«Таза бейсенбі» тазалыққа сеп

Понедельник, 15 Июль 2024 11:19

taza-beisenbi

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» акциясы жалғасын тапты. Экологиялық акция аясында Еңбекші ауданындағы Бадам өзенінің бойы қоқыстан тазартылды. «Таза QAZAQSTAN» жалпыұлттық жобасы аясында өткен іс-шараға партия филиалының қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шарада «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Бекайдар Төлегенов, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депуттары, жастар тазалыққа үлес қосты. Өзен бойында санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді. Аудандық «Группа интеко» ЖШС коммуналдық мекемесінің жұмысшылары да жұмылдырылды. Жалпы 200-ден астам адам экоакцияға белсене қатысты.

«Таза бейсенбі» іс-шарасы барысында өзен-көлдердің жағалауын тазарту, тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасын абаттандыру, қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары атқарылуда. Қоғам қайраткері Еркін Сатқанбаев тазалықтың мән-маңызы зор екенін атап өтті.

Ұзақ мерзімге жоспарланған экологиялық акция барысында партияластар аптаның әр бейсенбісінде бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуға байланысты мәселелерді шешеді. Партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасында өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ауқымды міндеттері тұр.

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында барлық өңірлерде алдын-ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары жасалған.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қалалық Полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды талқылап, мамандардың ұсыныстарын тыңдады.

2 сенатор

Елорда тойы – елдіктің тойы

Пятница, 05 Июль 2024 06:21

Астанада халық саны 1,5 миллионға жетті. Бұл ресми мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады. 2024 жылдың 1 маусымдағы көрсеткішке сәйкес, бас шаһар Астанада 1 464 415 адам тұрады. Ширек ғасырдан астам уақытта жаңа елорда жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды. Биыл елордамыз Астана қаласы 26 жылдығын тойлауда. Елорда – еліміздің динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, тәуелсіз республикамыздың нышаны.

3 astana

Бәсекеде достық жеңді

Среда, 03 Июль 2024 04:38

Шымкентте футболдан 19 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы «Zhuldyz Summer Cup» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарыс Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен және УЕФА бағдарламасы аясында өтті.

8 fot

Шымкентте транспорт саласында оң өзгерістер көп. Қазір қаланың орталық (Бәйдібек би, Рысқұлов) көшелерінің бойында 200 аялдамаға атаулары жазылған тақтайшалар ілініп жатыр. Ал, биылғы 3-тоқсанда 898 жаңа аялдама павильондары орнатылмақ. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов жыл басынан бері қалада жол құрылысы, қоғамдық көлік қызметін дамыту, аялдамалар орнату, жалпы көлік саласын дамытуда атқарылған жұмыстарды жүйелеп айтып берді.

AvTob

«АССАМБЛЕЯ. ПАРЛАМЕНТ. МӘСЛИХАТТАР» қоғамдық жобасы аясында Шымкент қалалық ҚХА мүшелері мен мәслихат депутаттары Сайрам тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Жиынға Шымкент қалалық мәслихаты депутаттары, басқарма басшылары, құқық қорғау органдары өкілдері қатысты.

Deputat

Шымкентте конгресс холл ашылды. «Tulip Hall» ғимаратында алғаш рет Қала күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

TulP

Шымкентте Қала күніне орай көркем гимнастикадан Қаратау ауданы әкімінің кубогы бәсекесі өтті. Кезекті рет ұйымдастырылған турнирге 8-14 жас аралығындағы 100-ден астам жас спортшы қатысты. Сайысты өткізудегі басты мақсат – осы тамаша спорттың барлық қырларын көрсету, саламатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.

GimNas

Страница 2 из 87