1 наурыз – Алғыс айту күні. Мерейлі мерекеге орай Шымкенттегі «Royal rose» салтанат сарайында облыс әкімі Ж. Түймебаевтың қатысуымен жиын өтті. Шара жастардың «Мың алғыс!» флешмобымен басталды. Ал этномәдени бірлестіктердің өкілдері бейбітшіліктің белгісіндей әуеге шар ұшырды. Салтанат сарайында жалғасқан шарада Алғыс айту күнінің мән-маңызын бейнелейтін…
Ән әлемінде есімі танымал Айжігіт Қалмырзаұлы туралы көп дүние айтуға болады. Ол – өнерде өзіндік нақыш, мәнерін айшықтай білген азамат. Парасат-пайымы да бөлек. Биыл асқаралы алпыс жасқа толып отырған композитор ағамен аз-кем сырласқан едік. – Айжігіт аға, Шерхан Мұртаза «60-талтүс» деген екен. Сол талтүстегі шағыңызда…
Болашақ жұлдыз жазушының бала махаббаты 14 жасында оянған екен.Оның жүрегіне тұңғыш шоқ салған ару өзінен төрт жас үлкен, 18-дегі бойжеткен Екатерина еді. Подмосковьеде бұлардың имениесімен көрші тұратын графиня Шаховскаяның қызына ынтықтығы екі отбасының жиі араласып тұратындығынан туындаған. Бұлаңдаған бойжеткеннің сымбаты мен сұлулығы, ерке қылығы жасөспірім…
Кеңес заманының идеологиялық үрдісінің нәтижесінде Куба елі мейлінше дәріптеліп, сүйкімді сипатқа ие болды. Э.Че Гевара, Ф.Кастро тұлғалары культ дәрежесіне көтеріліп, талай жастың қиялын тербейтін. Бүкілодақтық радиодан «Куба-любовь моя» әні жиі беріліп жататын. 1960-жылдары Б.Момышұлының онда барып, Куба әскерилеріне соғыс тактикасы туралы арнайы лекция оқып қайтқаны…
Каирде өткен 10-шы халықаралық анимациялық фильмдер форумында «Қазақ елі» бірден үш жүлдені иеленді. Бұл туралы картинаның режиссері Батырхан Дәуренбеков мәлімдеді. Халықаралық фестивальде 50-ден астам елдің үміткерлері бақ сынаған. Олардың қатарында анимациялық фильм түсіруден үздік АҚШ, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Германия елдері бар. Бұл мемлекеттердің ең…
Шымкент – мәдени ошақтар мен ойын-сауық орталықтарының ордасына айналған қала. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осындай көпшілік орындарда мәдени демалысты тиімді ұйымдастыру үшін халық шығармашылығы туындыларын тыңдарманға жеткізу жөнінде ұсыныс жасаған еді. Игі бастамаға Ш. Қалдаяқов атындағы филармония өнерпаздары қолдау білдіріп, «Шымкент плаза» және «Mega planet»…
«Тәуелсіз Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені». Таяуда құрылған «Достық» клубының басты ұстанымдарының бірі осындай. «Достық» – ұлтаралық келісім мен студенттер достығының дәнекері. Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде ашылған клубта қызықты кездесулер, кештер, байқаулар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, концерттік бағдарламалар мен фестивальдер өткізу…
ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ Шымкент қаласында Жастар театрының тұсауы кесілді. Өнер көгіне ұядан ұшқан балапандай қанат қаққан жас ұжым алғашқы қойылымына Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» пьесасын таңдапты. Олардың «өз театрымыз болса екен» деген ұсынысы қолдау тапты. Көрдік, көзайым болдық. Қоюшы режиссері М.Əуезов…
Оңтүстіктегі «Арай» байқауы жылдан жылға тамырын тереңге жайып келеді. Бұл – жас әншінің өнерге қадам басуына үлкен мүмкіндік, болашақ жұлдыздардың бағын ашатын айтулы алаң. Өнер бәйгесі бүгінге дейін А. Жорабаева, Б. Исаев, В. Ступин, М. Сәдуақасова, Т. Серіков, А. Жүнісбеков сынды талай талантты танытты. Биылғы…
Шымкенттегі «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов облыс жастарымен кездестi. Шарада ақынның атақты шығармаларынан үзінділер оқылып, қаламгер өмірі, шығармашылық жетістіктері туралы қойылған жастардың сауалдарына жан-жақты жауап берді. Рухани шараға ұйытқы болған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мұндай кездесулердің жастар үшін берері…