×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Сапалы электр жарығымен қамтылады Избранное

Пятница, 12 Февраль 2016 06:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3503 раз

БИЫЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ «ҚАЙТПАС-1», «ҚАЙТПАС-2», «ЫНТЫМАҚ», «АҚНИЕТ» ШАҒЫНДАУДАНДАРЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР, «ЖАСТАР», «ЕЛАМАН», «ЗАСТЕННАЯ» ШАҒЫНАУДАНДАРЫНЫҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ. БҰЛ БАҒЫТТА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК «ДАМУ» КАРТАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ЖҰМЫСТАР ҮШІН БЮДЖЕТТЕН 1 МИЛЛИАРД 631,6 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛМАҚ.


DSC 0882Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі энергетика секторының меңгерушісі Нұрлан Жаманкөздің айтуынша, бір ғана «Қайтпас-1» шағынауданында тұрғындарды сапалы энергия көзімен қамту үшін 433,7 миллион теңге қаржы бөлініпті. Нәтижесінде, ондағы 2010 абонент, сонымен қатар, бастапқы жобаға енбей қалған 180 үй жоғары кернеулі электр жарығын тұтынуға қол жеткізбек. Биылғы жылға өтпелі жұмыстар шілде айының 1-жұлдызына дейін толығымен атқарылуы тиіс. Ол жұмыстарды «Реал-Билдинг» ЖШС-гі жүргізуде. Осы орайда, біз шағынаудан аумағында бағаналарды орнату ісін қарқынды түрде атқарып жатқан мердігер мекеменің бүгінгі жұмыс барысымен танысуды жөн көрдік. 

Шағынауданның Алтай көшесінде мердігер мекеменің қазіргі жұмысы қарбаласқа толы. Себебі, белгіленген мерзімде мекеме жұмысшылары барлығы 2600 бағананы толығымен орнатып шығуы тиіс. Күні бүгінге дейін оның 640 бағанасы қойылыпты. Жұмыс қарқынын арттыра түсу үшін мұнда мекеменің 18 жұмысшысы мен 2 жер бұрғылаушы, 2 бағана орнатушы техникасы жұмылдырылған.
– Күн сайын жұмысшылар орта есеппен 40-45 бағананы орнатып жатыр, – дейді мекеменің учаске басшысы Талғат Айтбаев. – Ауа райының қатқыл мінезіне де қарамастан, алдағы наурыз айына дейін осы жұмыс қарқынымен 1080 бағананы орналастырамыз деген жоспарымыз бар. Қандай да бір кезіккен қиындықтарға қарамастан, тұрғындар белгіленген мерзімде сапалы электр жарығымен қамтылады.
Ұзақ жылдар бойы электр жарығынан тапшылық көріп, тиісті орындарға шағым жасап келген көше тұрғындары бұл игі іске дән риза. Қуаныш сезімін жасырмаған Сабыр есімді азамат күні бүгінге дейінгі кедергілерден енді құтылатынын айтады.
– Бірер жыл бұрын үй ауласынан көлік жуатын орын ашқан болатынмын. Жарықтың жеткіліксіздігі себебінен, су шашатын құрылғылар толыққанды жұмыс жасай алмады. Амалсыздан, ток күшін жинайтын құралды да пайдаланып көрдім. Енді міне, жоғары сапалы электр энергиясы берілетінін біліп, бірқатар қиындықтарды еңсеретінімізге қуанып отырмыз, – дейді ол.
Сапалы электр жарығымен қамту бағытындағы межелі жұмыстар бүгінде «Қайтпас-2» шағынауданында да қарқынды түрде жүргізілуде. Ондағы міндеттерді «Қуат құрылыс» ЖШС-гі атқарып келеді. Мекеме басшысы Рашид Нұрмахановтың айтуынша, аталмыш жұмысқа 50-ден астам жұмысшы мен 8 техника жұмылдырылған. Мамыр айына дейін олар шағынауданда 44 трансформаторды орнату міндетін толығымен орындайтынына сенімді. Нәтижесінде, ондағы 2400 абонент сапалы электр жарығына толыққанды қол жеткізетін болады.