шеңберінде жүзеге асырылып жатқан шаралар сөз жоқ, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен қылмыстың алдын алудағы маңызды қадам болмақ. Жалпы, қоғамдық тәртіпті бұзып, әдепсіздік танытқан, мәдениетсіздігін білдірген адам отбасында алған тәрбиесінің деңгейі төмендігін аңғартады. Өзгенің еңбегін сыйламайтындығын, бағаламайтынын білдіреді. Ондай азаматтарды қайта тәрбиелеу мүмкін емес шығар. Дегенмен, жауапқа тартып, заң талаптарын ұғындыру, мәдениеттілікке шақыру құқықбұзушылықтың алдын алуына септігі тиері анық.
Бұл ретте, қоғамда ұсақ құқықбұзушылықтарға, бұзақылыққа және мәдениетсіздікке «нөлдік төзімділік» атмосферасын қалыптастыру мақсатында облыс аумағында учаскелік полиция бекеттері жанынан 254 қоғамдық кеңес құрылып, бүгінде жер-жерлерде насихат жұмыстары жүргізілуде.

Кезектен тыс сайлау – уақыт талабы

Пятница, 20 Февраль 2015 05:19

ua56ngk6anv356pgnОблыстық ардагерлер кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Президентін кезектен тыс мерзімінен бұрын сайлау жөнінде көтерген бастамасын қолдайды. Өңірдің зиялы қауымы мен БАҚ өкілдерін жиып, арнайы «дөңгелек үстел» ұйымдастырған кеңес мүшелері осындай мәлімдеме жасады.
– Бұл сайлауды өткізу идеясы қазіргі кезеңде талап етілген жағдай болып отыр, – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов. – Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу өз кезегінде, еліміздің қарқынды дамуына, «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасының жүзеге асырылуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Дәл қазіргі бүкіләлемдік геосаяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында бізге бірлесе іс-қимыл атқарып, ортақ идеяның төңірегінде топтаса білгеніміз абзал. Осы арқылы барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, жаһандық дағдарысты еңсеруге, ел экономикасының қарыштап дамуына жол ашқан болар едік.
Бүгінде ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы мен ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру үшін қоғамдық оң көзқарасты қалыптастырып, күш-жігерімізді бір мүддеге жұмылдыру қажет. Жиында жарыссөзге шыққан зиялы қауым өкілдерінің айтар ортақ ойы осыған саяды.

marhabatМархабат БАЙҒҰТ,
«Ырыс алды – ынтымақ»
қоғамдық форумының хатшысы, Халықаралық «Алаш»
сыйлығының лауреаты:

– Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі ұсынған ҚР Президентін мерзімінен бұрын сайлау туралы ұсынысын өз басым, өте құптарлық деп білемін. Өйткені, ҚР Президенті мен Парламент депутаттарын сайлау науқанын бір жыл мерзім ішінде қамту ел тұрғындарына айтарлықтай салмақ болары рас. Ендеше, Ұлт көшбасшысын мерзімінен бұрын сайлау – уақыт талабынан туындаған қажеттілік.
Баршаңызға мәлім, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын ұсынған кезде, Елбасы
Н.Назарбаев алдымызда күтіп тұрған 10 сын-қатерді атап көрсетіп, кезіккен кедергілердің алдын алуға бағытталған нақты іс-шаралардың тетігін де нұсқаған еді. Бүгінгі жаһандық дағдарыстан мойымай, өзара ынтымақ-бірлік аясында ұйыса қызмет ету арқылы Елбасы жарқын жетістіктерге қол жеткізуге болатынын ұқтырды. Осы орайда, елдің келешегіне айқын бағдар сілтеп, даңғыл жолды көрсеткен Ұлт көшбасшысының жемісті қызметін халық жоғары бағалайды.

Алданазар ҚҰРМАНБАЙ,
«Құрмет» орденінің иегері,
ардагер құрылысшы:

– Баршамыз қазір жаһандық экономика тұрақсыздығына куә болып отырмыз. Әлемдік экономика дамуының 2015-2016 жылдарға арналған болжамдарын жақсы деп айта алмаймыз. Осы орайда, ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы – дағдарыстың алдын алуға бағытталған шара болып табылады. Соның нәтижесінде, инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Шағын және орта бизнеске де қолдау бар. Бүгінгі бейбіт ғұмыр кешкен ел тұрғындарының берекелі тұрмысын бағамдай отырып, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу идеясын толығымен қолдаймыз.

medeuovШерім МЕДЕУОВ,
тыл еңбеккері:

– Мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныстың көтерілуі – елдің жарқын келешегіне деген сенімнің көрінісі іспетті. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеудің негізгі бағдарын айқындауда бұл шараның маңызы жоғары болмақ. Елдегі ең басты сайлау науқанын кейiнге қалдырмай, оны алдын ала өткiзетiн болсақ, еліміз ағымдағы күн тәртiбiнде тұрған әлеуметтiк-экономикалық толғақты мәселелердi шешудiң жолдарын табуға мүмкiндiк алады. Біз кезектен тыс сайлау өткiзу идеясы ел мен халықтың мүддесi тұрғысынан туындап отыр деп есептеймiз. Жұмыла қызмет етіп, саяси алаңда бiрiге отырып, елiмiздiң дамуындағы осы бiр елеулi кезеңдi табыспен еңсере аламыз деген сенiмдемiз. Бұл бастама – ұлттық мүддемізге сай келеді деп санаймын.

Әлібек БАЙНАЗАРОВ,
Сайрам аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Қалың бұқара қолдау танытып жатқан бүгінгі бастама оң шешімін тауып жатса, мерзімінен бұрын өтер президент сайлауы ел экономикасын дамытуда жағымды рөл атқаратынына сенімдіміз. Бұл шара сыртқы экономикалық дағдарыстың жағымсыз әсерін табысты еңсеріп қана қоймай, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолын жалғастыруда да шешуші шартқа айналар еді. Мiне, сондықтан да, күллі Қазақ елі аталған бастаманы толықтай қолдап отыр деген ойдамын.

beknazarovАйтжан БЕКНАЗАРОВ,
Ұлы Отан соғысының
ардагері:

– Президенттік сайлау өткізу – ел тұрғындарының мүддесі үшін өте маңызды, өте жауапты шешім. Бүгінгі бастама Қазақстанның жарқын болашағы мен гүлденуі жолында баршамыздың күш-жігерімізді бір арнаға тоғыстыру болып табылады.
Бүгінде әлемде қаржы-экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны таралып, күрделі геосаяси қысымның салдарынан жағдай шиеленісе түсуде. Дәл осы кезеңде Елбасының өзі атап өткендей, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болмақ. Осы күрделі кезеңнен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана ойдағыдай өте алатын болады. Қазақстан жаһандық дүниенің бір бөлшегі болғандықтан, сыртқы теріс ықпалдардан тыс қала алмайды. Сондықтан, Мемлекет басшысын лайықты сайлап алғанымыз жөн деп білемін.

Алаяқтарға алданғандар көп

Пятница, 20 Февраль 2015 05:16

Құқық қорғау қызметкерлерінің істі қарау барысындағы бей-жай әрекеттері мен ел арасында белең алып отырған алаяқтық қылмыс деректері көпшіліктің наразылығын туындатуда. Прокуратураның қызметіне жүгінген жергілікті тұрғындардың айтар шағымының басым көпшілігі осы мәселелерге қатысты болып отыр.

DSC 0662Мәселен, ағымдағы жылы Еңбекші ауданы прокуратурасына тек бір ай уақыт ішінде алаяқтардың арбауына түскен 33 азамат арызданған. Бұл деректерді аудан прокуроры
Марат Сматов №31 Терещкова атындағы жалпы орта мектебінде «Көксай» елді мекенінің тұрғындарымен өткен қоғамдық тыңдауда мәлім етті.
– Мектепке дейінгі аяқжол төселімдерін салу мен жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жайында көтерген ұсыныстарыңыз орынды, – деп атап өтті Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов. – Тек өткен жылы қала аумағында 137 көше жарықтандырылыпты. Демек, сіздер ұсынған қажеттіліктер өңірлік әлеуметтік картаға енгізіліп, межелі мерзімде атқарылатын болады.
Жиынға қалалық мәслихаттың депутаттары мен қала әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.

 

Шымкент қаласы тұрғындарына айтар ақжолтай жаңалық: ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында қос бірдей жаяу жүргіншілердің өтпе жолы пайдалануға берілетін болады.

600 92da7dfb1bae1322d215fd51f19a994bОның бірі – Республика даңғылының бойында орналасқан (Эмиль сауда орталығының алды) жаяу жүргіншілер жолы болса, екіншісі, Рысқұлов көшесінің «Евразия» базарының алдындағы жер үсті жаяу жүргіншілер жолы. Алғашқы аталған нысанның құрылысын «Мрамориал+» ЖШС жүргізуде. Бұл үшін қала қазынасынан 107 миллион теңге қаржы бөлінген. Ал, екінші нысанның құрылысы «ЛюксСтройСити» ЖШС-не тиесілі. Жер үсті жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жергілікті бюджеттен 116 миллион 698 мың теңге қарастырылыпты.
Қазіргі таңда межелі жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Атап айтқанда, Мәделі қожа, Әл-Фараби, Қапал батыр, сонымен қатар, «Қатын көпір» шағынауданының көшелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Биыл 124 көшені орташа жөндеуден өткізу үшін бөлім тарапынан 1 миллиард 151 миллион теңге қаржы бөлу жөнінде ұсыныс беріліпті.
– Бұл бойынша жергілікті бюджеттен қала көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 620 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Бұдан бөлек, 5 жаяу жүргіншілер өтпесі, 9 көшені қайта құру және Қапал батыр көшесіндегі темір жолдың үстіндегі өткелді қайта құру үшін облыстық бюджет есебінен қажетті қаражат берілді, – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Қ. Жұматаев.
Айта кетейік, Шымкент қаласы көшелерінің жалпы ұзындығы 2 135 шақырымды құрайды. Оның 931 шақырымы, яғни, 43,6 пайызы асфальтты – бетонды төселіммен қамтылған. Тиісінше, 856 шақырым аумаққа (40,1 пайыз) шағал тас төселсе, 347 шақырымы яғни, 16,3 пайызы топырақты жол санатына енеді. Осы деректен байқалғандай, әр мезгіл сайын лай мен топырақтың зардабын сезінетін тұрғындар тарапынан айтылар өкпе-наз да жеткілікті.
– Өткен жылы Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымының қызметін қамтамасыз ету және дамыту мақсатында, облыстық және қала бюджетінен 3 миллиард 88 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген болатын, - деп атап өтті бөлім басшысы. – Нәтижесінде, 120 көше жолдары орташа жөндеуден өтті. 5 көше бойына аяқ жол салынды. 13 аялдамаға қалташа ұйымдастырылды. Автокөлік жолдарына темір қоршаулар орнатылды. Әрине, «Даму» бағдарламасының аясында алдымызға алдағы 5 жыл уақыт көлемінде облыс орталығында топырақты көше болмауы тиіс деген міндет қойылған. Қаржының бөлінуіне байланысты, бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында өткен жылы 14 ескі бағдаршам ауыстырылып, ұзындығы 120 метрді құрайтын жасанды жол кедергілері орнатылған. 39 жаяу жүргіншілер өткелі мен көлік жолының оң жақ өткелдеріне белсенді жол белгілері және жарық модульдер орналастырылыпты. 18 бағдаршам нысанына 48 дана кері санау таблолары қойылыпты.
Ағымдағы жылы бағдаршамдарда 22 уақытты кері санау таблолары орнатылып, 11 көшеге екі компанентті пластиктен жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілмек. 35 көшеге акрильді бояумен жол таңбалары сызылып, 350 метр қашықтықта жасанды жол кедергілері қойылады.

Тасымал тәртiбi түзелдi

Қоғамдық көліктерге қатысты қала тұрғындары тарапынан айтылар сын-ескертпелер әлі де болса толастаған емес. Осы орайда, бөлім басшысы қазіргі таңда нақты іс-шаралардың қолға алынып жатқанын жеткізді.
– Бүгінде қала көшелерінде 86 бағыт бойынша барлығы 1250 автобус тұрғындарға қоғамдық қызмет көрсетуде, – дейді Қ.Жұматаев. – Тұрғындардың арыз-шағымына орай, бөлім қызметкерлері тарапынан өткен жылы қараша-желтоқсан айларында тұрақты түрде рейд жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, қызметіне шалағайлық танытқан көлік мекемелеріне шара қолданылды. Нақты айтқанда, 18 бағыт бойынша келісім бір жақты бұзылып, сотқа талап арыз жолданды.
Сонымен қатар, қалаға жаңадан қосылған елді мекен тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл бойынша “Жаңаталап” елді мекенінен қатынайтын №25 бағытты автобус қаланың орталық көшелерін кесіп өтіп, «Нұрсәт» шағынауданына дейін жолаушыларын тасымалдауға кірісті. Бұдан бөлек, №89 бағыттағы қоғамдық көлік қызметі «таскендік» жолаушыларын теміржол вокзалына дейін жеткізуге әзір. Ал, №82 бағыт бойынша «Азат» елдімекеніне жетіп алуға болады.

Страница 35 из 37