Тбилисиден Шымкентке жеттi

Среда, 13 Апрель 2016 05:43 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3575 раз

Бейбітшілікті ту еткен грузиялық велосаяхатшы Нодар Беридзе 9 сәуір күні Шымкентке келді. 50 елді, 50 мың шақырымдық жолды басып өтуді мақсат еткен құрметті қонақты БАҚ өкілдері, қалалық №2 спорт мектебінің басшылары және кішкентай велосипедші шәкірттер күтіп алды. 22 қаңтарда Тбилисиден шыққан ол екі күн қаламызда аялдап, 11 сәуір күні қайта жолға шықты.

tibilisiden shymkent

Саяхатшының басты мақсаты – әлем халықтарын бейбітшілікке, ынтымаққа шақыру. Бұдан бөлек әйгілі велосаяхатшы, отандасы Джумбер Лежава әлем елдерін велосипедпен аралап өту арманын орындауға бекінген. Бұл жолда екі жыл бойы үш жарым мыңнан аса елді мекен мен қаланы басып өтуі керек.
– Мен барлық қоғамды осы велотурға қатысуға шақырамын. Басты ұраным да айқын: әлемде соғыс, дау болмасын. Қазақ халқының қонақжайлылығынан танбай, зор қошеметпен күтіп алғанына алғысым шексіз. Жалпы, Қазақстанда веломәдениет қалыптаса бастағанынан хабардармын. Таңертең Ташкенттен шығып, ешқандай кедергісіз Шымкентке жеттім, – дейді саяхатшы.
Велосаяхатшының ендігі бағыты – Бішкек арқылы Алматыға жету. Одан әрі Ресейге өтіп, Еуропа, Африканың солтүстік бөлігін бағындыру. Екі жылдық велотур аясында 2018 жылы өз елі Грузияға жетуді жоспарлап отыр.
Қырық алты жастағы Беридзе бүгінде көпшілікке танымал. Келешекте халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турын ұйымдастыру жоспары да бар.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.