×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жергiлiктi полиция қызметiнде – жаңа басшы Избранное

Среда, 10 Февраль 2016 05:31 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 5069 раз

meirkhan daniar tagaindau

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымды міндетті полиция подполковнигі Мейрхан Данияр Мейрханұлы атқаратын болды. Оның кандидатурасын Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы ұсынды.


Жергілікті полиция қызметінің жаңа басшысын ұжымға қала әкімі
Ғабидолла Әбдірахымов таныстырды. Өз сөзінде полиция қызметінің қоғамда алар орнын айрықша бағалаған қала әкімі жаңа басшының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
– Сіздерге құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында үлкен жауапкершілік міндеті жүктеледі. Тиісінше, жергілікті полиция қызметінің жұмысын жандандыру үшін биыл қала бойынша 100 қызметтік автокөлік, 5-6 эвакуатор жеткізіледі. Сондай-ақ, қала аумағында қосымша 50 бейнебақылау қондырғылары орнатылмақ. Ел аумағындағы үшінші мегаполис атына сай, Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметі де ұдайы жоғары көрсеткіштерге ие болуы тиіс, – деп атап өтті Ғ. Рахматоллаұлы.
Данияр Мейрханұлы бұған дейін Сайрам АІІБ бастығы болып еңбек еткен. Жаңа басшы алдағы уақытта қаладағы жергілікті полиция қызметінің жандануына күш салатынын жеткізді.

meirkhan daniarАйта кетейік, жаңа құрылым Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасына сәйкес жасақталған болатын. Полиция қызметінің құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілері, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, табиғат қорғау, қабылдап-тарату және арнайы қабылдайтын орындар, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі, жол-патрульдік полиция қызметкерлері бар. Жергілікті полиция қызметі ішкі істер органдарының біртұтас жүйесіне кіреді және қызметкерлері бірыңғай құқықтық мәртебеге ие.
Жергілікті полиция қызметінің басшысы әр тоқсан сайын тұрғындар алдында есеп беріп отырмақ. Өз кезегінде, бұл міндет сала қызметкерлерінің жауапкершіліктерін арттыратын болады. Оған қоса полиция қызметін тұрғындар да лайықты бағалай алады.
Сонымен қатар, бұл күні қалаға қарасты төрт ауданда жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына жаңа басшылар тағайындалды.