×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Көпір құрылысы аяқталуға жақын Избранное

Среда, 24 Февраль 2016 04:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4433 раз

Шымкентте Қапал батыр көшесінің бойындағы теміржол көпірі биыл толығымен пайдалануға берілмек. Бүгінде мұнда көпір көлемін ұлғайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба бойынша аталмыш нысанның көлемі 18 метрге дейін кеңейтілуі тиіс. Нәтижесінде, тоғыз жолдың торабында орналасқан көпір жолы көлік қозғалысын реттеуде айтарлықтай сеп болмақ.

kopir kapal

2014 жылдың қараша айында басталған көпір құрылысын «Береке-А» Корпорациясы» ЖШС-гі жүргізуде. Нысан құрылысын кестеден кешіктірмей, жүйелі атқару үшін мердігер мекеменің мамандары үздіксіз жұмыс жасап жатқанын айтады.

– Бүгінде нысанның 70 пайыз жұмысын аяқтап отырмыз,– дейді «Береке-А» Корпорациясы» ЖШС-нің бас инженері Тәңірберген Сүлейменов. – Шымкент қаласын Төлеби және Сайрам ауданының бірқатар елді мекендерімен байланыстыратын күре жол болғандықтан, көпір құрылысына жұмысшыларымыз аса жауапкершілікпен қарайды. Дегенмен, жұмысымыздағы қосымша қиындық сол – күнделікті кесте бойынша пойыздарды тоқтатып, электр қуатынан ажыратуға тура келеді. Олай етпесе 27 мың вольт кернеу арасында жұмыс жүргізу жұмысшының өмірі үшін аса қауіпті. Ал көпір астынан 23 теміржол өткелі өтеді.

Жаңа көпір құрылысы биыл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай пайдалануға беріледі деп күтілуде.