×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Елбасы есiмi ұлықталды

Пятница, 05 Декабрь 2014 03:50

Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында»  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» арналған салтанатты мерекелік шара өтті. Шара барысында  Елбасы Н.Назарбаевтың өмір жолын сипаттаған деректі фильм көрсетіліп, тарихи сәттерден сыр шертетін суреттер көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

 dsc0704Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Асқар Мырзахметов мемлекеттік мерекенің мән-маңызына тоқталды. Мемлекет тағдыры талқыға түскен сын кезеңде ел тізгінін ұстаған
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұшан-теңіз еңбегі бүгінде өз деңгейінде бағаланып отырғанын айта келе, атаулы мереке шын мәнінде, Елбасыға деген халықтың шынайы ризашылығы мен шексіз сүйіспеншілігінің айқын көрінісі болып табылатынын жеткізді.
- Оңтүстік өңіріне жасаған әрбір сапарында Елбасы мұндағы қандай да бір оңды өзгерістер мен шаруаның жайын назардан тыс қалдырған емес. Өзіндік тиянақтылығы мен тындырымды тірлігін бағамдай келе, Шымкентті еліміздегі үшінші мегаполис қалаға айналдыруға тапсырма беруі де баршамызға баянды болашақты нұсқап, қосымша жауапкершілік жүктегені анық. Бұл Елбасының көрегендігін, Астана мен Алматы ғана емес, сонымен қатар, өңірлердің заман талабына сай дамуына жол сілтеген пайым-парасаты жоғары екендігін аңғартады, – деді құттықтау сөзінде Асқар Исабекұлы.
Еліміздің Тұңғыш Президенті қазақ елі үшін тарихи маңызы зор тәуелсіздік жылдарында жас мемлекеттің бас сәулетшісі, әрі негізін қалаушысы болды. Әлбетте, азаттық таңы арайлап атқан тұста тәуелсіз мемлекет құру, тұрақтылық орнату, ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету оңай болмағаны анық. Ол үшін бағыт-бағдары айқын жүйелі жоспар мен жан-жақты ойластырылған байыпты бағдарлама керек болатын. Ұзақ мерзімді даму Стратегиясы дәл осы талаптарға жауап беретін, күні бүгінге дейін посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ бағдарлама еді. Соның арқасында Қазақстан ұзақмерзімді айқын бағдарлар мен оларға қол жеткізудің нақты жолдарына ие болды. Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген жеке кәсіпкер, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» Серікжан Сейтжанов Елбасының кесек ойлы бітімін айқын танытатын бірқатар естеліктерін баяндап өтті.
- КСРО құлағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикалардың алдында қай жолды таңдау керек, жылдар бойы қалыптасып қалған адамдардың сана-сезімін, қоғамдық құрылымды қалай өзгерту керек деген сұрақ кесе көлденең қойылды. Осынау ауыр дағдарысты жағдайдан шығудың жолын әркім өзінше іздеп табуға тырысты. Дегенмен, біздің Қазақстанның таңдаған жолы солардың ішіндегі ең бір оңтайлы да тиімді бағыт болғандығын уақыттың өзі дәлелдеп берді, – деді
Серікжан Сейтжанұлы.
Жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа экономикалық және қаржылық тәртіп құру туралы ұсыныстары әлемде үлкен серпіліс туғызды. Еліміздің және ел Президентінің әлемдік қауымдастықтағы биік беделінің тағы бір дәлелі – ЕҚЫҰ төрағалық етуіміз бен Астанада осы ұйымға мүше елдердің басшыларының басын қосқан Саммиттің өткізілуі болды. Сонымен қатар, ел астанасында әлемдегі ең ірі халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу туралы тарихи шешім қабылданды. Бұл - Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықта лайықты орын алатындығын, ел Президентінің әлемдік ауқымдағы биік беделді саясаткер екендігін айқын танытады. Мерекелік шара барысында көпшілікке құттықтау лебізін білдірген облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Роза Пак, Сайрам ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар, облыстық өзбек этно-мәдени орталығы жанындағы жастар қанатының төрағасы Рихсибай Мамедовтың бір арнаға тоғысқан ортақ ойлары осыған сайды.
Шара барысында ұлт-аспаптар оркестрі, бишілер мен әншілердің қатысуымен концерттік бағдарламалар көрсетілді. Мерекелік шара «Оңтүстік цирк» ғимаратында жалғасын тапты.

 

Жобалар жүзеге асырылуда

Вторник, 02 Декабрь 2014 03:08

Әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бүгінде өз кәсібін дөңгелетуге ден қойған ел азаматтарына айтарлықтай сеп болуда. Бұл орайда, мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп, жәрдем алған белсенді топтың үлес салмағын сараптар болсақ, шымкенттік кәсіпкерлердің қатары қалың екенін аңғарамыз.

7ef3b4d5eb1408735ff82478b0028e1fТек ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020»бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 57 жобаның қаржыландырылуы жоспарланған болатын. Күні бүгінге дейін жалпы саны 79 жоба мақұлданып, межелі жоспар 139 пайызға орындалған. Нақтылай кетсек, бағдарламаның бірінші бағыты, яғни, несиенің пайыздық мөлшерін субцидиялау бойынша 62 жобаға қолдау көрсетіліп, 20 миллиард 1 миллион теңгенің жәрдемі көрсетілген. Сондай-ақ, банктегі несиелерді кепілдендіру бойынша – 4 жоба, өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағытында – 1 жоба, грант негізінде – 7 жоба іске асырылған. Ал, үшінші бағыт, яғни, экспортқа бағытталған банктегі несиелерді субсидиялау бойынша тиісінше, жалпы құны 4 679,7 миллион теңгені құрайтын 5 жоба қолдау тауып отыр.  
– Жалпы, аталмыш бағдарлама Мемлекет басшысы артқан сенім үдесінен шықты деп толық айта аламыз. Әлем елдерін әбігерге салған дағдарыс кезінде қабылданған құжат қоғам үшін өзінің қажеттілігін байқатып, айтарлықтай нәтиже беруде, – дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асқар Қаныбеков.
Сонымен қатар, биыл «Максимум» аймақтық инновациялық орталығы» ЖШС-і арқылы 1 846,3 миллион теңгені құрайтын 32 жоба мақұлданған. Ондағы жылдық қаржы несиелері 7 пайызбен, ал, лизинг несиелері 8 пайызбен ұсынылғанын да атай кеткен жөн.

Өрісі кеңейген өнеркәсіп

Вторник, 02 Декабрь 2014 03:04

Елімізде Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында пайдалануға берілген кәсіпорындардың өз өнімдерін шығара бастағаны көңілге қуаныш ұялатады. Осы бағытта бірегей жобаларын ұсынған «Textiles.kz» компаниялар тобы да отандық өнімдердің өрісін кеңейтіп, мақта талшығын қажетке жаратпақ ниетте. Нәтижесінде, тұтынушыларға сапалы өнімдер ұсынылмақ.

00213Шымкент қаласында «Textiles.kz» компаниялар тобына кіретін «Ютекс» және «Меланж» акционерлік қоғамдарының тоқыма фабрикалары қайта іске қосылды. Айта кетейік, бұл тоқыма фабрикаларының жұмысы бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған болатын. Шикізат алуға және өндірістік шығындарды жабуға айналымдық қаражаттың жеткіліксіздігі, сонымен қатар, 2008-2009 жылдары әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс пен әлемдік нарықтағы мақта шикізаттарына бағаның көтерілуі «Ютекс» пен «Меланж» мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатуға себеп болған еді.
Бүгінде аталмыш кәсіпорындар «Textiles.kz» компаниялар тобының «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру-2020» бағдарламасына енгізілген. Өз кезегінде, кәсіпорындардың қызметін қайта жандандыру үшін Қазақстанның Даму Банкі жалпы құны 64,5 миллион АҚШ долларын құрайтын несие желісін беріп отыр. Оның ішінде, 5 миллион АҚШ доллары – «Ютекс kz» АҚ кешені өндірістік құрылысының аяқталуына, қалған 59,5 миллион АҚШ доллары – «Меланж», «Ютекс» және «Ютекс kz» акционерлік қоғамдарына мақта талшықтарын сатып алуға жұмсалмақ. «Меланж» және «Ютекс» акционерлік қоғамдары фабрикаларының өндіріс қуаттылығы жылына 17,8 мың тоннаны құрайтын болады. Ал құрылысы 2016 жылы аяқталатын «Ютекс kz» фабрикасы өндірісінің қуаттылығы жылына 8,4 мың тоннаны құрауы тиіс.
– Бүгінде Оңтүстік өңірінде суды көп қажет ететін мақтаны егуді азайтып, суды аз қажет ететін дақылдарды өсіру қолға алынып жатқаны жасырын емес, – дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов. – Себебі, мақта талшығын өсіруге қолайлы аймақ саналатын Мақтааралда ағын су өте өзекті мәселе болып отыр. Осы орайда, суармалы жер көлемін ұлғайту үшін республикалық бюджеттен 32 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға каналдар, арық-атыздар тазартылып, жердің сорын шаятын тиісті қондырғылар орнатылады. Демек, мақта шаруашылығын жолға қойып, өндірісті өркендетуге өңірдің мүмкіндігі әбден жеткілікті. Шаруашылықтың дамуына мүдделілік танытып отырған кәсіпорын қызметі алдағы уақытта жергілікті шикізатпен толық қамтылуы тиіс.
Бүгінгі таңда аталмыш фабрикаларда 400-ден астам адам жұмыс істейді. Аталған үш тоқыма кәсіпорны толыққанды іске қосылған сәтте мұнда 2000-нан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Және мұндағы өнімдер Қазақстанның ішкі нарығын толығымен қамтамасыз етпек. Сонымен қатар, экспорт көлемін ұлғайта отырып, дайын өнімдердің негізгі бөлігі Қытай мен Еуропа елдеріне де бағытталмақ. Нақ қазіргі таңда «Қазақстан Темір Жолы» АҚ мекемесі төсек-орын тыстары мен арнайы киімдерді сатып алуға ұзақмерзімді келісімшартқа отыруға мүдделілік танытуда.
– Еліміз кедендік одаққа мүше болғанда жеңіл өнеркәсіп саласында тер төгіп жүргендердің қуанышында шек болған жоқ, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Камалидинұлы. – Ресеймен арадағы қатынастың жеңілдегеніне, кедендік рәсімдеу жұмыстарына уақыт шығындамайтынына көңіл тоғайды. Сала кәсіпорындары бұрынғы кеңестік кездегі іскерлік байланысты орнатуға ұмтылуда. Осының нәтижесінде, еліміздегі кәсіпорындардың саны мен қуаттылығы артып, жаңа жұмыс орын­дары көптеп ашыла бастады. Салық төлеу, тоқтап қалған кәсіпорындарды сауықтырып, іске қосу ар­қылы ел экономикасына айтарлықтай оңды ықпал жасалып отыр.
Тоқыма фабрикаларының іске қосылуы өз кезегінде, мақта бағасының тұрақталуына да сеп болуы тиіс. Қазірдің өзінде кәсіпорын 20 мың тонна «ақ алтынды» сатып алып отыр. Мемлекеттік сауықтыру бағдарламасына енгізілген кәсіпорын тиісінше, алдағы 4 жыл бойы салық төлеуден босатылмақ. Айта кетейік, өз жұмысын алғаш 2005 жылы бастап, небәрі 3 жыл уақыт қызмет жасаған бұл кәсіпорын сол кезде 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамти отырып, бюджетке жылына 2 миллиард шамасында салық төлеп келген еді. Нарықта өзіндік талғамымен тұтынушыларының жоғары бағасына ие болып үлгерген алпауыт кәсіпорын өз өнімдерін көпшілікке қолжетімді бағада ұсынбақ.

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ ғимаратының мәжіліс залында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Интернет медиа-технологияны меңгеру тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.

index216544Семинар барысында ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы «Әлеуметтік медиа», «Аbai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат «Дәстүрлі БАҚ және жаңа медиа» тақырыбында дәрістер оқыды. Шараға облыстағы жас журналистер мен блогерлер қатысты. Жиынды ашқан ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали аталған шара БАҚ өкілдерінің кәсіби деңгейін шыңдап, заман талабына сай жедел ақпарат алу мүмкіндіктерін ашатындығын атап өтті.
– Үш миллионнан астам тұрғыны бар Оңтүстік өңірі үшін бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы өте зор. Ол ең әуелі, оқырманын қоғамдағы түрлі ақпараттармен таныс ете отырып, ағартушылық міндетті де атқарады. Бұл орайда, жаңа медиа-технологиялар БАҚ арасындағы өзара бәсекелестікті қалыптастырары сөзсіз. Бүгінде жалпы саны 400-ден асатын ақпарат құралдарын тіркеген өңірде заман талабына бейімделген жаңа медианы меңгеруге барынша қолайлы мүмкіндік бар, – дейді
Берік Уәлиұлы.
Еркін пікір алмасу жағдайында өткен жиында семинарға қатысушылар әлеуметтік желілерге ақпарат беру, имидж қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, бейнематериал салу мен ақпаратты жарнамалау жайын кеңінен талқылады.

 

Қала бюджетi нақтыланды

Пятница, 07 Ноябрь 2014 03:38

Бесінші шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясы өтті. Сессияға қала әкімі Дархан Сатыбалды, қалалық мәслихаттың депутаттары, бөлім басшылары қатысты. Жиынды сессия төрағасы Ғани Ахметбаев жүргізіп отырды.

347452Күн тәртібінде «2014-2016 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Баяндамашы, қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің көлемі 2014 жылға 1 миллиард 944 миллион теңгеге кеміген. Сонымен қатар, 2015 жылға 1 миллиард 396 миллион теңгеге, 2016 жылға 40 миллион теңгеге қысқарып отыр. Атап айтқанда, ағымдағы жылы құрылысы басталған бірқатар білім беру нысандары, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры, инженерлік коммуникация инфроқұрылымдары, сумен жабдықтау, көріктендіру нысандары, спорт және жылу-энергетика саласын дамытуға бағытталған қаржы үнемдеу есебінен келер жылға өтпелі болып қала бермек.
Күн тәртібінде сондай-ақ, Шымкент қаласының аумағына құрылыс салу Ережесін бекіту туралы және «2014 жылға арналған Шымкент қалалық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыс сметасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Күн тәртібінде қаралған мәселелерге мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау танытты.
Сессияны қорытындылаған қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров облыс орталығының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін бірқатар азаматтарды қалалық мәслихаттың Грамотасымен марапаттады.



Қоғамдық көлiктер қайда асығады?

Пятница, 07 Ноябрь 2014 03:26

Соңғы жылдары қоғамдық көлік мәдениетке, жолаушылар тасымалдау қызметіне қатысты жиі сын айтылып жүр. Жүргізушілердің жол ережесін өрескел бұзуы, қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын апатты жағдайлардың жиілеп кетуі осы сөзімізге дәлел.
Облыстық Ішкі істер департаментінің мамандары бұл ретте қала тұрғындары тарапынан қоғамдық көлік қызметіндегі тәртіпсіздікке қатысты сенім телефоны арқылы және хат түрінде толассыз шағым түсіп жататынын айтуда. Бұл бағытта, яғни жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық көлік қызметі сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан іс аз емес. Дегенмен...

Биыл 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді

DSC 0730Өткен аптада орын алған оқиға да көп жайтты аңғартады. Шымкентте қоғамдық көліктердің қатысуымен жантүршігерлік оқиға орын алды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан №19 бағыттағы автобус жоғарғы "Отырар" аялдамасында тұрған екі бірдей автобусқа соғылып, салдарынан бір бойжеткен оқиға орнында қайтыс болды. Ауыр жарақат алған және бір қыз жедел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жұлынына зақым келген. Аяқ қозғалысының қимылы да қиындаған. Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға кінәлі деп табылған қоғамдық көлік жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеп отыр.

- Шын мәнінде, өзара «жарыс көрігін қыздырған» қоғамдық көлік қызметі көбіне жол-көлік оқиғасының тіркелуіне себеп болып жатады, - дейді облыстық Ішкі істер департаменті анықтау басқармасы басшысының орынбасары Дауыл Панзабеков. - Нақты статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, қалада жыл басынан бері қоғамдық көліктердің қатысуымен 24 көлік апаты тіркелген. Оның 19-ы тікелей осы қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен орын алған. Нәтижесінде, 4 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алып отыр.

Муниципалды автопарк қызметi: кiмдерге тиiмдi?

Бүгінде Шымкент қаласы аумағында 33 қоғамдық көлік компаниясы жолаушыларға 86 бағыт бойынша қызмет көрсетіп келеді. Орта есеппен алғанда, күнделікті 1000 автобус өз ауысымында қаланың әр қиырын шарлай жүріп, жолаушы тасымалдайды. Жер аумағы ұлғайған алып шаһардағы жолаушы тасымалдайтын көліктерді бақылауда ұстаудың қиынға соғатынын жасырмаған құзырлы мамандар кезіккен қиындықтарға қарамастан, жағдайдың жыл өткен сайын реттеліп келе жатқанын айтады.
- Қоғамдық көлік қызметін тиімді үйлестіру мақсатында қала әкімдігі тарапынан экологиялық тұрғыдан тиімді, «ЕУРО-2» стандартына сай келетiн муниципалды автопарк ашу жоспарланған болатын, - дейді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқын Байдуллаев. – Бұл үшін тіпті, «Достық» мөлтекауданынан арнайы жер телімі белгіленіп, инвесторлармен екіжақты келісімдер жасала бастаған да еді. Тек, бәсекелестікті қорғау агенттігінің өңіраралық инспекциясы мамандары мұндай шешімге үзілді-кесілді қарсылығын білдіруде. Олардың пікірінше, орталықтандырылған автопарк қызметі қаладағы қоғамдық көлік компанияларының жұмысын едәуір шектеп, өзара бәсекелестік ортаны бәсеңдетуі бек мүмкін көрінеді.
Айта кетейік, іске қосылған мұндай муниципалды автопарктер бүгінде Алматы және Өскемен қалаларында жүйелі қызмет атқарып келеді екен. Ендігі жерде, құзырлы орын қызметкерлері жұмысы жолға қойылған қалалардың бүгінгі ахуалын зерделей отырып, өз ұсыныс-жобасын бәсекелестікті қорғау агенттігіне қайта ұсынбақ ниетте. Орталықтандырылған осындай жүйе арқылы мамандар қоғамдық көліктердің жұмысын ширатуға, атап айтқанда, автобустардың тұрақты түрде жаңартылуын, сонымен қатар, белгіленген уақыт қашықтығын сақтауын және олардың экологиялық тұрғыдан тиімді биоотынмен қамтылуын ұдайы бақылауға алуға болатынын айтады. Қалай болғанда да, Шымкентте муниципалды автопарк ашу мәселесі – тек, алдағы күндердің еншісінде қалып тұр.

«GPS» бақылау құрылғысы орнатылады

Қала әкімінің тікелей тапсырмасымен, қаңтар айының алғашқы жұлдызынан бастап, қоғамдық көліктердің арнайы «GPS» бақылау құрылғысымен қамтылуы міндеттеліп отыр. Осы құрылғының көмегімен, бағыттағы әрбір көліктің қай тұста кетіп бара жатқанын, арақашықтықты қаншалықты сақтауын және олардың жүріс жылдамдығын толықтай монитор арқылы бақылауға болады. Яғни, осы монитор арқылы жүргізушінің қитұрқы әрекеттері байқалған жағдайда, ескерту шаралары қолданылмақ.
- Күні бүгінге дейін белгілі бір жазаға тартылған қоғамдық көлік жүргізушісі айыптаудан бас тартып, өзге компанияларға қызметін ауыстырып жатушы еді, - дейді Жарқын Мұстафинұлы. – Ендігі жерде, қалалық Ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып, айыпталған азаматтарды көлік жүргізу құқығынан айыруға, сондай-ақ, ешбір компанияға қызметін ауыстыруына жол бермеуге уағдаласып отырмыз. Айта кетейік, межелі жұмыстар бойынша қазірдің өзінде 750 қоғамдық көлікке «GPS» бақылау құрылғысы орнатылыпты. Жыл соңына дейін автобустардың барлығы бірдей осы құрылғымен қамтылмақ. Және бұл үшін қажетті қаражат жүргізушілердің өз есебінен жүргізілуде.

Экологиялық ахуал – басты назарда

Жыл басынан бері қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған рейдтік шаралар барысында экологиялық ахуалы сын көтермейтін 57 қоғамдық көлік анықталған. Оларға қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 2 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынып, 900 мың теңге көлемінде қаржы өндіріліп алынды. Осы көрсеткіштерді есепке ала отырып, сала мамандары көлік компанияларына автобустарды жүйелі түрде жаңартып отыруды ұсынуда. Және өзара келісімге келген компаниялармен екіжақты шарт уақыты біршама ұзартылмақ. Ал, күткен межеден көріне алмаған көлік компаниялары қызметін тоқтатар болса, одан келер еш қиындық жоқ. Себебі, бұл іске құлшына кірісуге ниет танытқан өзге де инвесторлар газбен жүретін су жаңа 200 автобусты бағытқа қоюға дайын. Демек, «жаңаруға» зор ықылас таныта қоймаған компания басшылары үшін қазірден бастап ойланбасқа амал жоқ.

«Тоқылдақтардың» жұмысына тоқтау бар

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жаңа жылдан күтер тағы бір «ережесі» - ұйымдастыру бекеттерінің, сонымен қатар, «тоқылдақтардың», яғни, секундомерлердің өз қызметін тоқтатуы болмақ. Ұйымдастыру бекеттеріне қажеттіліктің болмауы – мониторлық басқарумен тікелей байланысты екені мәлім. Ал, «секундомерлер» қызметі көбіне қоғамдық көлік жүргізушілерінің қозғалысына едәуір кері әсерін тигізіп отырғаны байқалады. Сонымен қатар, олар өз табысынан салық төлемейді. Сол себептен де, тиісті сала мамандары мен полиция қызметкерлері бірлесе отырып, олардың қызметіне шектеу қоймақ ниетте.
- Бағыттағы әрбір көлік өз жүрісінен жаңылмауы тиіс. Ал, «секундомерлерден» мәлімет алған жүргізушілер көбіне не алдындағы бәсекелесін басып озуға тырысады, не болмаса, аялдамада уақыт ұтуға бейілділік танытып жатады. Осының салдарынан, аялдамаларда кептеліс туындап, келесі бір автобустар жолдың екінші сызығынан тоқтауға мәжбүрлік танытып жататын. Енді бұл мәселеге нақты тоқтау салынатын болады, - дейді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқын Байдуллаев.

 

Студент жастармен кездесті

Пятница, 31 Октябрь 2014 08:29
Облыстық ішкі саясат басқармасы Әлеуметтік бастамалар орталығы қызметкерлерінің ұйытқы болуымен Шымкент көліккоммуникация және жаңа технологиялар колледжінде өңірдің дінтанушы мамандары студент жастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысындаеліміздегі дінаралық келісімді нығайтудәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау,тұрғындардың діни сауаттылығын арттырутеріс пиғылды діни ағымдардың ықпалынан жастарды сақтандыру сынды өзекті мәселелер жан-жақты әңгіме өзегіне айналды.
– Бүгінде, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы қабылданғалы елімізде ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылыпдіни ахуал тұрақтанып келедіТүрлі конфессиялар мен діни бірлестіктер қайтадан тіркеуден өтіполардың жұмысы туралы ақпараттандыру жақсы жолға қойылғанОблыс көлемінде жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттеріменмектеп оқушыларымен дін тақырыбына арналған кездесу жүйелі түрде өткізілудеНәтижесі де жоқ емесИслам - ең ізгі дін екеніне көпшіліктің сенімі нығайдыӘсіресежастар діннің адам өмірінде маңызды орын алатынын түсіне бастады, - дейді Әлеуметтік бастамалар орталығының директоры Нұржан Тұрсынбай.
 
Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ, shymkent.gov.kz.
Страница 37 из 37