Мемлекеттік қызметші – антына берік азамат

Среда, 19 Июнь 2024 06:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 143 раз

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау, кез келген жағдайда біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу, азаматтармен етене жақын жұмыс істеу, сыпайылық сақтап, азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау.

 

Мемлекеттік қызметшілерге қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, өтірік мәліметтерді таратпау, мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру, заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік фактілеріне жол бермеу, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану сынды талаптар қойылады. Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға, ресмилікпен, ұстамдылықпен, ұқыптылықпен ықпал етуі тиіс.
Мемлекеттік қызметші – өзіне мемлекеттің міндеттері мен функцияларын адал жүзеге асыруға ант берген тұлға.

Д.СЕЙТАЕВ,
Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.