Ләйла Назарбайқызы Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Еңбек жолы» дәстүрлі байқауында «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша ІІ орын иегері атанды. Ол — «Адалдық пен жауапкершілік кез келген істі нәтижелі етеді» деген ұстанымды өмірлік қағидасына айналдырған жас логист.
Шымкент қаласындағы 12 базарда қайта құру және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Тағы 7 базарда осындай жұмыстар жалғасып жатыр.
Шымкент қаласының тың жоба ұсынған жастарына 1 миллион теңге қаржы табысталды. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов жеңісімен құттықтап, салтанатты түрде марапаттады.
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада алғаш рет мәйіт донорлығымен бауырға трансплантация жасалды. Операция 6 сағатқа созылған.
Анасының денсаулығы мен түрлі сыртқы факторлардың салдарынан мерзімінен бұрын дүние есігін ашып, Шалабай атанып жүрген сәбилер жетерлік.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының қауіпсіз жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар тұрақты түрде атқарылып келеді.
Шымкентте 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай «Smart student» сайысының жеңімпаздары марапатталды. Жоғары оқу орындарында өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға бағытталған сайысты қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырып отыр.
Шымкентте өткен тәулікте қар жауды. Осыған орай алғашқы қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандарының аумағындағы ішкі орам және орталық көшелер қардан тазаланды.
Қазақстандықтар 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Сайлаушылардың жалпы саны – 11 950 485 адам. Алайда дауыс беру науқанын сағат таңғы 06:00-де бастауға болады, алайда оны кешкі сағат сегізден кешіктіруге болмайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін 20 қараша күні Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жолаушылар тегін жүреді.